Жаңа Қазақстан – бұқаралық ақпарат құралдарында

11.11.2022

Просмотров: 846

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ  кафедрасының ұйымдастыруымен "Жаңа Қазақстан – бұқаралық ақпарат құралдарында" атты ғылыми семинар өтіп, онда алдағы Президент сайлауының да барысы талқыланды. Іс-шараға кафедра оқытушылары және Ғылыми семинар жетекшісі PhD Алтын Ақынбекова  қатысты.

 

«Түркістан» халықаралық газеті «Жаңа Қазақстан» деген арнайы айдар ашып, мақалалар шығарды. «Абай.кз» сайты «Жаңа Қазақстан – Ұлттық мемлекет» атты мақаласын жариялап, мемлекеттік бағдарламаның түсіндіру жұмыстарына атсалысты. «Қазақ әдебиеті» газеті өз тематикасына сәйкес, «Жаңа Қазақстан» һәм «Толық адам» тұжырымдамасы атты мақаласын шығарды. 

 

Көптеген қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары, «Жаңа Қазақстан» деген ұранмен әлі күнге дейін позитивті материалдарды жиі ұсынып, ал негативті ақпараттарды көбіне жасырып қалуды жөн санап отыр. 

 

 

Әбдіхалық Олжас Маханбетұлы

«Дата-журналистика» 2 курс магистранты

#jourfacnews

#казну 

#журфак