18.10.2019

Просмотров: 1415

Автор кітап атына айырықша тоқталып, оның өзінің он жылдан аса жүргізген авторлық бағдарламасы «Өнернамаға» байланысты екендігін айтты.

     «Өнернама» көрнекті өнер адамдарымен болған сұхбаттар нәтижесінде «сол кісілердің асыл ойлары мен алтын сөздері таспа күйінде қалмай кітап болып жарық көрсін деген мақсатпен» құрастырылған. Қазіргі күнде көзі жоқ және бүгінде аман жүрген өнер тарландарының өмір-тарихы мен шығармашылығынан сыр шертеді.

     Кездесуге жиналған студенттер радио, радиохабарлар, авторлық бағдарламалар мәселелері туралы білгісі келетін жайларды ортаға салды. Маржан Тұрысбекқызы сұрақ-жауап түрінде жалғасқан отырысты әдемі өрбітіп, толыққанды жауаптармен тәмамдады.                  

                                                                                    Авторы: Г.С. Өзбекова