Магистратура
Мамандық шифры:
7M06102
Мамандығы:
Ақпараттық жүйелер
Факультеті:
Ақпараттық технологиялар
Бiлiктiлiгі:
- ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
- Түлектер моделі
- Міндетті пәндер
- Элективті пәндер
- Кәсіби
1.ақпараттық жүйелер жобаларының сипаттамаларын пәндік аймақтың терминологиясын пайдалана отырып тұжырымдау;
2. ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін талдау негізінде АТ ресурстарын басқарудың, АТ шешімдерді жобалау және құрудың барынша сәйкес келетін технологияларын таңдау және пайдалану;
3. АЖ жобаларын басқару қағидаларын кәсіпорында пайдалану;
4. ұйымның бизнес-процестерін модельдеу және ақпараттық жүйелердің қызмет ету алгоритмдерін қалыптастыру мақсатында математикалық әдістерді пайдалану;
5. ақпараттық жүйелерді жобалау, жеткізу және пайдаланудан келетін артықшылықтарды барынша арттыруға бағытталған әрекеттерді жоспарлау мақсатында ақпараттық жүйелердің қызмет саласына және кәсіпорынға тигізетін әсерін талдау;
6. пәндік аймақты талдау негізінде АЖ қосымшаларын жобалау және құру, АЖ модульдерінің жұмыс істеу алгоритмдерін құру;
7. кәсіпорынның бизнес-процестеріне талдау жасау және талдау негізінде кәсіпорын архитектурасын жобалау / қайта ұйымдастыру;
8. бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді, сенімділік пен қауіпсіздікті басқару процедуралары мен технологияларын жоспарлау және енгізу;
9. кәсіпорын архитектурасына талдау жасау негізінде АЖ инфраструктурасы мен архитектурасын жобалау;
10. ақпараттық жүйелерді жобалау және құру аясында ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы ақпараттық жүйелер саласының дамуына өзіндік жаңашыл үлес қосу; орындалған зерттеулер негізінде жарияланымдар, ғылыми-техникалық есептер, пікірлер дайындау;
11. ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу, «Ақпараттық технологиялар» бағытындағы пәндерден сабақ беруге арналған оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға қатысу;
12. ақпараттық жүйелер саласындағы зерттеулерге негізделген мәселелердің шешімін жаңа және пәнаралық аймақтардан білімдерді жинақтау арқылы және әлеуметтік, этикалық, тілдік және ғылыми тұжырымдарды ескере отырып қалыптастыру.
2. ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін талдау негізінде АТ ресурстарын басқарудың, АТ шешімдерді жобалау және құрудың барынша сәйкес келетін технологияларын таңдау және пайдалану;
3. АЖ жобаларын басқару қағидаларын кәсіпорында пайдалану;
4. ұйымның бизнес-процестерін модельдеу және ақпараттық жүйелердің қызмет ету алгоритмдерін қалыптастыру мақсатында математикалық әдістерді пайдалану;
5. ақпараттық жүйелерді жобалау, жеткізу және пайдаланудан келетін артықшылықтарды барынша арттыруға бағытталған әрекеттерді жоспарлау мақсатында ақпараттық жүйелердің қызмет саласына және кәсіпорынға тигізетін әсерін талдау;
6. пәндік аймақты талдау негізінде АЖ қосымшаларын жобалау және құру, АЖ модульдерінің жұмыс істеу алгоритмдерін құру;
7. кәсіпорынның бизнес-процестеріне талдау жасау және талдау негізінде кәсіпорын архитектурасын жобалау / қайта ұйымдастыру;
8. бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді, сенімділік пен қауіпсіздікті басқару процедуралары мен технологияларын жоспарлау және енгізу;
9. кәсіпорын архитектурасына талдау жасау негізінде АЖ инфраструктурасы мен архитектурасын жобалау;
10. ақпараттық жүйелерді жобалау және құру аясында ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы ақпараттық жүйелер саласының дамуына өзіндік жаңашыл үлес қосу; орындалған зерттеулер негізінде жарияланымдар, ғылыми-техникалық есептер, пікірлер дайындау;
11. ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу, «Ақпараттық технологиялар» бағытындағы пәндерден сабақ беруге арналған оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға қатысу;
12. ақпараттық жүйелер саласындағы зерттеулерге негізделген мәселелердің шешімін жаңа және пәнаралық аймақтардан білімдерді жинақтау арқылы және әлеуметтік, этикалық, тілдік және ғылыми тұжырымдарды ескере отырып қалыптастыру.
