Магистратура

Мамандық шифры:

7M02310

Мамандығы:

Шетел филологиясы (шығыс тілдері)

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Бұл бағдарламаны меңгергу нәтижесінде магистранттар келесідей қабілеттерге ие болады деп күтілуде:
1. Шығыс филологиясының өзекті мәселелерін анықтап, зерттеу аспектілерін айқындай алады, шығыс елдеріндегі филологияның дамуындағы дәстүрлі және қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу міндеттерін салғастыра байланыстыру.
2. Зерттеу үдерісі барысында шығыс тіліндегі көркем және тарихи қолжазба мәтіндерді талдау және интерпретациялаудың әртүрлі әдістерін қолдану.
3. Шығыс елдеріндегі жазба ескерткіштерді зерттеудегі қазіргі заманғы тенденцияларды, заманауи теорияларды, проблемалар мен тәсілдерді, филологиялық концепцияларды сыни тұрғыда бағалау.
4. Теориялық және қолданбалы жобалар контексінде тілдік жазбаша және сөйлеу материалдарын зерттеу әдіснамасын кеңейте отырып, қазіргі заманғы лингвистика мен шығыс тілдерінің терминология саласындағы жетістіктерді сыннан өткізе отырып қолдану.
5. Прагматикалық және функционалдық стратегияларға негізделе, когнитивтік, лингвомәдени контексттерді ескере отырып, аударма үдерісінде туындаған кәсіби міндеттер мен мәселелерді шығармашылық түрде шешу.
6. Шығыс елдерінің сал-саласындағы көптеген мәселелеріне қатысты жүргізілетін зерттеу үдерістеріне ағымдағы жағдаяттарды жан-жақты сипаттау және терең талдау үшін пәнаралық білімдерді интеграциялау.
7. Мәтіндердің түсініктемелерімен бірге тезаурусын жасау, IT -технологияларын қолдана отырып, салалар бойынша сөздіктер құрастыру, шығыс тіліндегі іскери салада қолданылатын үлгілер, шаблондарды жасау.
8. Қазақ және Шығыс халықтары әлемінің тілдік картиналарын салыстыру, тілдік трансформацияларды жалпылау және лингвомәдени саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жобаларды ұйымдастыру.
9. Оқитын шығыс тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша, Шығыс елдерінің тілдері мен әдебиеттерінің өзара қарым-қатынасы мен ықпалдастығы бойынша ғылыми жобалар жасау.
10. Әдеби шығармалардың идеологиялық және тақырыптық мазмұны, жанрлық ерекшеліктері, сюжеттік және композициялық ерекшеліктері, стилі және поэтикасы тұрғысынан жан-жақты талдау жүргізу; көркемсөз туындыларын талдау процедураларында басқа гуманитарлық ғылымдардың әдіснамасын қолдана алу қабілетін көрсету.
11. Аудиторлық және ақпараттық желілерде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін дәстүрлі және инновациялық әдістерді біріктіре, жаңарта отырып, шығыс тілдерін оқыту әдістерін жасап әзірлеу.
12. Өзінің ғылыми, педагогикалық, кәсіби қызмет нәтижелерін сыни түрде бағалау және шығыс тілінде қатынас құру регистрлерін кеңейту, әрі қарай кәсіби және ғылыми өсу траекториясын жобалау.
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген