Кафедра есебі

 

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, Әл-Фараби даңғылы, 71

Тел:. 8(727)3773333 ішкі. 19-42

Моб. +7 701 993 90 07

Кафедраның веб-сайты - https://www.kaznu.kz/kz/1206/page/ 

 

Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі

 

ЮНЕСКО-мен келісім-шартқа отырған уақыты – 1996 жыл, 14 мамыр

 

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы 1996 жылы құрылды


Кафедраның негізгі миссиясы – білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат арқылы бейбітшілік пен адамзат дамуына үлес қосу.

 

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы 1996 жылы 14 мамырда құрылды.

1991 жылы ЮНЕСКО Бас Конференциясының 26-шы сессиясында университетаралық ынтымақтастықты ынталандырудың тиісті тетіктері арқылы жоғары білімді нығайтуға бағытталған халықаралық іс-қимыл жоспары ретінде UNITWIN Кафедралық бағдарламасы / UNESCO кафедрасы бағдарламасын іске қосу туралы шешім қабылданды.

ЮНЕСКО мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ОРБИКОМ жүйесінде халықаралық ғылыми әріптестік негізінде ақпарат алмасу және тарату бойынша журналистика факультетінде ЮНЕСКО кафедрасын құру туралы келісімге қол қойылды.

1996 жылы ЮНЕСКО мен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті арасында ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасын құру туралы келісімге қол қойылды, оның I бабының 2 параграфында «... кафедра OРБИKOM бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін БАҚ және халықаралық ынтымақтастық саласындағы ЮНЕСКО жүйесінің бір бөлігіне айналуы тиіс» делінген.

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ және ЮНЕСКО арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде университетте OРБИKOM жүйесінде – ЮНЕСКО кафедраларының Дүниежүзілік ұйымында халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы ақпараты тарату және өзара алмасу мақсатында Орталық Азия мен Қазақстандағы БАҚ-ты тереңірек зерттеу бойынша ҚазМУ ғылыми мектебіне қолдау көрсету үшін қазіргі журналистиканың теориясы мен тәжірибесін зерттеу жөніндегі журналистика мәселелерін зерттейтін ЮНЕСКО кафедрасын ашу туралы Бұйрық шығарылды. Аталған келісімнің 4. тармағына сәйкес, ЮНЕСКО өз тарапынан кафедраның   материалдық-техникалық базасын (техникалық жарақтар, ұйым техникасы және офистің материалдық жабдықтары) ұйымдастыруға өзінің алғашқы үлесін қосты.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

1)               журналистика және коммуникация саласындағы білімді дамыту, тереңдету, оқыту, зерттеу жүргізу;

2)               бұқаралық ақпарат құралдары, коммуникациялық этика, зерттеу, оқыту, ақпараттық қызметтерін жетілдіру, жаңа технологияға қол жеткізу және енгізу;

3)            ОРБИКОМ жүйесінде ақпараттық алмасуға ықпал ету және халықаралық ғылыми серіктестікті нығайту;

4)            журналистика саласында ғылыми зерттеулер әзірлеу;

5)            ҚР ведомстваларының, халықаралық қорлар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу гранттарына қатысу;

6)            Журналистика саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарын шығару;

7)            шетелдік және отандық журналистермен, коммуникация саласындағы мамандармен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу;

8)            журналистика мен коммуникацияның маңызды мәселелері бойынша тренинг-семинарлар ұйымдастыру т.б.

            

Жоғарыда аталған міндеттер келесі нәтижелерге бағытталған:

1) студенттердің, магистранттардың, PhD-докторанттардың алынған ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу тәжірибесінде пайдалануы;

2) әзірленген оқу курстары мен бағдарламаларын студенттерді оқыту үшін оқу материалы ретінде қолдану;

3) халықаралық және ұлттық деңгейде ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы ЮНЕСКО-ның журналистиканы зерттеу кафедрасын одан әрі дамыту;

4) студенттерді оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, халықаралық ұйымдармен және шетелдік университеттермен байланысты кеңейту және нығайту;

5) жұмыс істеп тұрған БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заманауи журналистика және коммуникация саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді кеңейту.

1996 жылы ЮНЕСКО кафедрасын құру бойынша барлық дайындық жұмыстарын журналистика факультетінің деканы Юрий Алексеевич Крикунов жүргізді. 1996-2000 жж. ҚазҰУ журналистика факультетінің қызметкерлері мен Оклахома университетінің журналистика мектебінің оқытушылары арасында алмасу бағдарламасы ұйымдастырылып, жалғасын тапты. ЮНЕСКО кафедрасының алдағы жоспарларына халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, студенттерге, оқытушыларға және журналистерге арналған түрлі гранттық және тендерлік бағдарламаларға белсенді қатысу, конференциялар, семинарлар, тренингтер, қызықты адамдармен кездесулер, Қазақстан мен Орталық Азия журналистиканың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу кіреді.

2011 жылдан бастап Колумбия университетімен (Нью-Йорк, АҚШ) бірге MDP/Global Classroom Бағдарламасы жүзеге асып, жұмыс жасауда. Global Classroom жобасы бойынша Integrated Approaches to Sustainable Development Practice бағдарламасын меңгерген ҚазҰУ студенттері Колумбия университетінің сертификаттарына ие болды.

