Магистратура

Мамандық шифры:

7M03207

Мамандығы:

IT Архивтану және құжаттану

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарламаны аяқтағанан кейін магистранттардың қабілеттері қалыптасады:
ON1. Пәнаралық (информатика, юриспруденция және т.б.) қиылысындағы заманауи ғылыми архивтанулық және құжаттанулық бағыттар шеңберінде ғылыми теорияларды ұсыну;
ON2. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде АТ-ны іске асырудың мәнін түсіндіру. АТ жұмысының мазмұнын сипаттау. Архивтерді ақпараттандырудың негізгі үрдістерін анықтау. Ақпараттық технологияларды енгізудің әдіснамалық шарттарын ашу.
ON3. Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығындағы жағдайды талдау, электронды құжаттайналымы жүйелерін және электронды архивті пайдалану мүмкіндігін бағалау.
ON4. Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету және архив ісі саласында қолданылатын қолданбалы бағдарламаларды, оны іріктеу өлшемдерін, бағдарламалық қамсыздандыру негіздерін әзірлеу; Архив құжаттарының электронды мәліметтер базасын жасау кезінде IT әдістерін қолдану.
ON5. Ұйымдарда электронды архивтерді құру бойынша жобаларға сараптамалық қорытынды жасау, жақсарту жолдарын ұсыну.
ON6. Құжаттарды басқаруды қамтамасыз ету және архив ісінде қолданылатын ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын пайдалану.
ON7. Әртүрлі деңгейдегі архивтерді электронды құжаттармен толықтыруды жүзеге асыру; электронды құжаттардың құндылығын сараптаудың жалпы және нақты өлшемдер жүйесін қолдану; электронды архивтердің есептік және ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін құру.
ON8. Кәсіпорынның (мекеменің) электронды архивін қазіргі заңнамалар мен әдістемелік негізде ұйымдастыру; электронды архивтер қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
ON9. Электронды құжаттық басылымдарды дайындау, құжаттарды археографиялық өңдеу, мәтінмен жұмыс істеу және электронды форматтағы басылымдардың ғылыми-анықтамалық аппараттын құрастыру үшін теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қолдану.
ON10. Архив құжаттарын цифрлаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеу; архив құжаттарының мәтінің тану және сканерлеу; танылған мәтінді тексеру және анықтау; архив құжаттарын цифрлаудың техникалық құралдарының таңдау әдістемесін меңгеру.
ON11. Алынған ғылыми білімдерін IT-архивтану және құжаттану бойынша өз ғылыми зерттеулерінде тұжырымдау, ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру, оған сәйкес әдіснаманы таңдау, зерттеу кезеңдерін анықтау.
ON 12. Өткізілетін сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және әдістемемен қамтамасыз ету. Әріптестер және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орнату.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген