Сүйінші!!!

24.04.2021

Просмотров: 1667

  • Араға аз уақыт салысымен, қазақ руханиятына ересен еңбек сіңірген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Римма Жақсылықбаеваның жетекшілігімен «Журналист» атты студенттердің рухани-танымдық газеті оқырманымен қайта қауышты! Бұл – тамаша жаңалық!
  •          Тарих беттеріне көз жүгіртсек, Америка құрлығында ең таңдаулы студенттердің газеті 1799 жылы Дармут коледжінде жарық көрген екен. Ал Рутгер университетінің озат студенттері 1869 жылдан бастап «The Daily Targum» газетін, 1960 жылдан бастап «The Green Print» газетін және арнайы сатиралық «The Medium» газетін шығарған екен. Алайда, соңғы он жылда студенттердің газет шығаруға деген белсенділігі төмендепті.
  •          Ал, біздің тәуелсіз елімізде студенттердің газет шығару талпыныстары керісінше артып келеді. Бұл, әлбетте, ең бірінші оқытушыларымыздың ерен еңбегі! Болашақ журналистердің білімге деген құштарлығын арттырып, теория мен тәжірибелік білімді ұштастырып, «тұщымды ой, тұжырымды пікір» айта алатындай дәрежеге жеткізіп, жазу машығын қалыптастырып, келелі кеңестерін аямаған Римма Серікәліқызына мың алғыс айтамыз!
  •          Білікті Ұстаз Римма Серікәліқызы қазақтың марғасқасы – Сырбай Мәуленовтың «Журналист мамандығы – үнем ізденіп, алға талпынуды тілейтін ауыр мамандық. Журналист болу деген сөз– халықтың соғып тұрған жүрегі, жанын кернеген ой-тілегі болу деген сөз» деген салмақты ой, сарабдал пікірін келтіріп, журналист мамандығының сан салалы мамандық екенін газеттің айқара бетінде жазып, шәкірттеріне қаламының қарымды, жүрегінің жалынды болуына сәт-сапар жолдайды!
  •          Газет жаңа айдарларымен, тың тақырып пен соны зерттеулерімен ерек! Сондықтан да, студенттердің аталмыш таңғажайып газетін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз! Газеттің пдф форматындағы нұсқасы төменде тіркелген! Қабыл алыңыздар!

 


Журналист газеті 102-топ (1).pdf

 


 

Материал авторы: Елғондинова Аружан Дидарқызы