Кафедра БҰҰ, ЕҚЫҰ мен ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдіктерімен, Сорос Қазақстан Қорымен, Еуразия Қорының аймақтық өкілдігімен, Айрекс, Фулбрайт, америкалық білім беру Ассоциациясымен, Журналистика оқытушыларының еуропалық Ассоциациясымен (EJTA), АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей және т.б. ақпараттық агенттіктерімен, Қазақстан және шетелдік жарнама агенттіктерімен, компанияларымен іскерлік қатынаста.

ЮНЕСКО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (MTIJ) конференциясы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен медиа мамандарын жинайды. 2021 жылы сәуір айының бірінші онкүндігінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен бес тілде өткен және АҚШ, Гонконг, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстан және т.б. 9 елдің халықаралық қауымдастығының жүзден астам ғалымдарының, оқытушыларының, журналистерінің, қоғам өкілдерінің басын қосқан бесінші кездесу өтті.

ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы өкілі, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Бюросының директоры Криста Пикаттың атынан конференцияға қатысушыларды ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының Коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов құттықтады. Ол өз сөзінде қатысушыларға ЮНЕСКО әзірлеген, журналистерді даярлауға арналған оқу құралын ұсынды. Бұл шын мәнінде халықаралық стандарттарға сай заманауи журналистерді даярлау курстарына арналған дайын оқу бағдарламалары, силлабустар, әдістемелік әзірлемелер болып табылады.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Жаһандық коммуникациялар Департаменті Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек өз арнауында конференцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, құттықтады, БҰҰ-ның барлық елдерінің, атап айтқанда Қазақстанның тұрақты даму, адамзаттың гүлденуі мақсаттары үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ол журналистердің сапалы, дұрыс және тексерілген ақпарат берудегі маңыздылығы мен жауапкершілігін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстандағы бірден-бір ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Т. Шыңғысова оқу үдерісінде тұрақты дамуды ілгерілету бойынша тәжірибесімен бөлісті, журналистика факультетінің білім беру бағдарламаларында интеграциялық медиабілім берудің ұлттық моделін әзірлеу, халықаралық стандарттарды енгізу, медиалық-ақпараттық сауаттылық аспектілерін нығайту, БАҚ-тағы гендерлік теңдік пен тепе-теңдік, оқу материалдарын қазақ тіліне аудару бойынша кафедраның жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Академиялық әсер» БҰҰ жаһандық хабы бола отырып, біздің кафедра ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясымен, ИСЕСКО-мен, халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста. Біз Тұрақты даму мақсаттары үшін журналистік білім беруді дамыту бойынша сұхбатқа ашықпыз. Бұл конференцияның мақсаты – COVID-19 кезеңінде журналистік білім беру, қашықтықтан оқыту алгоритмдерін әзірлеу бойынша халықаралық кеңес беру болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу үдерісін серпінді түрде түрлендіруде, онлайн оқытудың қиындықтарына жедел ден қоюда оң тәжірибе жинақтап үлгерді», - деді Назгүл Тұрсынбайқызы.

Шетелдік ғалымдар: Огайо университетінің профессоры (АҚШ) Джатин Сривастава,   Колумбия университетінің Жер институтының профессоры (Нью-Йорк, АҚШ) Рафис Абазов, Кастамону университетінің профессоры, Түркі әлемі «Қолданбалы зерттеулер орталығының» директоры (Түркия) Хачи Ахмет Шимшек, Акдениз университетінің профессоры (Түркия) Суат Колукирик; философия ғылымдарының кандидаты, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің доценті (Мәскеу, Ресей) Лидия Малыгина, мәдениеттану философиясының докторы, Халықаралық кадрлар академиясының философия профессоры (Украина, Киев қ.) Надежда Лебедева өздерінің ахуалды пайымдауларымен таныстырып, заманауи білім беру мәселелерін шешудегі баға жетпес тәжірибелерімен бөлісті.

Тәрбиелік дискурстың негізгі мүдделі тұлғалары студенттер екені сөзсіз. Олар үшін университеттер оқу үдерісін, халықаралық рейтингтерді, технологиялық жабдықты, оқытушылардың құзыреттілігін және басқаларды жалықпай жетілдіреді. Сондықтан шетел университеттері студенттерінің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды: Мадияр Рахымжан (Платтсбург қаласындағы Нью-Йорк мемлекеттік университеті, АҚШ) және Мөлдір Шыңғыс (Гонконг мемлекеттік университеті).

