Жалпы мәліметтер

ЮНЕСКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ МЕДИА КАФЕДРАСЫ – 

халықаралық журналистика мен PR саласында кәсіби мамандар даярлайтын жетекші орталық

Халықаралық журналистика кафедрасы жұмысын 1993 жылы бастады. Халықаралық журналистерді, шетелдік БАҚ-қа тілшілер, редакторлар, сондай-ақ елшіліктер мен өкілдіктердің ақпараттық қызмет мамандарын дайындады. Тұңғыш рет ағылшын тілінде оқытуға көшті, танымал отандық және шетелдік педагогтар сабақ берді.

1996 жылы құрылған ЮНЕСКО кафедрасы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ретінде факультеттегі мамандықтардың қалыптасуына зор үлес қосты. ЮНЕСКО-ның журналистика бойынша стандарттары факультеттің білім беру бағдарламасының негізін құрады.

2001 жылы БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы Қазақстан Республикасының медиалық ұйымдары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық қызмет салалары үшін қоғаммен байланыс, жарнама және БАҚ менеджменті бойынша мамандарға деген жоғарғы сұранысқа байланысты құрылды. 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы болып өзгертілді.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы БАҚ менеджменті және жарнама, халықаралық журналистика және ЮНЕСКО кафедраларының бірігуі жолымен 2011 жылы құрылды. Мұның өзі кафедраның ғылыми әлеуетінің күшеюіне және ғылыми-зерттеу жоо мәртебесінің бекуіне жәрдемдесті. Қоғаммен байланыс мамандығы FIBAA халықаралық акрредиттеу агенттігінен (Халықаралық бизнес басқаруды аккредиттеу қоры, Германия) академиялық сапа бойынша сертификат иеленген. 

5В051400 – «Қоғаммен байланыс», 6М051400 – «Қоғаммен байланыс», 6М051600 – «Халықаралық журналистика» мамандықтары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) және білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінің (НКАОКО) қорытындылары бойынша 2015-2018 жылдары үнемі бірінші орын иеленіп келеді.

Кафедра «Қоғаммен байланыс» и «Халықаралық журналистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.  

Бакалавриат

5В051400 – «Қоғаммен байланыс»

Магистратура

6М051400 – «Қоғаммен байланыс»

6М051600 – «Халықаралық журналистика»

Кафедра студенттерге, Қазақстандағы жас мамандарға PR-нарығындағы қазіргі трендтер туралы ақпарат беріп, жаңа технологияларды үйрету мақсатында дәстүрлі Күзгі, Көктемгі, Жазғы PR мектептер ұйымдастырып келеді.

Басшылық

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі филология ғылымының докторы, профессор Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары аға оқытушы Мамырова Күлайым Сейтнұрқызы

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс бойынша орынбасары доцент Губашева Дариға Тыныштыққызы

Кафедра құрамы

Кафедрада тәжірибелі әрі жоғары білікті тәлімгерлер болып табылатын жетекші профессорлар, ғылым докторлары, доценттер, ғылым кандидаттары, оқытушылар жұмыс істейді.

 

Кафедра миссиясы

Кафедра медиа нарығына, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік және бизнес-құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгерген және бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие құзіреттіліктерге және кәсіби машықтарға ие жоғары сыныпты мамандар — халықаралық журналистер, PR-менеджерлер, имиджмейкерлер, продюсерлер, баспасөз хатшыларын даярлауды қамтамасыз етеді.