Баспагер-аудармашымен кездесу

05.02.2019

Көрулер: 2592

   «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-курс студенттері  үстіміздегі жылғы 5-ақпанда белгілі саясаттанушы, баспагер, аудармашы Бақытжан Бұхарбаймен жүздесіп, өздерін толғантып жүрген түйткілдер бойынша пікір алысты. Университетіміздің философия және саясаттану факультетінің түлегі Б.Бұхарбай бүгінде «АлмаБукс» баспасын басқарады. Кездесу барысында баспагер-аудармашы аталған баспадан жуырда ағылшын журналисі Годфри Лайастың «Kazak exodus» атты кітабы қазақ және орыс тілдеріне аударылып, жарық көргені жайында айтып өтті. Қазақшаға «Аспантау асқан ұлы көш» деп тәжімаланған кітап жөнінде студенттер қойған сұрақтарға жауап бере келіп, Бақытжан Бұқарбай қазіргі заман жастарының бойында ұлтжандылық сезімін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

    Жастар арасында кеңінен танымал «Күміс кітап» атты бизнес-туындының авторы Б.Бұқарбай сондай-ақ қазақ тілінде мотивациялық әдебиет жазу ерекшеліктеріне байланысты өз ойын білдірді. Кездесу соңында оқытушылар мен студенттер баспагер-аудармашыға шынайы алғыстарын білдірді.