Жампоз, жас ғалымдардың жасампаз жаңалықтары

 

Аталмыш бөлімде Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында оқытушылық қызмет атқаратын төмендегі жампоз жас ғалымдардың жасампаз жаңалықтары қамтылған: 

  1. Ертай Сұлтан;
  2. Буенбаева Зарина;
  3. Жанибек Тұлпар;
  4. Әліқожаев Бауыржан;
  5. Елғондинова Аружан.

Қазақтың маңдайына біткен марғасқалары мен нарқасқаларының ізін жалғап, алдыңғы толқын ағаларының кепиеті мол өсиетін, үлгі-өнегесін бойына дарытқан кейінгі толқын інілерінің ұлт руханиятының өркендеуіне өзіндік рөл қосып келе жатқан қадамдарына нұр жаусын! Осындайда, ағылшынның ұлы ақыны Уильям Блейктің "Мемлекеттің негізгі ұстыны - әдебиет пен ғылым" деген қанатты сөзі қаперімізге оралады. Шынтуайтына келгенде, әдебиет пен ғылымы дамыған мемлекеттер ғана биік белестерді бағындырып, жетістік атаулының ең жоғарғы сатысына көтеріледі. Екінші Дүниежүзілік соғыста күйрей жеңілген Жапония мемлекеті әскерге бөлетін бүкіл қаржысын тек білім мен ғылымға бөлген екен. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарында. 

  Бұл нені аңғартады? Яғни, әдебиет пен ғылым дамыған сайын, адамзаттың білім көкжиегі кеңейіп, адамға тән ең ұлы қасиеттерді бойына дарытады. Жан тазалығы рухтың тазалығына әкеледі. Рухы биік, жаны таза адам өмірді жақсы жаққа бұрады. Ғасырлар бойы "аталы сөз айтса, атаның құнын кешетін" атайы тұлғаларамыз, мәселен Асан Қайғының халқының "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған", "ит басына іркіт төгілген" қоғамда өмір сүруін жан-тәнімен қалап, жердің үлегін "Жерұйықты" іздеуі - ата-бабамыздың өте қасиетті де киелі болғанын аңғартады. Сондықтан да, бұл бөлімде жас ғалымдардың қазақ руханиятына қосқан үлесін қалың оқырманның назарына ұсынуды жөн көрдік.