Кафедра тарихы

 

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация  кафедрасы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алу мақсатына байланысты БАҚ менеджменті және жарнама, халықаралық журналистика және ЮНЕСКО кафедраларының бірігуі жолымен 2011 жылы құрылды. Кафедра «Қоғаммен байланыс» және «Халықаралық  журналистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Құрылған күнінен бастап кафедра жетекші шетел университеттерімен, елшіліктер мен дипломатиялық қызметтер қызметкерлерімен, бұқаралық коммуникация және қоғаммен байланыс практиктерімен тығыз нытымақтасып келеді. Оқу үдерісін ұйымдастыру әлемдік білім беру стандарттары бойынша жүргізіледі.

Кафедра Қазақстандағы  БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЮНЕСКО өкілдіктерімен, Сорос-Қазақстан Қорымен, Евразия, Айрекс, Фулбрайт Қорларының аймақтық өкілдіктерімен, журналистика факультеттерінің америкалық Ассоциациясымен, АҚШ, Қытай, Түркия, Ресей және т.б. елдердің ақпарат агенттіктерімен, Қазақстанның және шет елдердің жарнама агенттіктерімен жанды байланыс жасауда.

Кафедра ұйымдасқан кезде оның меңгерушісі «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша РОӘК кеңесінің мүшесі, доцент, филология ғылымының кандидаты  А.А. Ниязғұлова (2011, қыркүйек - 2013, тамыз) болды. 

2013 жылғы қыркүйектен кафедраны ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» (2011) грантының иегері, «Қазақстандағы PR және БАҚ» басылымының редакциялық кеңес мүшесі, «ҚазҰУ Хабаршысы, Журналистика сериясы» (Қазақстан) ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі, ҚР БҒМ РОӘК журналистика және баспа ісі бойынша комиссиясының «Қоғаммен байланыс» қосалқы секциясының төрайымы, Германиядағы, Нидерландтағы, Франциядағы, Польшадағы, Түркиядағы бірқатар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысушы, 300-ден астам ғылыми мақалалардың,  «Өңірлік мерзімді баспасөздің өзекті мәселелері» монографиясының,  «Журналистика социологиясы» оқу құралының, 2013 жылы – «Іскерлік қатынас ережелері пәнін оқытудың технологиясы» (3 б.т.) оқу-әдістемелік құралының, 2014 жылы – «Өңірлік мерзімді баспасөздің менеджменті және маркетингі» (15 б.т.) оқу құралының, 2015 жылы – «Өңірлік мерзімді баспасөз және ұлттық идея (13 б.т..) оқу құралының, «PR-дың теориясы мен практикасы», «Қазақстандағы қоғаммен байланыстың ерекшеліктері», «Глоссарий по журналистике и PR» басылымдарының авторы, филология ғылымының докторы, профессор Шыңғысова Н.Т. басқарып келеді.

Н.Т. Шыңғысова журналистика, қоғаммен байланыс, әлеуметтанушылық зерттеулер саласы бойынша ғылыми жұмыстардың авторы. 1999 жылы  оның «Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы» (11 б.т.) оқу құралы жарық көрген. «Қазақ журналистикасы» 3 томдығының авторы болып табылады.

Медиалық білім беру, жарнама және PR технологиялары, бұқаралық коммуникация мәселелері Н.Т.Шыңғысованың зерттеу саласы болып табылады. Бірқатар халықаралық  сертификаттардың иегері Н.Т.Шыңғысованың жетекшілігімен студенттер мен магистранттар PR-шы Клубының  республикалық студенттік форумдарында (2005-2016 жж.) жүлделі орындарды иеленді.

Н.Т. Шыңғысова ғылыми-зерттеу, педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметті жемісті ұштастырып келеді. Факультет пен университеттің өміріне белсене араласады. Көп жылдар бойы қоғамдық жұмыстармен айналысуда, әр жылдары факультеттің кәсіподақ комитетін басқарды, РБСО мүшесі, СҒЗЖ және жас ғалымдар кеңесінің  төрайымы болды.  

Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс бойынша орынбасары PhD аға оқытушы Әлімжанова А.Б. тәжірибелі маман, білікті ұстаз, бірқатар халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысушы, салалық басылымдарда, баспасөзде  жарияланған ғылыми мақалалардың,  публицистикалық туындылардың авторы.

Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары  оқытушы Иманова А.С. тәжірибелі маман, білікті ұстаз, бірқатар халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысушы.

 

1000-нан астам мақалалар мен кітаптардың авторы, «Зияткерлік еңбек әйелдері одағы» ҚБ төрайымы, Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮҰАК) Алматыдағы «Әріптес» Конфедерациясының Алматы президенті,  ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ДООН, МОТ ИПЕК халықаралық жобаларының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің мүшесі, еңбекші әйелдер мәселелері бойынша комиссияның төрайымы, ҚР МТСЗН жанындағы ЕФДТ-мен күрес жөніндегі Ұлттық Үйлестіру Кеңесінің мүшесі, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті жанындағы ҮЕҰ Кеңесінің мүшесі, Алматы қ. әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара байланыс жөніндегі Алматы қалалық кеңесінің мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы ҮЕҰ Кеңесінің мүшесі,  ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» (2010) грантының иегері, тарих ғылымының докторы  Ахметова Л.С. кафедраның жетекші профессоры болып табылады.

Ғалия Жүнісқызы Ыбыраева — кафедра профессоры, саяси ғылым докторы,   ҚР саяси ғылымдар академиясының академигі (1997), ҚР Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі  (2000), журналистика және коммуникация саласында белсенді ғылыми жұмыс жүргізіп келеді. Ол  «Медиа және коммуникация» (2005) орталығының директоры,  Инновациялық Медиа зертханасын басқарады. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тұрақтылық жөніндегі UNAI хабының директоры. 2015 жылы  Самсунг Инновациялық Академиясын ұйымдастырды, 2017 жылы Smart Class Samsung-ты және жас зерттеушілерге арналған ғылыми зертхананы құрды.

           Ол «Media of World» халықаралық журналының редакциялық алқа мүшесі, NAMMI, IAMCR, AMIC, CESS сияқты журналистік ғылыми ассоциациялар Кеңесінің мүшесі,  1992 жылдан Дж.Картер атындағы теледидар саясаты бойынша Комиссияның мүшесі. 100-ден астам ғылыми мақаласы бар. Ол МакАртур (1996) қоры грантының, ЮСАИД, Mobil (1995, 2000) гранттарының иегері. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» (2006, 2016) Мемлекеттік грантын екі мәрте иеленді, «Үздік жас ғалым» ҚР мемлекеттік грантын (2002) алды, ҚР ЖО журналистика бойынша үздік оқулығы сыйлығының (2002) иегері болды. 

Кафедра профессорының міндетін атқарушы, қоғаммен байланыс бойынша практик-маман Ж. Бекболатұлы 1990 жылдардың орта тұсынан жұртшылықпен байланыс саласында жұмыс істеп, «Тұранбанк» және «ТұранӘлемБанк» акционерлік банктерінің баспасөз қызметтерін басқарды,  Алматы облысы Әкімінің баспасөз хатшысы, Алматы қаласы ақпарат басқармасының бастығы,  ҚР Қаржы қадағалау агентігінің баспасөз хатшысы болды.  Қоғаммен байланыс және жарнама жөнінде қазақ тілінде алғаш рет «Жұртшылыкпен байланыс» (2008), «Жарнама негіздері» (2008), «PR және жарнама» (2010), «Қоғаммен байланысқа кіріспе» (2013), «Жарнама өнері» (2013), «Ел брендингі» (2013) оқу құралдарын жарыққа шығарды. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ доценті бола жүріп,  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польшада  ғылыми тағылымдамадан өткенде  ПР Сыртқы істер министрлігінде халықаралық журналист ретінде тіркеуден өтіп, «Экономика» газетінде материалдар топтамасын жариялады. Польша-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп Палатасының «Raport gospodarczy» («Экономикалық бюллетень») журналының жұмысшы тобының мүшесі, республикалық  «Терминология және аударма» - «Terninology and translation» журналының редакциялық кеңесінің  және республикалық «Теңге Монитор» газеті редакциялық алқасының мүшесі болып табылады.