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының сарапшысы Г.Х. Әженова мен Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің медиасауаттылық жөніндегі аймақтық кеңесшісі Гүлнәр Асанбаеваның баяндамалары дәстүрлі қызығушылық тудырды. Баяндамашылар журналистермен де, аудиториямен де жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Конференцияға қатысушыларға әртүрлі университеттердің ғалымдары бірлесіп жүргізген «Migration and Sustainable Development: challenge for political tool or opportunity for prosperity» атты халықаралық зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Бес сағатқа жуық уақытқа созылған конференция бір демде өтті, қатысушылар өздерінің тәжірибелері мен білімдерін, үйреншікті өмір салтын өзгертуден алған сезімдері мен медиа-технологиялар дамуының керемет жылдамдығын ынтамен бөлісті, проблемалар, жаңа жобалар, әдеттегі жұмыс алгоритмдерін өзгерту қиындықтары туралы айтты. Белсенді талқылаулар ешкімді бей-жай қалдырмады. Іс жүзінде ешқандай тілдік кедергі болған жоқ. Өткен жыл бізді дәстүрлі коммуникация форматтарына жаңаша қарауға мәжбүр етті және конференция барысында қатысушылар жинақтаған ұжымдық тәжірибе, бейнелеп айтқанда, сағатты тексеруге және даму траекториясын дұрыс таңдауға мүмкіндік берді.

https://aikyn.kz/129676/covid-19-pandemiyasy-zhagdayyndagy-zhurnalist/

https://www.kaznu.kz/kz/18932/news/one/24521/

 

«Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметтерінің гендерлік байланыстағы Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жариялаудағы әлеуетін арттыру» жобасы, 2019 ж., жоба жетекшісі, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Шыңғысова.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасымен серіктестікте Қазақстандағы «БҰҰ әйелдері» құрылымы 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында «БАҚ және Тұрақты даму мақсаттары» гендерлік байланыстағы Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қамтуда жергілікті БАҚ және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметтерінің әлеуетін арттыру бойынша оқыту семинарларын өткізуді қамтитын Жобаны аймақтарда – Орал және Қостанай облыстарында жүзеге асырды.

2019 жылдың 22 қазанында Орал қаласында «Жайық Пресс» медиахолдингінің базасында семинар-тренинг өтті. Тренерлер БАҚ және коммуникация, баспасөз қызметтері және ҮЕҰ тұрақты даму Күн тәртібін қалыптастыру үшін гендерлік саладағы білім, дағдылар мен машықтарды пайдалану келешегіне назар аударды.

Семинар-тренингке Орал облысының газет, радио, телеарналарының журналистері, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Шұғыла», «Ауыл айнасы», «Бөкей жаршысы Бөкеевские вести», «Ауыл тынысы», «Торғай жаршысы – Торғай хабаршысы», «Теректі жаңалығы – Теректинская новь», «Орал өңірі», «Приуралье»   газеттері редакцияларының бас редакторлары, «Қазақстан» РТРК өкілдіктері, облыстық радио, қала әкімдігінің баспасөз қызметі, «Арба» ҚБ қатысты.

2019 жылдың 29 қазанында Қостанай қаласында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке Қостанай облысы газеттерінің, радиостанцияларының, телеарналарының бас редакторлары, журналистері, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдар – Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы ҚБ өкілдері, оқытушылар, «Науырзым тынысы», «Сарыкөл», «Rydnyi media», «Қарасу өңірі», «Нұрлы жол», «Әулиекөл», «Біздің Торғай» газеттерінің редакциялары қатысты.

БҰҰ, «БҰҰ-Әйелдер», ЮНЕСКО материалдары мен жарияланымдарына сүйене отырып, тренерлер ТМД-ның пайда болу тарихын түсіндірді, жыныс пен гендер арасындағы айырмашылықты айтып, БАҚ-та осы тақырыпты жазудың дәстүрлі және жаңа құралдарын көрсетті, баспасөз релиздерін және басқа да ақпараттық материалдарды дайындауда гендерлік өлшемді қалыптастыру үшін ақпараттық түрткіні пайдалану әдістерін түсіндірді, жекелеген мақсаттарды салыстыру және оларды үнемі қарастырудың маңыздылығын көрсетті.

Барлық қатысушыларға «БАҚ және тұрақты даму мақсаттары» тренинг-семинарын өткенін растайтын сертификаттар беріліп, ең белсенділеріне БҰҰ Әйелдер ұйымының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кәдесыйлары табыс етілді.

Қорытынды сауалнама нәтижелері бойынша семинар-тренинг қатысушылары семинардың ұйымдастырылуы мен өткізілу деңгейін оң бағалады, осы саладағы өз мүмкіндіктеріне өзіндік баға берді, әлеуметтік желілерде хабарламалар жариялады және осы тақырып бойынша БАҚ-та материалдар жариялады.

                                                                            

https://ru.unesco.org/news/vuzy-i-smi-kazahstana-podderzhivayut-genderno-chuvstvitelnyy-podhod-v-zhurnalistike 

 http://ru.unesco.kz/universities-of-kazakhstan-and-mass-media-support-gender-oriented-approach-in-journalism

https://en.unesco.org/news/kazakhstan-universities-and-media-support-gender-sensitive-approach-journalism

http://en.unesco.kz/universities-of-kazakhstan-and-mass-media-support-gender-oriented-approach-in-journalism 

Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының жобасы: «Қазақстандағы гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламасын күшейту», 2018 ж., жетекшісі: кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шыңғысова Н.Т.

