ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ЮНЕСКО мәртебесі тағы да төрт жылға ұзартылды

05.04.2023

Көрулер: 652

ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өтуде. Кездесуде Қазақстан және ЮНЕСКО-ның Орта мерзімді стратегиясын іске асыру (2022-2029) басым міндеттері бойынша презентациялар тыңдалып, ҚР Ұлттық комиссиясының қызметі, материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша ұлттық комитеттің қызметі, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра обьектлері туралы өзекті мәселелер қозғалды. ЮНЕСКО-ның ақпарат және коммуникация саласындағы ынтымақтастығы туралы шолуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының қызметі, жаппай ашық онлайн курстары жоғары бағаланды. Ұлттық комиссияның бас хатшысы Әлия Байсабаева ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының мәртебесі мен келісім-шартты Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтері 4 жылға созғандығын атап өтті. Бұл туралы жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Парижден ресми хат жолданды. Кафедра ЮНИТВИН бағдарламасының желісінде халықаралық ЮНЕСКО кафедраларымен тығыз ынтымақтастықта қызмет атқарады