 Кафедраның профессор-оқытушы құрамы факультеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласуда. Филология ғылымының кандидаты, доцент Дудинова Е.И. үш оқу құралы мен монографияның, сыртқы саяси насихат, халықаралық және кроссмәдени коммуникация, журналистік этика және деонтология мәселелері бойынша 100-ден астам мақаланың авторы,  «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша кәсіптену және элективтік пәндер Каталогының әзірлемешісі,  «2010 жылғы ҚазҰУ үздік оқытушысы» атағының иегері.  Доцент, филология ғылымының кандидаты   Рожков А.В. медиасфера және PR, коммуникативистика бойынша 100-ден астам  ғылыми жарияланымның, жарнама және қоғаммен байланыстың өзекті мәселелері бойынша оқу құралдарының авторы.  Филология ғылымының кандидаты, доцент Негізбаева М.О. 100-ден астам ғылыми мақаланың, төрт оқу құралының, 1 әдістемелік құралдың және «Рекламные и PR-коммуникации в журналистике Казахстана» монографиясының авторы, журналистика факультетінің әдістемелік бюросының Төрайымы,  «Журналистика» мамандығы бойынша эксперименттік бағдарламаның әзірлемешісі, ҚР БҒМ РОӘК журналистика және баспа ісі бойынша комиссиясының «Қоғаммен байланыс» қосалқы секциясының мүшесі, ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» (2012) грантының иегері болып табылады.

Факультеттің дамуына сондай-ақ ф.ғ.к., доцент Мысаева Қ.Н.,  ф.ғ.к., доцент Тілепбергенова А.А.,  филос.ғ.к., доцент Жетпісбаева М., ф.ғ.к.,  аға оқытушы Нұржанова Ш.С., PhD доктор аға оқытушы Алимжанова А.Б. аға оқытушы А.Сәдуақасов, аға оқытушы Шаймаран М.,  аға оқытушы Әшірбаев Б. үлкен үлес қосып келеді.

Кафедраның кәсіби ұжымының қызметі білім беру жүйесін жаңғыртуға, бұқаралық ақпарат коммуникациясы және PR саласы бойынша болашақ мамандарды оқыту үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған. 

Практикалық сабақтарды халықаралық журналистика және PR саласындағы кәсіби мамандар жүргізеді, мұның өзі теориялық білімді игеруге және практикалық дағдыларды меңгеруге жәрдемдесіп, оқыту тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Магистратураның ағылшын топтарында сабақты Колумбия университетінің профессоры Р. Абазов, профессор, с.ғ.д. Ыбыраева Ғ.Ж., доценттер Губашева Д.Т., Оразбекова З.С., PhD доктор Скрипникова Н.И. және т.б. жүргізеді.

 

Негізгі білім беру векторлары:

Ғылыми-инновациялық салада:

әлемдік рейтингтік университеттердің имидждік саясатын зерттеу және зерделеу нәтижелерін енгізу;

- әл-Фараби ат. ҚазҰУ дамуының имидждік саясаты бойынша кеңестер беру және жаңа инновациялық технологиялар негізінде енгізу;

- жоғары рейтингі бар журналдарға жарияланымдар шығару;

- БАҚ-та жарнамалық материалдар әзірлеу жөнінде студенттік бизнес-инкубатор құру;

- халықаралық БАҚ-та, PR-агенттіктерде, мемлекеттік құрылымдардың баспасөз қызметтерінде практика базаларын құру және т.б.

Білім беру саласында:

- «Қоғаммен байланыс», «Халықаралық журналистика» мамандықтары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын жасау, маманданулар ашу және жаңа пәндерді енгізу;

-  «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратурада қос дипломдық білім беру бағдарламаларын жасау;

- «Қоғаммен байланыс» мамандығы саласында оқытудың инновациялы сандық  және интерактивтік технологияларын жасап, оқу үдерісіне енгізу.

Кафедра студенттерге және  магистранттарға арналған академиялық ұтқырлық бойынша және оқытушылардың біліктілігін арттыру жөнінде жетекші шетелдік оқу орындарымен бірқатар келісімдерге отырды:

  1.  Вайоминг университеті (АҚШ);
  2.  Огайо университеті(АҚШ);
  3. Стамбул мемлекеттік университеті (Түркия);
  4. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей);
  5. А. Мицкевич ат. университет (Польша);
  6. Халықаралық журналистика университеті (АҚШ);
  7. Пенза федералдық университеті (Ресей);
  8. Теледидар және радиохабар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты (Ресей);
  9. Еуразия Халықаралық теледидар және радио академиясы;

10.  М.Ұлықбек ат. Ташкент мемлекеттік университеті (Өзбекстан).

Магистранттар мен Ph.D докторларын даярлау ауқымында АҚШ, Ресей, Австралия, Германия, Польша, Швеция ғалымдары тағылымдамалар, тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізеді.

 «Қоғаммен байланыс» мамандығының студенттері мен магистранттары шетелдік профессорлар дәрістерін тыңдап, олардан практикалық дағдылар үйренеді: «Шетелдік ғалымдарды шақыру» бағдарламасы аясында төмендегі шетелдік профессорлар жұмыс істеп, дәрістер оқыды:

  1. Абазов Рафиз,  Колумбия университетінің профессоры (АҚШ);
  2. Холтхаузен Дерина,  Оклахома университетінің (АҚШ) бұқаралық коммуникация мектебінің профессоры әрі директоры;
  3. Самойленко Сергей, Джордж Мэйсон университетінің профессоры (АҚШ);
  4. Айдемир Окай,  Стамбул университетінің профессоры (Түркия);
  5. Мажейка Кипрас, Кино және теледидар академиясының профессоры (Ресей);
  6. Моулд Дэвид, Огайо университетінің профессоры (АҚШ);
  7. Бэккер Роман, Н. Коперник ат. университеттің профессоры (Польша);
  8. Тюфекчиоглу Хаяти, Стамбул университетінің профессоры (Түркия);
  9. Менжун Вероника, Халықаралық ақпараттық  технологиялар  университетінің профессоры (Швеция);

10. Гладней Джордж,  Вайоминг университетінің профессоры (АҚШ);

11. Калианго Юсуф, Огайо университетінің профессоры (АҚШ);

12. Корконосенко Сергей, Санкт-Петербург университетінің профессоры (Ресей);

13. Мельник Галина, Санкт-Петербург университетінің профессоры (Ресей);

14.  Алиханов Бобур, Ташкент университетінің профессоры  (Өзбекстан);

15.  Ерназаров Кудрет,  Ташкент университетінің профессоры (Өзбекстан);

16. Лиховая София, Киев университетінің профессоры (Украина);

17.  Ковтун Алексей,  НАТО мектебінің профессоры (Украина);

18.  Шестаков Дмитрий, Санкт-Петербург университетінің профессоры (Ресей);

19. Майкл Браун, Огайо университетінің профессоры (АҚШ).

20. Шахира Фагма, Аризона университетінің профессоры (АҚШ).

21. Ханс Мейер,  Огайо университетінің профессоры (АҚШ).

22. Калианго Юсуф, Огайо университетінің профессоры (АҚШ).

23. Айдемир Окай, Стамбул университетінің профессоры (Түркия).

  1. Эми Эдменсон,  Огайо университетінің профессоры (АҚШ).

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы бүгінде:

– өз ісіне берілген кәсіби оқытушылар командасы болып табылады,

–баспасөз қызметтері мен баспасөз орталықтарының болашақ басшылары, PR-кеңесшілер, жарнама мамандары мен халықаралық журналистер – белсенді де  креативті, көпшіл студенттер білім алады, 

– инновациялық оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы белсенді жүргізіледі,

– Студенттік баспасөз Орталығы, «Media Innovation Lab» ғылыми Орталығы, «Newsroom», «PR клубы», «Global communication», «Баспасөз хатшылары клубы», «PR мектебі», «Жас көшбасшылар мектебі»,  «InterPRess», «Конвергенттік  журналистика», «Жас кәсіподақ көшбасшылар мектебі»  т.б. студенттік клубтар жұмыс істейді.

– «Мүшайра» республикалық жас ақындар сайысы, «Үздік PRоект» креативті идеялар мен жобалардың республикалық студенттік байқауы, республикалық үздік PR-жобалар конкурсы, мектеп оқушыларына арналған «Өзіңе өзің режиссерсің», «Үздік шығарма» байқаулары өткізіледі.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі

Кафедраның әдістемелік стратегиясы бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда, олардың ішінде жас оқытушылар мен студенттердің шет елдерде тағылымдамадан өтуі мен білім алуын ұйымдастыру, ағылшын тілінде оқыту, шетелдік профессорлардың дәрістерін ұйымдастыру және т.б. бар.