Жоба БАҚ арқылы гендерлік теңдіктің Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасы басым саласын және осы бағыттағы журналистика мамандығы оқытушыларының әлеуетін арттыруды қарастырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЮНЕСКО коммуникациялары кафедрасы журналистикадағы өндіріс пен білім берудегі стратегиялық гендерлік талдаудың негізгі аспектілерін қамтитын «Гендер және БАҚ» оқу бағдарламасының көрсетілімін жасады. Басты мақсат: ЮНЕСКО-ның журналистика бойынша оқу жоспары моделі (2017) негізінде Алматыдағы әл-Фараби кітапханасында Қазақстанның 15 жоғары оқу орнының оқытушыларына арнап екі күндік семинар-тренинг өткізу, қоғамдағы гендерлік мәселелердің ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары ұсынатын жаңалықтар мен басқа да материалдардың мазмұнымен таныстыру. Қатысу үшін үміткерлерді іріктеуді ерлер мен әйелдердің тең өкілдігінің қажеттілігін ескере отырып, тікелей қатысушы университеттер жүргізді. Семинар-тренингке қатысушылардың өкілдігіне журналистика кафедраларының меңгерушілері, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, еліміздегі журналистиканың оқу бағдарламаларына гендерлік теңдікті енгізуге көбірек ықпал ете алатын оқу үдерісінің менеджерлері кірді.

Жоба журналистика оқытушыларына әлемдік тәжірибеге сәйкес әйелдер мен ерлердің қоғамдағы рөлін дәстүрлі қабылдауды, гендерлік стереотиптерді және гендерлік бейімділікті азайтуға мүмкіндік берді. Семинар-тренингте ұсынылған гендерлік тепе-теңдікті ескере отырып, Қазақстан журналистерінің кәсіби дайындығы студенттерге гендерлік сезімтал БАҚ көрсеткіштеріне негізделген өзекті ақпаратты таңдау дағдыларын қалыптастыруы керек. Қазақстандағы журналистика факультеттері мен кафедраларының «Гендер және журналистика» курсын енгізу ниеті туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді.

http://ru.unesco.kz/kazakhstan-strengthening-curricula-on-gender-journalism

https://fr.unesco.org/events/kazakhstan-renforcement-du-programme-etudes-journalisme-genre

https://ru.unesco.org/events/kazahstan-usilenie-uchebnoy-programmy-po-gendernoy-zhurnalistike

 

          Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында IV Халықаралық көктемгі «Медиа және коммуникациялар Тұрақты даму жағдайында» атты бірлескен жобасы. Талдықорған, 2018 жылғы 27-28 сәуір.

Ұтқыр медиа мектебінің жұмысына аймақтық БАҚ журналистері, онлайн медиа веб-редакторлары мен контент-редакторлары, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, PhD докторанттары қатысты.

Көктемгі мектеп модульдері:

Модуль 1: МИГ және ақылды, тұрақты қалалар;

Модуль 2: МИГ және қалалардың цифрлық эволюциясы.

   Нәтижелері: Жеке және топтық практикалық сабақтар, сонымен қатар жаңа жобалардың тұсаукесері, пікірталастар, кәсіби кеңестер өткізілді.

http://bilim-all.kz/article/6934-IV-Halyqaralyq-RR-Koktemgi-mektebi-onirdegi-mediasauattylyq-zhuiesin-damytuga-arnaldy

http://www.kaznu.kz/RU/19686/news/one/15121/

 

ЮНЕСКО әлеуметтік желілеріндегі #MIL CLICKS қозғалысының қолдауымен Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының бірлескен жобасы, «БАҚ және коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» V халықаралық күзгі мектеп, Алматы, 2018 жылғы 29-30 қараша.

Күзгі медиа мектебінің жұмысына Қазақстан мен Қырғызстанның БАҚ өкілдері қатысты.

Күзгі мектептің мақсаты:

- медиалық және ақпараттық сауаттылық, ақпараттық теңдікке қол жеткізу мәселелері бойынша жаңа дағдылар мен құзыреттерді меңгеру;

- мақсатты аудитория үшін коммуникациялық стратегияларды әзірлеуде шығармашылық үдерістер мен зертханалық дағдыларды зерттеу;

- өз ісі мамандарының, масс-медиа саласындағы жетекші мамандардың дәрістерін тыңдау.

 http://vteme.kz/blog/v_mezhdunarodnaja_osennjaja_shkola_pr_media_i_kommunikacii_29_30_nojabrja_almaty/2018-11-23-845

http://www.kaznu.kz/en/17507/news/one/15145/

http://unaihub.kaznu.kz/?p=1580&lang=kz

 

2018 жылдың 5 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде гендерлік теңдікке арналған «БҰҰ моделі. Жаңа Жібек жолы» сериясынан бірінші студенттік баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шара гендерлік кемсітушілік тақырыбы ерекше өзекті болып отырған Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орайластырылды. Екі елдің студенттері өз жұмыстарын ұсынды: Қазақстан мен Үндістан. (Үндістаннан студенттер алмасу бойынша келді).

https://ru.qamshy.kz/article/v-kaznw-proshla-pervaya-stwdencheskaya-press-konferensyya-yz-seryy-model-oon.html

http://bilim-all.kz/article/6654

https://infourok.ru/user/1380862/blog/model-on-noviy-shelkoviy-put-46763.html

 

2018 жылғы 11 желтоқсанда БҰҰ-ның «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» қабылданғанына 70 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Мерейтойлық іс-шараны ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты.

Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар секторының маманы Арина Мясоед ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасына, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасына, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми ұжымына, БҰҰ-ның тұрақты даму секторындағы әріптестеріне жастардың мәселелері мен құқықтарына тынымсыз көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді. Бейнеконференция режимінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек сөз сөйледі. Ол БҰҰ-ның «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» 70 жылдық жұмысының ерекше маңыздылығын атап өтті.

         Нәтижелер: Дөңгелек үстелдің күн тәртібі өзекті болды, ол қатысушылардың қызығушылық танытқан және шабыттандырған сөздерінен көрініс тапты, сонымен қатар олар БҰҰ-ның «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» қағидаттарын жүзеге асыру жөніндегі БҰҰ қызметінің мәселелерін талқылауда да көрінді. Дөңгелек үстел жұмысы G-Global халықаралық коммуникациялық платформасында бір уақытта көрсетіліп, тыңдаушыларға онлайн режимінде қолжетімді болды. Талқылауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ, ЮНЕСКО, БҰҰДБ, Алматыдағы UNAI ұйымының басшылары мен өкілдері, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты.

https://academicimpact.un.org/ru/content/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%BD%D1%83-%D0%B8%D0%BC-%D0%B0%D0%BB%D1%8C-%D1%84%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B8-%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%BD%D1%83%D0%B5%D1%82-70-%D0%BB%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%B5-%C2%AB%D0%B2%D1%81%D0%B5%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B5%D0%B9-%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%B8-%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2-%D1%87%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BA%D0%B0-%D0%BE%D0%BE%D0%BD%C2%BB

http://www.kaznu.kz/RU/17507/news/one/15158/  

 

Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық апталығы (MIL) аясында «Тұрақты даму жағдайындағы медиа және коммуникация» III Халықаралық күзгі PR мектебі, 2017 жылғы 19-20 қазан.

Халықаралық күзгі мектеп қазақстандықтардың цифрлық жүйелерді пайдалану сауаттылығын, сондай-ақ білім беру мен медиа сауаттылықты арттыру жүйесіндегі жетістіктерге арналды.

Мектепке алыс-жақын шетелдерден (АҚШ, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан) бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеушілер, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, редакторлар, журналистердің кең ауқымы қатысты.

Күзгі мектептің мақсаты мен міндеттері:

- медиалық және ақпараттық сауаттылықтың Жаһандық апталығын атап өту;

- медиа мәселелері бойынша жаңа дағдылар мен құзыреттерді меңгеру және

ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық теңдікке қол жеткізу.

Күзгі мектептің негізгі модульдері:

Модуль 1: MIL және мәдени плюрализм

Модуль 2: MIL және мәдени конвергенция

Барлығы – 165 қатысушы: Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің студенттері, магистранттары, PhD докторанттары мен оқытушылары, республикалық және аймақтық БАҚ журналистері, онлайн медиа веб-редакторлары және контент редакторлары.

Нәтижелер: Қатысушылар медиалық және ақпараттық сауаттылық саласында жаңа көзқарас-тәсілдер әзірледі.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=45523

http://turkystan.kz/zhanalyktar/42321

http://kaztrk.kz/ru/news/portal/kommunikacii-v-celyah-ustoichivogo-razvitiya-iii-mezhdunarodnaya-osennyaya-pr-shkola-104565

https://kaztrk.kz/ru/news/portal/kommunikacii-v-celyah-ustoichivogo-razvitiya-iii-mezhdunarodnaya-osennyaya-pr-shkola-104565

http://kaztrk.kz/ru/news/portal/kommunikacii-v-celyah-ustoichivogo-razvitiya-iii-mezhdunarodnaya-osennyaya-pr-shkola-104565

http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/12069/

http://jasqazaq.kz/2017/10/26/tyrakhty-damu-kontseptsiyasy-adamzat-damuynyn-bolashagy/

2017 жылдың 12 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы және UNAI тұрақты даму жөніндегі жаһандық хабы БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігімен және БҰҰ-ның академиялық әсер ету бағдарламасына қатысушы университеттермен бірлесе отырып, «Бейбітшілік пен адам құқықтарын қамтамасыз етудегі бітімгершілік күштердің рөлі: Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Хартиясының 70 жылдығы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді, ол G-Global халықаралық коммуникациялық платформасында көрсетілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдері; Алматы қаласындағы консулдық және елшілік өкілдері; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер министрлігінің өкілдері, университеттің ғылыми қоғамдастығының өкілдері; UNAI бағдарламасының қатысушылары.

Нәтижелер: Күн тәртібінде БҰҰ бітімгершілік контингенті қызметінің өзекті мәселелері, адам құқықтары мен қауіпсіздігі мәселелерін шешудегі академиялық ықпал ету сияқты БҰҰ ұйымдарының рөлі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты дамуға қосқан үлесі, БҰҰ моделі – Орталық және Оңтүстік Азиядағы бейбітшілік пен адам құқықтарын нығайтудағы Жаңа Жібек жолы сияқты жастар құрылымдарының қызметі туралы мәселелер қаралды. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Бейбітшілік үшін әріптестік» орталығының өкілдері аймақтық қауіпсіздік проблемаларын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның БҰҰ қызметіне қолдау көрсетудегі рөлін талдады.

