ҚАЛАМГЕРМЕН КЕЗДЕСУ

14.11.2022

Просмотров: 556

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде көрнекті жазушы, публицист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбаймен кездесу өтті. Кеш тізгінін аға оқытушы, ақын Бауыржан Әліқожа ұстады.

Қаламгер жүздесуде «Жаңа Қазақстан» жөнінде сөз қозғап, «Жаңа» емес «Жаңғырған Қазақстан» деп айту жөн екенін айтты. Содан соң жақында болатын сайлаудан тек жақсылық күтетінін жеткізді.

Қуандық Түменбай «Жас Алаш», «Жетісу», «Алматы ақшамы» газеттерінде, «Ақиқат» және «Үркер» журналдарында қызмет етті. Соған байланысты бүгінгі сұхбаттың сарыны да екіге бөлінді. Бірі – жазушылық, екіншісі – журналистік салаға байланысты.

Студенттер   жазушыдан журналистика жолындағы тәжірибесін,  шығармашылық шеберханасы жайындағы көкейіндегі сауалдарға жауап алды.

Алтын уақытын арнап, студенттермен өз тәжірибесін бөліскені үшін қаламгерге Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбайқызы ұжым атынан алғыс айтты.