-
Ақпараттық жүйелерді стратегиялық басқару
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – кәсіпорындардың іскерлік мақсаттарына қол жеткізуге және жаңа бәсекелік артықшылықтарға ие болуға бағытталған шешімдер қабылдау үшін ақпараттық жүйелерді дамытуды басқару әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Ақпараттық ресурстарды стратегиялық пайдалану. Ақпараттық жүйелерді стратегиялық талдау модельдері. АЖ стратегиялық талдау модельдерін зерттеу. Ақпараттық жүйелердің стратегиялық үшбұрышы. АЖ-дің ұйымдық құрылымы мен процестерге әсері. Бәсекелестікті анықтаудағы және қалыптастырудағы АЖ-дің рөлі. Ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен тенденцияларды зерттеу. Стратегиялық ақпараттық жүйелерді басқару. Стратегиялық ақпараттық технологиялар аудиты. Ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялар мен операцияларды қаржыландыру және тиімділігін бағалау. Ақпараттық технологияның ресурстары мен мүмкіндіктерін игеру. Инфрақұрылымның мүмкіндіктерін иемдену. Ақпараттық жүйелер қызметтері. Ақпараттық жүйелерді сатып алу. Ақпараттық технологияларды басқару шекараларын қолдану. Тәуекелдерді басқару. Бизнестің үздіксіздігін басқару. Қауіпсіздік және құпиялылықты басқару.
-
Жобалар мен өзгерістерді басқару
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жүйелер құру үшін АЖ жобасының сапасын, тәуекелдерін және өзгерістерін басқару қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Жобаның өмірлік циклі. Жобаның мүдделі тараптары. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы. Ақпараттық технологиялар (АТ) жобаларын басқарудың стандарттары мен әдістері. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі. Қарым-қатынасты басқару стандарттары мен әдістері. Тәуекелді бағалау әдістері. Тәуекелдерді басқару. Тәуекелдерді басқарудың стандарттары мен әдістері. Өзгерістерді басқару құралдары. Өзгеру процесі. Өзгерістерге ынталандыру және кедергілер. Өзгерістерді басқару көрсеткіштері. Өзгерістердің диагностикасы және тұжырымдамасы. Жобаның бюджеті. АТ жобасын құжаттау. Ғылыми жобаларды басқарудың ерекшеліктері.
-
Басқару психологиясы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.
-
Бизнес талдау жүйелері
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: мәліметтер арасындағы жасырын қатынасты анықтау мақсатында мәліметтерді өңдеу құралдарымен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Бизнес талдау жүйелері концепциясы. Бизнес талдаудың архитектуралық стегі, негізгі функциялары. Бизнес талдаудың бағалау критерийлері және нақты анықтамалар, Бизнес талдау архитектурасы және нарықтағы компоненттері. Мәліметтерді интеллектуалды талдау алгоритмдерін зерттеу. Кәсіпкерлік есеп беру жүйелерінің компоненттері және құрылымы. Деректерді визуализациялау, диаграмма түрлері және бақылау тақталары. Бизнес талдаудың өмірлік циклы. Бизнес талдау құралдары. Жетілдірілген / дамып келе жатқан бизнес талдау технологиялары, бизнес талдаудың болашағы.
-
Ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау әдістері мен технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Жүйелер теориясының негізгі ережелері. Жүйелік талдау және жүйелік тәсіл. Ақпараттық жүйелерді жобалауға арналған технологиялар. Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің процестері мен модельдері. Мәліметтер ағынын модельдеу. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістемесі. CASE технологиясы негізінде ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған жобалау. CASE-құралдардың құрамы мен жіктелуі. CASE-құралдарды енгізу технологиясы. UML бірыңғай модельдеу тілінің негізінде жобалау. Жобалау процесін құжаттау.
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
-
Шетел тілі (кәсіби)
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
-
Жоғары мектептің педагогикасы
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
-
Ғылым тарихы мен философиясы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.