Факультеттің әлеуметтік маңызды әрі ауқымды шараларына ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ авторлар, модераторлар, спичрайтерлер, фотографтар, редакторлар, PR-кеңесшілер, халықаралық журналистер және басқа мамандар ретінде тартылатын студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен лабораториялық және практикалық сабақтар арнайы мамандандырылған оқу Баспасөз орталығында өткізіледі. 2011 жылдан бастап Колумбия Университетімен (Нью-Йорк, АҚШ) MDP/Global Classroom бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Global Classroom жобасы бойынша Integrated Approaches to Sustainable Development Practice бағдарламасын меңгерген ҚазҰУ студенттері Колумбия университетінің сертификатын иеленді.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі 

Кафедра ғалымдары ғылыми зерттеулер жүргізуде, халықаралық деңгейде  инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысында мәдениетаралық ғылыми коммуникация: ғылыми конференцияларды ұйымдастырып, өткізу, профессор-оқытушылар құрамының жоо-лар, ғылыми орталықтар ұйымдастырған түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуы маңызды орын алады. Кафедра жыл сайын  «Қазақстандағы PR және БАҚ» ғылыми зерттеулер жинағын шығарып отырады. Студенттер мен магистранттар белсенді тартылған іргелі ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. 2018 жылы  профессор Н.Т. Шыңғысова ЮНЕСКО/БҰҰ коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының жобасын жүзеге асырды. Ғ.Ж.Ыбыраева 8 ғылыми жоба жүргізуде, оның 4 – халықаралық (АҚШ, Финляндия, Норвегия, Австралия-Чили, Израиль — Ж.Зеландия және т.б.) 3 – ТМД елдерімен (Ресей, Ломоносов ат ММУ, Санкт-Петербург университеті, Экономика жоғары мектебі ҒЗИ, БелМУ және т.б.)  Мысаева қосу

Кафедра халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде, академиялық ұтқырлықта, әлеуметтік әріптестікті дамытуда жетістіктерге жетуде.  Кафедра  Оклахома университетімен, Вайоминг университетімен (АҚШ), Аризона университетімен (АҚШ), Стамбул мемлекеттік университетімен (Түркия), А. Мицкевич ат. университетпен және  Николай Коперник университетімен (Польша Республикасы), Пенза университетімен (Ресей Федерациясы) және т.б. ынтымақтасуда. Ынтымақтастық, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы бойынша келісім-шарттарға қол қойылған. 2011 жылдан бастап оқу траекториялары бойынша бакалавриат пен магистратурада Еуропа, АҚШ, Азия және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары мен білім беру орталықтарының 40-тан астам профессорлары дәрістер оқыды.

 

Кафедраның ЮНЕСКО бағытындағы халықаралық байланыстары:

 

ž М. Ломоносов атындағы ММУ-дың журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

ž Экология жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы – Израиль

ž ЮНЕСКО кафедрасы – Страсбург, Франция

ž ЮНЕСКО кафедрасы – Вернадский, Украина

ž Мәдениет университеті – Стамбул, Турция

ž Легионово мұражайы – Варшава, Польша

ž Қырғыз-Ресей Славян университетінің әлемдік мәдениет пен діндерді зерттеу жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

 

Қазақстан

 

ž Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО  және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы

ž  ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы

ž ЮНЕСКО-ның ассоцияцияланған мектептері

ž Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

ž Шығыстану институтының «Руханилық және ғылым» ЮНЕСКО кафедрасы

ž Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

 

Халықаралық ұйымдармен жұмыс:

 

ПРООН, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры,  БҰҰ Әйелдері,  ДООН, ХЕҰ,  ИПЕК ХЕҰ, МКП, МКП-ВЕРС, Әйелдер желісі, ЭКПАТ, ҚР АҚШ Елшілігі, Интерньюс, Медианет халықаралық журналистика Орталығы т.б.

