21-ғасыр ертегісі. «Шығармашылық ордасы»

09.12.2021

Просмотров: 1765

Ерте,ерте, ертеде Қазақстан атты елді мекенде бір қалашық болыпты. Ол қалашықтың бір қызығы оған жәй адамдар бара алмайды екен. Қала кішкентай болса да, адамдары бір-бірімін тату-тәтті еді. Көп адамға құпия бұл қалашықтың әдемілігінің өзі бір бөлек. Бұл қалашықтағы адамдар әлемнің кез-келген жеріне бара алғанымен, қалашық сыртындағы адамдардың қалашыққа келуі қиын болатын. Бұл мекеннің басшысы қалашықты "Өнер ордасы"деген атаумен қоямын деп шешіпті. Бұл "Өнер" атты тату-тәтті қалашық туралы әңгіме бір күні зұлым патшаның құлағына жетеді. Патша өздігінен ашуланып, адамдарына:

-Кімде-кім мені бұл қалашыққа апаратын болса, мен оған ат басындай алтын беремін!-деп жария салады. Осылай бұл әңгіме тарап кетіп,қалашықтың басшысының құлағына да келіп жетеді.

Басшының көмекшісі:

- Зұлым патша туралы бүкіл әлем біледі екен. Ол патша барлық нәрсенің өзінікі болғанын қалайды. Соғыс ашып, барлық мекенді жаулап алған патшадан барлығы қорқады. Мырзам, егер ол біздің өнер қалашығын өзінікі етсе біз қайтеміз?

Қалашықтың басшысы:

-Тыныш, бұл қалашық ешқашан оныкі болмайды. Ол бұл жерге кіргісі келеді екен ендеше еңбек етсін. Бұл қалашыққа өнерден хабары жоқ адам кіре алмайды-деп қалашықтың біраз адамымен өзі жиналыс өткізді.

Келесі күні зұлым патшаға қалашықтың Жібек есімді адамы келді.

Патша:

-Ал, қалашыққа қалай кіруге болады? Тезірек айт, менің ол жерге барғым келіп тұрғаны-ай!

Жібек:

-Сіз бір аптаның ішінде өзініңіздің үлкен мерекеңізді өткізуіңіз керек және ол мерекеде тек өзіңіз өнер көрсететін боласыз. Сонда ғана сіз біздің қалашыққа кіре аласыз.

Патша:

-Менімен ойын ойнамақ па? Жақсы. Ендеше мен сол қалашыққа кіріп қана қоймай, бұл мекенді өзімдікі ететін боламын!

Біраз сағаттан соң патша жар салды.

-Маған өнер үйретуге адамдар қажет. Егер олар маған барлық білгендерін үйретсе,мені өнерлі қылып шығарса мен оларға ат басындай алтын беремін,-деді. Әрине, бұл жарлықты естіп әлгі қалашықтан бірнеше адам келді.

Патша:

-Ал, айтыңдар! Кімнің қандай өнерлері бар? Маған не үйрете аласыңдар?

Олар кезекпен:

-Мен сізге ән айтуды үйретемін.

-Мен сізге сазсырнай ойнауды үйретемін.

-Ал,мен өлең шығаруыңызға көмектесемін.

-Мен сізге әртүрлі рольдерді сомдауды үйретемін.

-Мен сізге домбыра тартып үйренуге көмектесемін.

-Ал мен домбырамен бірге ән айтуды үйретемін.

Зұлым патша:

-Жарайды, жетер! Маған мына барлық өнерді үйренуге 1 апта тым аз. Сондықтан маған тез арада барлығын меңгеруге көмектесетін боласыңдар.

Басқалары:

-Жарайды.

Осылай патша сол күннен бастап айтылған өнерлерді үйренуге кірісіп кетті. Бір қызығы патша алғаш рет өлең айтқанда-ақ өзінің керемет сезімде болғанын сезді. Бірақ оны өзінен басқа ешкімге айтпады. Патшаға бұл өнерлер керемет сезім сыйлап жатыр еді. Патшаның бұрынғыдай ашушаң мінезі де азайып бара жатырды. Соңғы кездері патша көңілді жүретін болды. Оған өзінің адамдары таң қалды. Патша өзінің Өнер қалашығына келуі үшін бұл өнерлерге қызығып оларды берілген уақыт ішінде үйреніп шықты. Осылай үлкен мерекеге дейінгі бір апта уақыт та таяп қалды. Мереке болатын күннің таңы да атты. Ал патша болса ертесімен ұйқысынан оянып алды.

Патша:

-Сарай өте әдемі болатын болсын. Бұл кешке барлық адамды шақыратын болыңдар. Үлкен көлемде өтетін бұл мерекеде барлығының құлағына жетсін,-деп бұйрық берді.

Патша таң атқалы қобалжу үстінде еді. Өзінің барлық өнерлерін қобалжығаннан қайта-қайта қайталай берді. Бұл істер патшаға көңіл-күй сыйлай бастады.

Осылай кеш те батып мереке басталды. Мерекеге Өнер қалашығының барлығы дерлік келді. Үлкен мерекеге болғандықтан адамдар көп жиналды. Бұл адамдары көріп, патша осынша адамның алдында өнер көрсететініне таң қалды. Патша халықтың алдына шығып сөз сөйледі:

-Бүгін менің өнерлерімді тамашалауға келгендеріңіз үшін рахмет,-деп өз өнерін көрсетуді бастап кетті.

Патша алдымен домбыра тартып берді. Одан соң домбырамен бірге ән айтты. Бұдан кейін патша өзінің шығарған өлеңін оқып береді. Бұл өлеңнен кейін барлығы қол шапалақтады. Өнерден хабары бар адамдардың таң қалмасқа шарасы қалмады.

Патша енді баянда ойнап көрсетеді және халық алдында түрлі рольде сомдап, барлығын қуанышқа кенелтті. Осылайша мереке соңына таяп қалды. Патша:

-Барлығының келгендеріне рахмет. Ал енді тарай берсеңіздер болады.

Барлығы тарап кетіп, патшаның жанына Жібек пен қалашықтың басшысы келді.

 



Жібек:

-Патша, сіз мерекені үлкен деңгейде өткізіп, Өнер қалашығына кіруге рұқсат алдыңыз.

Қалашықтың басшысы:

-Иә, тек біздің қалашықты кіріп көріп қана қоймай, өзіндік етуіңе рұқсат. Барлық өнер бір адамның бойынан табылады деп ойламап едік. Ал сен бізді таң қалдырдың.

Патша:

-Мен қалашыққа кіремін. Бірақ оны ешқашан өзімдікі етпеймін. Себебі, қалашық сіздердікі және сіздердікі болып қалады. Мен өнердің қадірін кейін түсіндім. Бұл өнер деген барлығына қуаныш сыйлайтын ғажап нәрсе екен. Тіпті, мен домбыра тартып отырғандарыңның өзінде өзімді дүниедегі ең бақытты жан сезіндім. Мен бұрын бұндай ғажап нәрсенің бар екенін білгенде қазіргідей жауыз болмас едім. Мен өнер үйреніп, керемет сезіммен өмірге жаңа келгендей болдым. Сондықтан сіздерге рахмет. Маған көп нәрсені түсіндірдіңіздер,-деп ат басындай алтын беріп оларды қалашыққа шығарып салуға адамдар жіберді.

Осы уақыттан кейін патша жәй ғана патша емес өнерлі адам болып елге танылды. Ол ел басқаруды тастап, басқаларға өнер үйретумен айналысты.

Патша:

-Халқым, бұрынғы мен сияқты ешкім болмасын. Себебі, мен бұрын қандай адам болдым. Міне, қазір қандаймын?

Өнер үйрену арқылы өзімнің бақытқа деген жолымда таптым. Енді еш уайымсыз жүре берсем болады. Сендер де өнер үйреніңдер-деп жазба қалдырған екен. Осы жазбадан кейін патшаны барлығы үлгі тұтып, олар да өнер үйренуге тырысыпты.

Қарақожаева Айнұржан