"Журналист" газетінің кезекті саны жарық көрді

14.04.2021

Просмотров: 1864

 

Қазақ руханиятына сүбелі еңбек сіңірген белгілі ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Римма Жақсылықбаеваның жетекшілігімен "Журналист" атты студенттердің рухани-танымдық газетінің кезекті саны жарық көрді. 

         Аталмыш газетте жас шәкірттер тың және соны тақырыптарды мақалаларына арқау етіп, сараптамалық талдау жүргізіп, тереңінен тебірене зерттейді. Ұлттық құндылықтардың насихатталуы, ұлт тақырыбы, отаншылдық, туған тіл, Алаш арыстары, қазақ әдебиетінің соны туындылары - мінеки, осындай терең рухани, танымы мол таңғажайып тақырыптарда жас шәкірттерінің мұқалмас қаламының алдүзіктей жүйріктігін көрсетуде талмай еңбек еткен Римма Жақсылықбаева ұстаздың еңбегі ересен! 

         Журналистика мамандығының маңызы мен мәнін терең ашып, очерк, памфлет, заметка, эссе – журналистика жанрының барлық түрлерін шеберлікпен көрсеткен, болашақ «сара сөздің сардарларының», көркем сөздің зергерлерінің қадамдарына нұр жаусын!

 

«ЖУРНАЛИСТ» ГАЗЕТІНІҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН:

_ЖУРНАЛИСТ_ ГАЗЕТІ.pdf

 

ЕЛҒОНДИНОВА А.