 

 

Практика

Дәріс оқу үшін Қазақстанның жетекші БАҚ-тарының белгілі журналистері мен басшылары,  PR  және жарнама практиктері — мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметтерінің,  PR-бөлімдердің, жарнама агенттіктерінің, жекеменшік компаниялардың және қоғамдық қорладың басшылары шақырылады. Олар қоғамдық пікірді, саяси имиджді қалыптастыру, сайлау алды науқандарын өткізу тәжірибесімен және машықтарымен, PR-құралдарды қолдану әдістемесімен, жарнама шеберлігі құпияларымен, журналистік шеберлік әдістерімен бөліседі. Кафедра оқытушылары Қазақстандағы БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЮНЕСКО өкілдіктерімен, Сорос-Қазақстан қорымен, Евразия, Айрекс, Фулбрайт қорларының аймақтық өкілдіктерімен,  журналистика факультеттерінің америкалық Ассоциациясымен, АҚШ, Қытай, Түркия, Ресей және т.б. елдердің ақпарат агенттіктерімен, Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ұлттық Ассоциациямен (ЖБҰА), PR-шы Клубымен,  Қазақстан Республикасының жетекші PR және жарнама құрылымдарымен ынтымақтасуда.

Кәсіби бағдар беру қызметі

Кафедра «Global School Room» инновациялық жобасын ұйымдастырып, республика мектептерімен онлайн іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Мектеп мұғалімдеріне, өңірлік жоғары оқу орындары оқытушыларына оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері туралы семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Кафедраның «Студенттік спорттық Лига» бизнес-инкубаторы

 

– өзіндік бизнес-идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі,

– тағылымдамадан өтуге қолдау жасау,

– PR саласындағы студенттік жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражат көздерін іздестіру,

– студенттік шақтан бастап ғылыми-зерттеу қызметіне баулу,

– студенттер ұйымдары мен бірлестіктері өткізетін қоғаммен байланыс, маркетинг, консалтинг жөніндегі байқауларға қатысу.

«Сиреневый прорыв» республикалық байқауын өткізу қорытындылары бойынша «Қазақша PR», «Мүгедектерге шетел тілін оқытуға жәрдемдесу», «Алматы қаласының Балалар үйлерімен әріптестік» жобалары жүзеге асырылды. 

 

 Кафедра республика оқушылары арасында кәсіби бағдар жұмысын белсенді жүргізуде және ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет  «Global School Room» инновациялық жобасын екі жыл бойы жүзеге асырып келеді. 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысында мәдениетаралық ғылыми коммуникация: ғылыми конференцияларды ұйымдастырып, өткізу, профессор-оқытушылар құрамының жоо-лар, ғылыми орталықтар ұйымдастырған түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуы маңызды орын алады.

Кафедрада жетекші журналистер мен PR және жарнама практиктерінің шеберлік сыныптары өтіп тұрады: Э. Какабаева («Лео Барнетт-Казахстан» халықаралық жарнама агенттігінің креативтік директоры), Е. Сулейменов (Zakon.kz интернет-порталының бас редакторы), Д. Бациев («Мегаполис» газеті бас редакторының орынбасары), А. Караулова (Қазақстан Баспасөз клубының Президенті,  IPRA (Международной Ассоциации PR-мамандар Халықаралық Ассоциациясы) мүшесі, С.Балбаев, Қазақстан Баспасөз клубының атқарушы директоры), А.Беримжарова (Қазақстан Баспасөз клубының шаралар бөлімінің басшысы) және т.б. студенттер мен магистранттардың жаңа және PR бойынша тұрақты тәлімгерлері болып табылады.

«Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша білім алатын студенттер факультет әріптестері ұйымдастыратын  халықаралық, республикалық, қалалық PR-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.  Мәселен, кафедра студенттері 2010 - 2018 жылдар аралығында студенттер алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-тың,  Ұлыбритания мен Кореяның, Португалияның жетекші жоо-ларында білім алды.

2011 жылдан бастап Колумбия Университетімен (Нью-Йорк, АҚШ)  MDP/Global Classroom Бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, жұмыс істеуде. Global Classroom жобасы бойынша Integrated Approaches to Sustainable Development Practice бағдарламасын игерген ҚазҰУ студенттері Колумбия университетінің сертификаттарын иеленді.