-
Blockchain технологиялары
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: Ақпараттық жүйелер (АЖ) контекстінде блокчейн технологиясы туралы жан-жақты түсінік пен практикалық білім беру және магистранттардың әртүрлі АЖ облыстарында блокчейн технологиясын тиімді пайдалану үшін қажетті дағдылармен жабдықтау.
-
Мәліметтер қоймасын жобалау және талдау әдістері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: мәліметтерді тиімді сақтау мен ұйымдастырудың зерттелген әдістерін қолдана отырып, мәліметтер қоймаларын жобалау және талдау қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Мәліметтер архитектуралары. Мәліметтер қоймасы және мәліметтерді өңдеуге арналған OLAP технологиясы: мәліметтер қоймасы, көпөлшемді мәліметтер моделі, мәліметтер қоймасының архитектурасы. Реляциялық және гибридтік қоймалар. Мәліметтер қоймасын жобалау тәсілдері мен әдістемесі. Бастапқы мәліметтерді талдау және түрлендіру. Мәліметтерді интеграциялау мәселесі. Мәліметтерді интеграциялау концепциялары, процестері және әдістері. Мәліметтерді түрлендіру, жинақтау және тазарту. Мәліметтер қоймасын талдау әдістерін зерттеу. Виртуалды мәліметтер қоймалары. Мәліметтер текшесінің дамуы: мәліметтер қоймасынан мәліметтерді интеллектуалдық қалдауға дейін. Мәліметтер текшесін есептеу және мәліметтерді жалпылау: мәліметтер текшесін есептеудің тиімді әдістері.
-
Ақпараттық жүйелер архитектурасы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – ұйымның бизнес-процестерін формалды түрде сипаттау және ақпараттық жүйелердің (АЖ) архитектурасын құру қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Бизнес-талдау негіздері және жүйелік талдау әдістері. Ұйымның бизнес-процестерін қалыптастыру принциптері. Ұйымның бизнес-процестерін талдау және модельдеу. Кәсіпорын архитектурасының үлгілерін зерттеу. Қолданыстағы АЖ архитектурасын талдау. АЖ талаптарын анықтауға арналған техникалық процестер. АЖ архитектурасы концепциялары. Архитектураны құрудың әдістері мен модельдері. Архитектуралардың жіктелуі. Архитектуралық шаблондар, стильдер, шектеулер. Архитектуралық жобалау процесі. Архитектура компоненттері. Архитектураның техникалық-экономикалық негіздемесі. Ақпараттық жүйелерді жобалау және дамыту, ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы стандарттар, салалық заңдар. Архитектура компоненттерінің сенімділігін бағалау. АЖ архитектурасына қойылатын талаптарды әзірлеу. Кәсіпорындардың архитектуралық тәсілі. Архитектура компоненттерінің жұмыс өнімділігін қамтамасыз ететін модельдер. Жүктемелерді теңестіру. Архитектура компоненттерінің өзара әрекеттесуіне арналған хаттамалар. Архитектураны жүзеге асыру технологияларын таңдау. Архитектураны құру процесі. Архитектураны құру процесін құжаттандыру. АЖ нормативтік-құқықтық құжаттамасы. АЖ архитектурасын жобалаудың сәтті тәжірибелерін зерттеу.
-
Корпоративтік желілерді басқару
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – корпоративтік деңгейдегі желілерді дамыту және олардың қауіпсіз жұмысын басқару қабілеттерін дамыту. Пәннің аясында келесі тақырыптар қарастырылады: Корпоративті желілердің құрылымы мен архитектурасы. Желіні иерархиялық жобалау. Корпоративтік желілерді құру технологиялары. Желілік жабдыққа қойылатын талаптар. Желілік жабдықты орналастыру. Желілік жабдықтың күйін диагностикалық тексеру. Қателіктер мен өзгерістерді басқару. Желілік деңгей қызметтері. Желілік қауіпсіздік қағидалары. Корпоративті желі қауіпсіздігін басқару. Жүйелік тапсырмаларды автоматтандыру. Деректерді ұйымдастыру. Деректердің тұтастығы. Қолданбалы қызметтер. Желіні басқару. Желінің өнімділігін талдау. Корпоративтік желіні жаңартуды жоспарлау. Корпоративтік желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша отандық және шетелдік авторлар еңбектерін талдау.
-
Ақпараттық технологиялар аудиты
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Курсты оқу барысында магистранттар АЖ техникалық мүмкіндіктерін қоса алғанда, компанияның процестеріне кешенді аудит жүргізу және ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын игереді. АКТ сапа саясатын меңгереді. Ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық және ішкі стандарттарын қарастырады. Аудиторлық тексерулерге негізделген нормативтік құқықтық актілер. IT технологиясының тенденциялары. АКТ тәуекелдерін басқару. Аудиторлық қорытынды жасау
-
Машина мен адамзат арасындағы байланыс
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қолданушылық интерфейсті жобалау және құру технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Қолданушылық интерфейстің модельдері. Тиімді интерфейс критерийлері. Қолданушылық интерфейстің стильдері Қолданушылық интерфейсті жобалау ережелері. Интерфейсті жобалау стандарттары мен принциптері. Пайдаланудың оңтайлылығы туралы түсінік. Мақсатты аудиторияны зерттеу. Қолданушылық интерфейсті жобалаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу. Қолданушылық интерфейсті құру кезеңдері. Қызмет ету ортасы және программалық жабдықтама үйлесімділігі. Адам мен машинаның өзара әрекеттесу сапасының атрибуттары. Көрнекі дизайн. Интерфейсті тестілеу. Қолданушылық интерфейсті құру процесін құжаттау.
-
Ақпараттық жүйелердің корпоративті модельдері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – кәсіпорын ресурстарын тиімді басқару мақсатында ақпараттық жүйелерді пайдалану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Процестерге стратегиялық көзқарас: тиімділік және нәтижелілік тұжырымдамалары. Ұйымның функционалды бағыттарын интеграциялау. Процестердің компанияның қаржылық, клиенттік және өнімдік мақсаттарына сәйкестігі. Бизнес-процестерді автоматтандыру. Автоматтандырудың жұмыс тәжірибесіне әсерін зерттеу. Корпоративтік ақпараттық жүйелердің архитектурасы. Кластерлік жүйелер. Электрондық құжат айналымы жүйелері. Корпоративтік пошта қызметтері. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Белсенділік диаграммалары мен бизнес-процестерді модельдеу (BPMN) нотациясын қолдану. Бизнес-процестерді модельдеу құралдары. Қауіпсіздік пен процестерге сәйкестікке қол жеткізу. Жеткізілім тізбегін басқару (SCM). Клиенттермен қарым-қатынасты басқару (CRM). Кәсіпорындарды басқару жүйелері (ERP). Процестердің үздіксіздігі: құрылымдалған және құрылымдалмаған процестер. Корпоративтік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді жобалау, интеграциялау және енгізу әдістері мен тәжірибесін зерттеу.
-
АЖ шешім қабылдауды қолдаудың модельдері мен әдістері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: әртүрлі қызмет салаларында шешім қабылдау жүйелерін талдау, жобалау және жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Шешім қабылдау модельдері мен теориясы. Шешім қабылдау есебінің формалды қойылымы. Шешім қабылдау кезеңдері. Іскерлік шешімдер қабылдау процесін талдау. Көп мақсаттар жағдайында шешім қабылдауды модельдеу. Тәуекел және белгісіздік жағдайында шешім қабылдауды модельдеу. Шешім қабылдауды қолдау үшін компьютерді қолданудың әдістемелік қиындықтары. Шешімді қолдау жүйелері: мүмкіндіктері, негізгі элементтері, пайдалану мысалдары. Шешімдерді қолдау жүйелерінің қосымшалары. Шешімдерді қолдау жүйесін жобалау, әзірлеу және енгізу.
-
Нейрондық желілердің модельдері мен әдістері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – мәліметтерді өңдеудің күрделі есептерін шешуде нейрондық желі модельдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Нейрондық желілердің модельдері. Нейрондық желінің шығыс параметрлері бойынша кластерлік деректерді талдау. Нейрондық желінің есептеу процестері. Мәліметтерді алудың модельдері мен әдістері. Нысандарды атаулы тану. Қарым-қатынасты танудың модельдері мен әдістері. Уақыт пен оқиғаны анықтайтын модельдер мен әдістер. Ақпаратты іздеудің модельдері мен әдістері. Сұрақтарға жауап беру жүйесінің құрылымы мен бөліктері. Жалпылаудың модельдері мен әдістері. Нейрондық желілерді құру және оқыту. Нейрондық желіні терең оқыту әдісі. Нейрондық желі технологиясын енгізетін заманауи құралдар. Нейрондық желілердің архитектурасы. Нейрондық желілердің алгоритмдері. Мәліметтерді өңдеуге арналған дайын кітапханалар. Нейрондық желілері бар жүйелерді практикалық жүзеге асыру.
