Магистратура

Мамандық шифры:

7M07105

Мамандығы:

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Факультеті:

Химия және химиялық технология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.тұрақты дамудың қазіргі заманғы қағидаларын ескере отырып, бейорганикалық заттар мен материалдарды алудың объектілері мен технологиялары туралы негізгі ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеу;
2.бейорганикалық заттардың химиялық технологиясындағы жаңа қағидаларды, амалдарды, теорияларды, соның ішінде озық ағылшын тілді ғылыми әдебиет негізінде ғылыми танымның әдіснамасы мен философиясына сәйкес оқытудың заманауи әдістерін түсіндіру;
3.өндірістің заманауи технологиялық үдерістерінің сызбасын талдауды, бейорганикалық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеуді жүзеге асыру;
4.материалдар мен бұйымдарды, оларды өңдіру, өңдеу және модификациялау үдерістерін зерттеу кезінде кешенді зерттеулер мен сынақтар жүргізу;
5.зерттеудің, талдаудың, диагностиканың және модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, Қазақстан өнеркәсібінің басым жаңа немесе белгісіз бағыттары бойынша бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының ғылыми және инженерлік мәселелерін шешу;
6.бейорганикалық технология үдерістерін бақылау әдістерін және бастапқы шикізат пен дайын өнімді талдау әдістемелерін жетілдіру;
7.бейорганикалық заттар мен материалдарды алу және өңдеу технологиясының тиімділігін арттыру үшін үдерістер мен жабдықтардың параметрлерін оңтайландыру;
8.қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерін, соның ішінде ағылшын тілін қолдана отырып, жоғары білім беру ұйымдарында химия және химия-технологиялық пәндер бойынша оқу үдерісін іске асыру;
9.өндіріске енгізу үшін химиялық технологияның теориясы мен тәжірибесінің жаңа жетістіктерін сыни бағалау;
10.экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкес технологиялық үдерістерді басқару;
11.әлемдік және қазақстандық өнеркәсіпті дамыту трендтеріне сәйкес минералдық шикізатты қайта өңдеу және бейорганикалық заттарды, материалдарды алу үдерістерінің жаңа технологияларын әзірлеу;
12.зерттеу және өндірістік үдерістерді жүзеге асыру мен ұйымдастыру кезінде кәсіби және көшбасшылық қасиеттерді көрсету.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген