"Болашақ мемлекеттiк қызметкер ретiнде , сыбайлас жемқорлықты жоюға қандай улес қоса аламын"

07.12.2022

Просмотров: 436

         7 желтоқсан 2022 ж . сағат 12.00 - де КДСЖМ медицина және денсаулық сақтау факультетiнiң мәжіліс залында факультеттік деңгейде студенттер арасында "Болашақ мемлекеттiк қызметкер ретiнде , сыбайлас жемқорлықты жоюға қандай улес қоса аламын" атты дөңгелек үстел өтті . Іс - шараның барысында « қоғамдық денсаулық сақтау » мамандығының 3,4 курс студенттері жемқорлыққа байланысты заңнамалардың негiзгi баптарына тоқталды. Жемқорлық жағдайларына байланысты жағдайлық есептерді мысалға келтіріп , студенттер арасында қызу пікірталас туындады. Студенттер жемқорлықты жоюда жетістікке жеткен шет елдердің тәжірибелерiн мысалға келтiрiп , жан жақты талдау жасады. « Денсаулық сақтау заңнамасы» пәнінің оқытушысы , доцент Э.Т. Ауезова заннаманын кандай тұстарына аса назар аудару керектігін нақтылап тусiндiрдi . Бұл іс - шараның болашақ мемлекеттік қызметкер болатын , «қоғамдык денсаулық сақтау» мамандығының әрбiр студенті ушiн сыбайлас жемқорлықты жоюда езiндiк пiкiр қалыптасты, деген сенiмдемiз .