-
Машиналық оқыту
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: мәліметтерді талдау үшін машиналық оқытудың алгоритмдері мен құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Машиналық оқытудың негізгі түсініктері. Оқыту түрлері. Машиналық оқыту алгоритмдері. Машиналық оқыту үшін мәліметтерді өңдеу және дайындау. Мәліметтерді жіктеу және кластерлеу. Машиналық оқыту моделін құру. Машиналық оқыту модельдерінің сапасын бағалау әдістері. Машиналық оқыту технологиясы енгізілген жүйелер. Мәліметтерді талдау және өңдеуге арналған программалау тілдері.
-
Веб іздеу технологиялары және жүйелері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – әртүрлі веб-іздеу технологияларының мүмкіндіктерін талдау және бағалау, веб-іздеу жүйесін жобалау үшін мәліметтер алу модельдерін пайдалану қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Ақпаратты іздеуге кіріспе. Жалпы мақсаты іздеу жүйесінің архитектурасы. Веб-іздеу технологиялары: веб-роботтар, белгілеу технологиялары, сілтемелерді талдау технологиялары, қолданушы профилін талдау технологиялары. Мәтіндік файлдарды сөздер бойынша индекстеу және шығару. Мәліметтерді алу модельдерін зерттеу. Мәліметтер базасының құрылымы. Сұраныс үшін мәтіннің маңыздылығын өлшеу. Мәтінді кодтау: токенизация, стеблирлеу, лемматизация, шулы сөздер, тіркестер. Векторлық кеңістікті іздеу моделі. Құжаттарды санау. Косинус өлшемі. Мәліметтерді кластерлеуге кіріспе. Мәтінді жіктеуге кіріспе. Naive Bayes модельдері. Электрондық поштаны фильтрлеу. Веб-граф құрылымы. Зипф және Парето заңдары. Көрінбейтін және арнайы веб-іздеу жүйелері. Мультимедианы анықтау. Веб-іздеу жүйесін жобалау.
-
Кәсіпорын ресурстарын жоспарлау жүйелері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: ұйымның бизнес-процестерін жетілдіру және бәсекелестік артықшылықтарға ие болу мақсатында кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау жүйесінің тұжырымдамалары. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Кәсіпорынның бизнес-талаптарына шолу. ERP эволюциясы. ERP және онымен байланысты технологиялар. ERP-жүйелерін енгізу: проблемалар мен сәтті тәжірибе. Интеграцияланған басқару ақпаратының ERP моделі. Интеграцияланған деректер моделі. Бәсекелік артықшылыққа қол жеткізудегі ERP рөлі. Бизнес-процестер реинжинирингі. ERP модульдері. ERP жүйелерін енгізудің артықшылықтарын болжау әдістерін зерттеу. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау әдістері мен технологияларын зерттеу.
-
Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін басқару
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті басқару жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында төмендегі мәселелер қарастырады: Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігінің міндеттері. Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ішкі және халықаралық стандарттар, нормативтік құжаттар. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан бизнес-процестерді талдау. Ақпараттық қауіпсіздіктің түсінігі мен модельдері. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының модельдері. Ақпараттық қауіпсіздік процедураларын құжаттандыру. Кіруді басқару және сәйкестікті басқару. Аутентификация, авторизация және есеп (AAA). Қауіпсіздік саясаты. Құпиялылық саясаты (BLP үлгісі). Адалдық саясаты. Қауіпсіздік саясаты. Гибридтік саясат. NIST модельдері, Қауіпсіздік сәулетінің дизайны, Үздіксіздікті жоспарлау. Деректерді қорғау. Қауіпсіз дизайн принциптері.
-
Педагогикалық
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
-
Зерттеу
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.






