Абай әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Абай Әлемі

12.04.2021

Абай атамыздың өлеңдері ғажайып сөз қолданыстарымен ерекшеленеді. Ақынның сөздік қоры шығыс шайырларынан кем емес. Абай шығармалары жалпы саны 30 тілге аударылса , «Абай жолы» романы әлемнің 116 тілінде жария болды. Бұл Абайдың ұлы мұрасы бар қазақ үшін зор мақтаныш! Абай осы ізгілігі арқылы жалғыз қазақ емес, күллі ғаламға шуақ шашты, нұрын төкті.

Подробнее >>

Журналист болғың келе ме ?

12.04.2021

    Журналистика қызығы мен қиындығы қатар жүретін, төзімділікті, ұқыптылықты, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саланың бірі. Қоғам үшін маңызды рөл атқарады десек те артық емес. Қоғам өмірін шындықтың шырақшысы болған маман иелерінсіз елестету де қиын. 

    Журналистика зор жауапкершілікті қажет етеді. Нақтылай атқаратын қызметін бөліп қарайтын болсақ, біріншіден, әлемдік, саяси жаңалықтарды халыққа жеткізу. Екіншіден, жеткізіп қана қоймай, әрбірін анықтауды, саралауды, өңдеуді қажет етеді.Үшіншіден, қоғамға жеткізе отырып, көтерілген мәселені, ойды насихаттай отырып ұнамды да, түсінікті болуы қажет.

Подробнее >>

Журналист болғың келе ме?

12.04.2021

Менің Хамза атам және Кәмшат әпкем журналист.  Олардың  жазғанын  оқығанда кәдімгідей  қуанып оны  мақтан етемін .Мендегі сезім осындай .Ал олар секілді журналист болсам деген ой мені толғандырмапты. Дегемен бір оқиға туралы баяндап берге болады.

Бір күні Испаниядан оралған журналист  әпкем  маған әдемі қораптағы қаламсап сыйлады. Оны оған сол елдегі әріптесі сыйға тартқан екен. Әпкем оны маған ұсынып тұрып: Кәусар бұл қаламсап мен үшін қымбат. Ал сен оданда қымбатсың сондықтан оны   саған сыиға тартамын.Бірақ бұл қаламсапты әрнәрсені емес, тек жақсы мен арман мақсатарыңды жазуға арнасың,-  деді .Әпкемнің     махаббаты  белгісі болған бұл қаламсапты мен мықтап тығып,сақтап қойдым.

Подробнее >>

Ұлы жеңіске тағзым

12.04.2021

Ұлы Отан соғысының аяқталып, бейбіт өмірдің аспанында өмір сүріп жатқанымызға 76 жыл толды. Сонау 76 жыл бұрынғы қанды қырғын сәтті аяқталса да, есіңе түсе қалса көзіңе жас үйіріледі. Қаншама жауынгер майданға аттанып мүгедек болып оралды, із-түссіз жоғалып кетті, ал біреулерінің отбасына қара қағаз келді. 1941 жылы 22 маусымда басталған шайқас 1418 күнге созылып 1945 жылы 9 мамырда аяқталды. Бұл жылдар бүкіл соғысқа қатысқан КСРО елдерінің есінде мәңгі қалары анық.

Соғыс жоғарыда айтып өткендей 1941 жылы 22 маусымда Гитлердің «Барбаросса» атты жоспарымен бастау алды. Ең алдымен жауға Брест қамалындағы шекарашылар қарсы тұрды. Жау Брест қамалын бұзып өтіп Мәскеу, Сталинград, Ленинград сынды ірі қалаларды қоршауға ала бастады.

Подробнее >>

Журналист болғың келе ме?

12.04.2021

Журналист болғың келе ме? Бұл сұрақ журналистика саласына қызығушылық танытатын жандарға арналады. Бұл саланың қыр сырын құпиясын ақтарып, игеріп кету бір үлкен танымдық іс. Бірақ бұл саланы игеріп кету үшін біраз еңбек талап етіледі. Алдымен журналистика дегеніміз не?

Журналистика- әлемі құдды бір алып теңіз секілді. Шарпысып шатасып жатқан, арпалыс пен айқасқа толы , бір сезімтал әлем. Журналистика күн сайын жаңа бір төл туындалармен , өзінің түпсіз тұңғиық сырлы құпиясына қарай еріксіз еліте береді. Ал, сол сырға толы құпияның шетіне жете алмайтын шыңырауына құлап кетпеуі үшін, дара қабілет, пайым парасат және қырағы байқампаздық керек. Ізденімпаз адамға жақсы нәтиже - сарқылмас мол білім мен тынымсыз жұмыс пен өз еңбегіне деген зор сүйіспеншілік жеткізеді. Осындай ынталы қасиеттер мен табандылықты қажет ететін журналистика саласы парасат әлемінде маңызды рөл атқарады.

Подробнее >>

Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы

12.04.2021

   «Қазақтың бас ақыны» - бұл атауға қазақ халқының көптеген ақындары, ойшылдары лайық. Бірақ ең лайығы болып Құнанбайдың ұлы Абай хәкім танылды. Не себепті Абай қазақтың бас ақыны әрі әлемдік мәдениеттің тұлғасы?

Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби екендігі хақ. Әл-Фарабидің философиялық ойларын қазақ халқының түсінігінде жеткізе білген әрі дамыта білген – Абай Құнанбаев. Мәселен Әл-Фараби бен Абайдың жүрек жайлы ойлары бір жерден шыққаны анық байқалады. Ұлы ұстаздың жүректің адам мүшелерінің басшысы екендігі мен бас ақынның қайрат, ақыл, ғылымның жүрекке бағынатыны жайлы ойлары өзара үндесіп жатыр.

Подробнее >>

Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы

12.04.2021

Халықты білім, еңбек, өнер жолына жетелеген ұлы Абайдың шығармаларын өмірін жарқын, келешегін кемел еткісі келетін кез келген адам өзіне рухани нысана тұтары сөзсіз. Оның туындылары қараңғы түнде адамды адастырмай, тура жолға бағыттайтын шам іспетті. Қанша уақыт өтсе де, өз маңызын жоғалтпаған ұлы ақынның терең ойлары қазақ халқы ғана емес, әлем елдері үшін де өзекті.

   «Абай жолы» роман-эпопеясында жастайынан әділдігімен, білімімен көзге түскен Абайдың кемелденген шағында қарапайым халықтың сүйіктісіне айналғанын байқауға болады. Тіпті орыс шенеуніктері мен зиялыларының арасында Абайдың қадірлі адам болғаны белгілі. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов сынды алыптардың шығармаларымен танысуы, қоғамда болып жатқан оқиғалар Абайдың өз жанынан өлең шығаруына үлкен әсер етті.

Подробнее >>

Абай әлемдік мәдениеттің тұлғасы

12.04.2021

Абай әлемдік мәдениттің тұлғасы . Ол жалғыз мәденитеттің ғана емес бүкіл қазақ жұртының жүрегі мен иманында сақталған ірі тұлға. Абайды жәй сөзбен сипаттай салу- ол үлкен бір надандықтың белгісі. Себебі, Абай қара қазаққа кезіндегі надан халыққа мәңгі есте қаларлықтай сана сезіміне білім орнатты. Сол замандағы халықтың жалқаулығы мен енжарлығын, санасыз бен сауатсызын , менмендік пен мансапқорлығын , халық арасындағы рухани азғындықты өз шығармаларында сөз етіп, ауыр болса да оларға жеткізуге тырысты. Және жеткізді .

Подробнее >>