Магистратура

Мамандық шифры:

7M07112

Мамандығы:

Электр энергетикасы

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Энергетикадағы ғылыми-техникалық прогресті дамытудың негізгі кезеңдерін реттеу, ғылым мен техникадағы тарих пен философияның рөлін түсіну және сыни ойлау; дәстүрлі емес және альтернативті энергия көздері базасында автономды энергия қондырғыларын құру принциптерін саралау, электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтынудың өдірістік мәселелерін саралау. Энергетикадағы материалдар мен бұйымдар бетінің нанотехнология және инженерия саласындағы инновациялық жасақтаулар, микропроцессорлық техниканың құрылымы және жұмыс істеу принципі;
ON2 Жоғары мектеп педагогикасы мен ғылыми ойлау психологиясының ҒЗЖ-да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін негізгі жетістіктерін, өнеркәсіптік электрониканың іргелі принциптерін, теориялық электротехниканың заңдары негізіндегі электр тізбектерін, өлшеу техникасының жұмыс істеу принципі мен құрылымын, электрмен жабдықтаудағы сапаны бағалаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін және сапасын арттыру мәселелерін түсіндіру;
ON3 Электр физикада және жоңғары вольтті технологияларда физикалық құбылыстар мен процестерге, электрлік және магниттік тізбектердің сызықты емес режимдерін талдау әдістері негізінде электр тізбектерінің математикалық модельдерін құру үшін математикалық аппаратты және қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерін қолдану;
ON4 Басқару және қорғаудың электрлік аппараттардың құрылғыларын жобалау бойынша және олардың қолдану саласын білу, күн энергетикалық қондырғылардың, жоғары вольтты және электротехникалық технологиялар мен құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, жанартылатын энергия көздері негізінде автономды электрмен жабдықтау жүйесін жасақтау және қолдану тапсырмаларын талдау және түсіндіру;
ON5 Эксперименттік және жобалық жұмыстар барысында күн энергетикасы мен жаңартылатын энергетика технологияларын, материалдар мен аспаптарды, автоматтандырылған электр жетектерін құру ерекшеліктерін, олардың өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы техникалық іске асыру мысалдарын келтіру, зерттеу
ON6 Электрфизикалық және жоғары вольтты технологиялардың, электр энергиясының сапасын есептеу және бағалау әдістерінің негізгі түрлерін, қазіргі заманғы әлемдік электр энергетикасындағы орын алатын, проблемалардың заманауи жағдайын зерттеу нәтижелерін жалпылау;
ON7 Электр берілісінің әуе және кабель желілерінің конструкциялық орындалуы мен жұмыс шарттарын, жұмыс істеу принципін, трансформаторлар мен электр желілерінің құрылымдық орындалуын, параметрлері мен алмастыру сұлбаларын ажырату;
ON8 Жоғары вольтты жабдықтардың параметрлерін, электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі бойынша типтік сипаттамалары мен параметрлерін, тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектері мен сигналдарының параметрлерін, энергетикалық объектілердің, электрондық және күштік схемаларды автоматика және бақылау жүйелеріндегі электрондық схемаларды есептеу;
ON9 Микропроцессорлық жүйелер негізінде энергетикалық құрылғылармен автоматты басқару моделін құру және зерттеу
ON10 Альтернативті энергия көздері негізінде электрмен жабдықтау сенімділігін бағалау әдістері мен құралдарының техникалық шешімдерін әзірлеу
ON11 Автоматтандырылған жобалау жүйесін энергетика кәсіби қызметінде интеграциялау, ғылыми және инженерлік эксперимент деректерін өңдеу нәтижелері, энергетика объектілеріндегі математикалық модельдер
ON12 Шағын станциялар мен электр желілерінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүргізу, білім беру мекемелерінде оқу процесіне энергетика жетістіктерін енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген