Ғылыми жобалар мен зерттеулер

- ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның қолдауымен ЮНЕСКО кафедрасы “Алматы 10 + : азаматтық қоғам, еркін баспасөз және этика” атты “дөңгелек үстел” өткізді. Оған журналистің құқықтары жөніндегі жетекші мамандар мен сарапшылар, алыс шетелдің, Ресейдің, Орталық Азияның, атап айтқанда Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның БАҚ саласын зерттеуші ғалымдары, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің пресс-аташесі қатысты.
- ЮНЕСКО-ның Пекиндегі Кеңсесі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында Баян-Өлгей аймағынан (Монғолия) төрт студентті университеттің журналистика факультетінде оқыту туралы екіжақты келісімге қол қойылды.