Магистратура

Мамандық шифры:

7M03218

Мамандығы:

Цифрлы медиакоммуникациялар (СПбМУ)

Факультеті:

Журналистика

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Байланыс теориясы мен тұжырымдамасын қолдана отырып, коммуникация процесінің универсалды моделін құру;

2. Медиакоммуникацияның мемлекеттік басқару жүйелерімен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін анықтау және мемлекеттік құрылымдардың сыртқы саяси қызметіне коммуникациялық қолдау көрсету;

3. отандық және шетелдік медиа нарықтардың даму үрдістерін қадағалау және осы үрдістерді кәсіби қызметте пайдалану;

4. қазіргі заманғы хабар тарату технологияларының ерекшеліктерін білу негізінде digital өнімдерді жасау кезінде техникалық және шығармашылық дағдыларды пайдалану;

• 5.интерактивті контент индустриясының құралдарын (интернет-порталдар, бейне-, аудиоконтент, бағдарламалық өнімдер дерекқоры) қолдана отырып, мультимедиалық өнім жасау;

• 6. байланыстың жаңа технологияларына, этика мен психология заңдарына сүйене отырып, коммуникацияның әртүрлі түрлерін қолдана отырып, медиа компанияның әртүрлі бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

7. әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың тілі мен аппаратын қолдана отырып, медиа құбылыстарын зерттеу және сипаттау, медиа компаниялар мен жобаларды талдауда әртүрлі әдістерді қолдану;

8. медиа және коммуникациялық өнімдерді құру кезінде медиа дискурста қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының лингвистикалық ерекшеліктерін, интерактивті шығармашылық коммуникация әдістерін талдау;

9. коммуникациялық қызметтің дәстүрлі формаларына қатысты стратегиялық коммуникациялардың негізгі компоненттерін, параметрлерін, ерекшеліктерін анықтау; коммуникациялық стратегиялар әзірленетін коммуникациялық модельдердің эволюциясын талдау;

10. маркетингтік стратегияны әзірлеу, оның тиімділігін бағалау, тұтынушылық сұраныстарды, саладағы ағымдағы жағдайды және нарық сегментіндегі бәсекелестік позицияны ескере отырып, онлайн-жылжытуды жүзеге асыру;

11. корпоративтік және бренд-коммуникациялар бағытындағы жұмыстың ерекшелігін айқындау; медиа-менеджерлермен тиімді жұмыс жасау және медиа бизнес корпорацияның және/немесе брендтің бизнесіне қалай әсер ететінін түсіну;

12. команда құру, онымен күнтізбелік жоспар құру, жоба құны және оны нақты шындыққа бейімдей отырып, тиімді жүзеге асыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген