Состоялась онлайн-конференция, посвященная юбилею профессора Н. Омашева.

30.12.2020

Просмотров: 1323

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашевтың 70-жасқа толуына арналған «Ұлттық журналистика: зерттеу және білім беру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Жазушылар мен журналистер, шетелдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында Намазалы Омашевтың тұлғасына арналған кітап көпшілікке таныстырылды. Жинақ «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шықты. Ғалым әрі ұстаз Намазалы Омашевтың отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі зор. Көп жыл журналистика факультетінде декан, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің проректоры болды. Ұлттық ғылым академиясының академигі Омашев көптеген ғылыми еңбек пен бірнеше кітаптың авторы екенін де айта кетейік.