Козыбаев Сагымбай Кабашевич

Сағымбай Қозыбаев Қабашұлы 1944 жылы 15 шілдеде Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген , тарих ғылым докторы (1988), профессор (1989). ҚР Саясаттану ғылым академиясының академик (1997). Ленинград (қазіргіСанкт-Петербург) мемлекеттік университеттін бітірген (1970). Қазақстан мемлекеттік теле-радио жүйесінде кіші редактор, бас редактордың орынбасары, Бүкілодақтық радионың Қазақстандағы меншікті тілшісі (1970–74), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, (1974–81); 1981 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақстан журналистика академиясының президенті. «Партийное руководство средствами массовой информации: история, опыт, проблемы, перспективы» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 350-ден астам ғыл. жарияланымның, 19 монографияның авторы.

 

Материалды сайтқа әзірлеген: ЕЛҒОНДИНОВА Аружан ДИДАРҚЫЗЫ