Талқылауға Алматыдағы шетелдік консулдықтардың өкілдері, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы бітімгершілік қызметінің соңғы тенденциялары мен жетістіктері талқыланды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне қолдау білдірілді.

http://elibrary.kaznu.kz/ru/calendar/2017/12/12

http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/12278/

http://www.kaznu.kz/RU/3/news/one/12242/

 

2017 жылғы 24-25 ақпан, Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің БҰҰ-ға қосылуының 25 жылдығына арналған БҰҰ – Жаңа Жібек жолы моделі конференциясы.

Бұл іс-шара төрт комитетте өткізілді:

United Nations General Assembly – “Nuclear Weapon Disarmament

United Nations Security Council – “The Republic of Kazakhstan as Non-Permanent Member

United Nations Economic and Social Council (ECOSOC) – “Climate Change and its Solutions

in Central Asia (SDG-13)

United Nations Environment Programme (UNEP) – “Scientific Development of Future Energy

Шараға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Италия, Франциядан келген студенттер қатысты.

 

   http://massaget.kz/blogs/21167/ 

ЮНЕСКО ӘРІПТЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

 

Оңтүстік-Оңтүстік және Солтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы аясында кафедра Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Ресейдің ЮНЕСКО кафедраларымен тығыз байланыста.

 

1. ЮНЕСКО-ның Алматы Кластерлік Бюросы http://ru.unesco.kz/about-unesco-almaty-cluster-office

2. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (ММУ), ЮНЕСКО-ның журналистика және бұқаралық коммуникация кафедрасы https://dianakulchitskaya.wixsite.com/mysite https://www.msu.ru/en/

3. Астрахань мемлекеттік университеті, ЮНЕСКО-ның оқудағы қоғам және әлеуметтік тұрақты даму кафедрасы https://asu.edu.ru/universitet/710-kafedra-unesko.html

4. Алтай мемлекеттік университеті, ЮНЕСКО «Трансшекаралық аймақтағы инновациялық білім беру» кафедрасы http://www.asu.ru/structure/admin_edu/upr_qualitatis/UNESCO/

5. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, ЮНЕСКО-ның «Медиа және ақпараттық сауаттылық және азаматтардың әлеуметтік өзгерістер мен мәдениетаралық диалог үшін медиа-білім беру» кафедрасы http://mpgu.su/sotrudnichestvo-s-yunesko/

6. М.Қ. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті, ЮНЕСКО-ның «Климаттың өзгеруі және жаһандану жағдайында Арктикалық аймақтардағы қоғам мен адамның бейімделуі» Халықаралық кафедрасы https://www.s-vfu.ru/universitet/rukovodstvo-i-struktura/instituty/unesco/

7. Ресей-тәжік (славян) университеті, Душанбе, «Қазіргі әлемдегі мәдениетаралық сұхбат» ЮНЕСКО кафедрасы (2004), https://www.rtsu.tj/ru/faculties/fakultet-istorii-i-mezhdunarodnykh-otnosheniy/kafedry /kafedra-unesco/

8. Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Ташкент, ЮНЕСКО-ның азаматтық және құндылық білім беру кафедрасы (1999), https://new.tdpu.uz/

9. Қырғыз-Ресей Славян университеті, Бішкек, ЮНЕСКО-ның мәдениет пен дінді зерттеу кафедрасы (1999), https://www.krsu.edu.kg /

10. Абай атындағы мемлекеттік университет, Алматы, ЮНЕСКО-ның білім берудегі ғылымдар және мұғалімдерді даярлау кафедрасы (1999), https://www.kaznpu.kz/ru/1945/page/

11. Неміс-Қазақ университеті, Алматы, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару бойынша ЮНЕСКО кафедрасы (2016), http://www.academic-waters.org/ru/institut-prirodnych-resursov/kafedra-unesco/

12. Нью-Йорк, АҚШ, Колумбия университеті https://www.columbia.edu/

13. Стамбул университеті, Түркия https://www.istanbul.edu.tr/tr/_

14. Корея, Ёнсе университетінің жаһандық және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту институты, https://www.globaldialog.ru/countries/korea/higher_education/yonsei-university/

15. Янош Кодолани қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия) https://www.kodolanyi.hu//

16. Латвия Республикасы, Туриба университеті, https://www.turiba.lv/lv

17. Атенс қаласы, Огайо университеті, https://www.ohio.edu /

18. Страсбург университеті https://en.unistra.fr/

19. Адам Мицкевич университеті https://amu.edu.pl/

20. МГУП, Ресей http://www.mgup.ru/

21.Еуразиялық Теледидар және радио академиясы, https://eatr.ru/

22. Түркия Журналистер Федерациясы http://www.tgf.com.tr/

23. Түркі әлемі журналистер федерациясы (Анкара)

https://nangs.org/news/world/dezorganizatsiya-turetskikh-gosudarstv-ankara-natselilas-na-kazakhstan

24. Mersin TV, https://canlitv.com/kanal-33

25. «Haberci» газеті, https://ru-ru.facebook.com/watch/168380033296097/

26. Ғылымды дамытудың халықаралық орталығы https://www.kaznu.kz/ru/20233/page/

27. «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ https://pk.uchet.kz/c/bin/141140008376/

28. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

https://nangs.org/news/world/dezorganizatsiya-turetskikh-gosudarstv-ankara-natselilas-na-kazakhstan

29. «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы

https://medianet.kz/?lang=ru

30. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» ҚҚ, https://open-almaty.kz/ru/content/centr-podderzhki-zhurnalistov-minber

31. «Internews-Kazakhstan», https://ru.internews.kz/  

 

2022-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиямен, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросымен, халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдарымен тығыз байланыста ғылыми, әдістемелік, білім беру және білім беру салаларында жұмыс істейді.

