Магистратура

Мамандық шифры:

7M02307

Мамандығы:

Лингвистика

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Ғылыми зерттеу жұмысын дайындау жағдайында тілдік үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай отырып, ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін құрастыру.

ON2 Әртүрлі тілдердегі мәліметтерді пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлей отырып, ең күрделі және жауапты жұмыстарды орындаушы ретінде ғылыми зерттеулер жүргізу.
ON3 Түрлі дереккөздерден маңызды деректерді жинау және өңдеу, материалдардың құрылымы мен мазмұнын талдау, жалпы ережелер немесе қорытынды жасау үшін ақпараттарды біріктіру, мәнмәтінді, емле, синтаксис, пунктуация және материал стилін өңдеу.

ON4 Жасанды интеллект, компьютерлік бағдарламалар мен технологияларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оқу үдерісінде қолдану.

ON5 Нақты және сенімді зерттеу нәтижелеріне негізделген көпшілік алдында сөйлеудің, келіссөздер мен полемиканың негізгі ережелеріне сәйкес өз ұстанымдары мен жеке көзқарасын қорғау.

ON6 Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесіндегі мемлекеттік лингвистикалық бағдарламалардың тиімділігін жүзеге асырылып жатқан тіл саясаты мен тілдік жағдайға, әлемдік үрдістер мен тенденцияларға сәйкес бағалау.

ON7 Талдаудың, модельдеудің және ақпаратты генерациялаудың жалпы және арнайы әдістерін қолдана отырып, лингвистикалық сараптама жүргізу.

ON8 Күрделілігі мен жүйелілігі, тілдік дейгейі мен мәтіндік мәліметтеріне қарай тілдік корпустарды әзірлеу.
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген