Талант — негіз, еңбек — құрал

14.11.2022

Просмотров: 596

Қараша айының 11-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінде хас қаламгер, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Қуандық Түменбаймен емен-жарқын жүздесу өтті. Аталмыш шараға 2-ші курс студенттері белсене қатынасты, сондай-ақ жазушы өз ғұмырнамасы әм шығармашылығы жөнінен бір үзік сыр шерткен-ді. «Бойында қабілеті жоқ адам журналист бола алмайды» дейді ағамыз, рас-ақ, талант — негіз, еңбек — құрал, ал әр құрал қандай да бір дүниені қалыпқа келтірмек. Мұннан тыс сөз арасында Сайын Мұратбекті әдебиеттегі ұстазым дей атады, өткеннен түйген тағылымын, біздерге берер кеңесін, ой-пікірін еш бүкпестен жеткізді-ақ. Қызығар жәй Қуандық Түменбай ағаның сұраудың қай-қайсына да нақ әрі мүдірмей жауап қайыруы, аты да заты да бір тек қуантады, оқырман жанын терең ұғынады.