   ЮНЕСКО кафедрасы ЮНЕСКО және БҰҰ қамқорлығымен өтетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Сондай-ақ жас Қазақстанның саяси сәулетін қалыптастырудағы медиа ықпалдың негізгі факторларын, демократияның басымдықтары мен құндылықтарын жүйелеу және зерделеу мақсатында стратегиялық коммуникациялар саласында шетелдік ғалымдармен журналистика факультеттерінің білім беру бағдарламаларында медиабілім және медиасауаттылық аспектілерін нығайту саласында тұрақты сұхбат жүргізілуде.

   Кафедра 3, 4, 5, 8, 11, 15, 16, 17 тұрақты даму мақсаттары бойынша белсенді жұмыс істейді.

Кафедра келесі ғылыми бағыттар бойынша дамуда:

   • Журналистикада білім берудің ЮНЕСКО халықаралық стандарттары.

   • Халықаралық журналистика тұрақты даму факторы ретінде.

   • Медиа білім беру және ақпараттық сауаттылық.

   • Медиамәдениет және ақпараттық қауіпсіздік.

   • Тұрақты даму және азаматтық журналистика.

   • Журналистика бойынша білім беру бағдарламаларының гендерлік теңгерімді контенті.

   • Қазақстанның медиа саласындағы гендерлік сезімтал көрсеткіштері.

   • Халықаралық қатынастар климатын қалыптастырудағы әлемдік БАҚ.

   • Мәдениетаралық коммуникацияны ұйымдастырудағы халықаралық журналистика мүмкіндіктері.

   • Ұлттық және халықаралық заңнама шеңберіндегі халықаралық журналистика.

   • Әлемдік журналистикадағы технологиялық үрдістер.

Басым бағыттар: журналистиканың өзекті мәселелері, тұрақты даму, медиасауаттылық бойынша шеберлік сыныптарын, маусымдық мектептер, ғылыми семинарлар мен ғылыми конференциялар ұйымдастыру. БАҚ мамандарының, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарын жүзеге асыру. Қоғамды дамыту мақсатындағы заманауи бірлескен зерттеулер жүргізу үшін әлемдік ЮНЕСКО кафедраларының арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату жолындағы қызмет. Әлемдік жетекші ғылыми орталықтардың ғалымдарымен жемісті ынтымақтастық қызмет ете отырып, Орталық Азия аймағындағы университеттер желісін дамытуға ықпал ету. Өркениет, мәдениет және халықтар арасындағы диалог құрудағы БҰҰ, ЮНЕСКО принциптері мен бастамаларын дамыту. БАҚ дамуы саласындағы тұрақты даму, журналистика және медиа білім беру бойынша ірі жобалар орындау.

 

НЕГІЗГІ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР:

2022 ж., 10 наурыз. UNESCO/ МПРК курстары негізіндегі «Журналистерге білім беру және даярлау платформасы» МПРК жобасы аясындағы ашық онлайн курстардың тұсаукесері. COVID-19 пандемиясына жауап ретінде вебинарда ЮНЕСКО және Техас университетінің Найт орталығы әзірлеген екі жаңа ауқымды онлайн курстар көрсетіледі.

2022 ж., 1-5 наурыз. Гендерлік теңдік, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою, Орталық Азиядағы әйелдердің құқықтарын кеңейту саласындағы әлеует пен білімді арттыру тренингтері.

2022 ж., 7 сәуір. Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық журналистиканы оқыту стандарттарына арналған «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

2022 ж., 24-28 қазан. Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық апталығы (MИГ) аясындағы V Халықаралық күзгі мектеп.

Күзгі мектептің мақсаты мен міндеттері:

- Медиалық және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығын атап өту;

- медиалық және ақпараттық сауаттылық мәселелері бойынша жаңа дағдылар мен құзыреттерді меңгеру және ақпараттық теңдікке қол жеткізу.

2023 ж., 23-27 қазан. Жаһандық медиалық және ақпараттық сауаттылық апталығы (MИГ) аясындағы VI Халықаралық күзгі мектеп.

2023 ж., 14-18 қараша. «MедиаТМД» журналистерге білім беру және даярлау платформасының валидациясы бойынша вебинар.

2023 ж., 7 сәуір. Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық журналистиканы оқыту стандарттарына арналған «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Қазақстандағы БҰҰ- Әйелдер Жобасы, 2022 ж.

Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасы Жобасы БҰҰ/ ЮНЕСКО, 2022 ж.

«Жас журналистер мектебі» әлеуметтік жобасы, 2022-2023 жж.

 

КАФЕДРАНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАҚ-ТА ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

 

«MeдиаТМД» журналистерді оқыту және оқыту платформасын бекіту бойынша вебинар

2022 жылғы 10 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ЮНЕСКО/МПРК курстарына негізделген МПРК-ның «Журналистерді оқыту және даярлау платформасы жобасы» бойынша төрт жаппай ашық онлайн курстарын (МООК) әзірлеуді бастайды:

   • Журналистердің қауіпсіздігі курсы

   • Климаттың өзгеруі мен тұрақты даму тақырыбын жазу

   • Жанжалды-сезімтал журналистика

   • БАҚ-та әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты көрсету

Вебинар МООК және ЮНЕСКО оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін 19 журналистика ЖОО-лары әлеуетін арттыруға және Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы журналистика факультеттері арасындағы әріптестік пен желілерді орнату мен дамытуға бағытталған.

COVID-19 пандемиясына жауап ретінде вебинарда ЮНЕСКО және Техас университетінің Найт орталығы әзірлеген екі жаңа ауқымды онлайн курстар көрсетіледі.

Ресурстар

   • Zoom үшін осы жерде тіркеліңіз.

   • Сөз бостандығын ілгерілету үшін даму әріптестермен жұмыс істеу (EN)

   • Халықаралық коммуникацияны дамыту бағдарламасы (EN)

 

http://ru.unesco.kz/webinar-on-validation-of-the-mediasdg-journalism-education-and-training-platform

http://www.sonnoktahaber.com/dunya/pandemi-surecinde-uzaktan-egitim/6724/

http://www.sonnoktahaber.com/dunya/kazakistan-cumhuriyeti-bagimsizliginin-30-yildonumu-konulu--kompozisyon-yarismasi/6826/

 

ЮНЕСКО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЭПИЗОДТАРЫНДАҒЫ ОҚИҒАЛАР

            Кафедра құрылған 1996 жылдан бері Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен тығыз байланысты жұмыс істеп келеді.

Кафедра құрылғаннан бері ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросымен тұрақты байланыста. 2020-2021 жылдар аралығында кафедра Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының директоры Криста Пиккаттан, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы С.А.Карповтан, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының маманы Арина Мясоедтен және қоғамдық ақпарат департаментіндегі Властимил Самектен тұрақты кеңестер алып келеді. Барлық дерлік мәселелер ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиямен және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросымен бірлесе отырып шешіледі.

Кафедра биыл БҰҰ/ЮНЕСКО Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының жобасын екінші рет ұтып алды. 2019 жылғы жобада республикалық ЖОО профессор-оқытушылар құрамына гендерлік журналистика бойынша семинар-тренингтер өткізсе, биылғы 2022 жылғы жобаның мақсатты аудиториясын Орта Азия елдерінің қатысушылары құрады (журналистер, оқытушылар және ҮЕҰ өкілдері). Биылғы жоба аясында университет платформасында сапалы журналистік білім саласында халықаралық стандарттарды қолдану үшін ашық онлайн-курстар әзірлеп, орналастыру көзделуде.

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту моделдері» (МТIJ) атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп келеді. Жыл өткен сайын конференция аясы кеңейіп, алыс-жақын шетелдерден көптеген ғалымдар, практик журналистер, ҮЕҰ өкілдері қатысып, тұрақты даму мақсатындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, пікір алмасады. Бұл дәстүрлі конференция 2016 жылы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімімен бірлескен шешім нәтижесінде тұңғыш рет өткізіліп, Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының құрылуының 20 жылдығымен тұспа-тұс келген еді. Содан бері ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов өз баяндамасында қатысушыларды «Еркін пікір білдіру саласындағы жаһандық тенденциялар және бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы», «Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделі» т.б. ЮНЕСКО-ның құжаттарымен таныстырып келеді. 2021 жылғы конференцияда да Сергей Карпов ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілі Криста Пиккаттың атынан құттықтау сөз сөйлеп, ЮНЕСКО-ның журналистерге арнап дайындаған оқу құралымен таныстырды. ЮНЕСКО-ның білім саласындағы ресурстары тұрақты даму мақсаттарымен үйлесіп, халықаралық стандарттарға сай көкейкесті тақырыптарға негізделіп, заманауи журналистерді даярлауды көздейді.

Кафедра тұрақты дамудың 3, 4, 5, 8, 11, 15, 16, 17 мақсаттары бойынша жұмыстар атқарады. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен кафедра маусымдық мектептер өткізіп келеді. Күзгі мектеп ЮНЕСКО-ның жаһандық медиаақпараттық апталығына сәйкес өткізіледі. Маусымдық мектептерде тұрақты даму мақсаттарының 4, 16, 17 мақсаттарына орай республикалық танымал практик-мамандар, мемлекеттік органдардың, коммерциялық мекемелердің, консалтингтік құрылымдардың жетекшілері, Еуропа, АҚШ, Ресей, Түркия елдерінің профессорлары, мемлекеттік және қоғамдық сыйлықтардың лауреаттары жас журналистерге семинар-тренингтер өткізеді.