"ҚазҰУ Smart эдвайзері"

16.03.2016

Көрулер: 3540

ҚазҰУ Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін "ҚазҰУ Smart эдвайзері" жобасының алғашқы кезеңі өткен айда барлық факультеттерде болып өтті. Əр факультеттегі "Мəслихат" ұйымдарының ұйымдастыруымен өткізілген іріктеу кезеңінен ақтық сынға 7 эдвайзер жолдама алды. Финалға өткен эдвайзерлермен 11 наурыз күні ҚазҰУ Баспасөз клубында пресс-конференция жоғары деңгейде өтті. Конференцияға жобаның финалисттері жəне жобаның бас демеушілерінің бірі @grenadineschool қатысты. Конференция барысында ұйымдастырушылар мен қатысушыларға көптеген сұрақтар қойылды. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы бұл жобаның қандай деңгейде, қалай өткізіліп жатқанына жəне алдағы жоспарлардың қандай екенінен толық ақпарат алуға мүмкіндік болды. Эдвайзерлердің жобаға дайындығы, күнделікті үлгерімі, топтарымен байланысы жəне ұйымдастырушылармен қарым-қатынасы жоғары деңгейде екені білікті ұстаздардың жауап беруінен анық байқалып тұрды. Өз факультеттерінің үкілеген үмітін арқалып, сынға түскелі отқан финалист-эдвайзерлерге алдағы сынақтардан мүдірмей өтуіне тілектес бола отырып, ұйымдастырушы сенаторларға сəттілік тілейміз! Құрметті, ҚазҰУлықтар, бүгінгі жаhандану заманында бізді ғылым, білім нəрімен сусындатып, үлкен мəдениеттіліктің үлгісін танытып жүрген ұстаздарымызға қолдау көрсетейік! Жобаның гранд финалы 17 наурыз, сағат 17:00-де, Химия факультетінің үлкен залында өтеді.