Ой өресі биік жастарымыз көбейе берсін

05.07.2022

Просмотров: 994

  • Өмірде өзін өзі жарнамаламайтын,жас болса да сабырлы,салмақты,салауатты деңгейден көрінетін ұрпақтарымыздың көп екендігіне ерекше қуанам. Жарты ғасырға жуық жастармен араласып жүрген соң, олар туралы қалам тартып, “нұрын тасытқым” келіп тұрады. Солардың бірі- Әшімова Айтолқын. Ол - “Баспасөз және электронды БАҚ” (ҚазҰУ, журфак) кафедрасының PhD докторанты. Бакалаврды Бейжін Тіл және мәдениет университетінде тәмәмдаған. Магистратураны Йонсенде (Сеул, Корея) оқыған. Президентіміз Қасымжомарт Тоқаев оқыған Бейжін университетінен алған білімін мақтан тұтатын Айтолқынды өмір ағысы алға жетелеуде.
  • Ағылшын,қытай тілдеріне қоса ол корей тілін де жетік меңгерген. Журфактың халықаралық байланыстарын нығайту жолында бірнеше тарапта үлес қосып жүрген әріптесімнің қадамы қарыштап,толағай табыстары тола түссін! Осындай қабілет қарымы мол, талабы таудай, ой өресі биік жастарымыз көбейе берсін,ағайын!

Клара Қабылғазина,

профессор