Магистратура

Мамандық шифры:

7M03116

Мамандығы:

Балалар психологиясы

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың теориялық-әдіснамалық, қолданбалы, салалық тәсілдерінің тарихи аспектілері мен тұжырымдамалық негіздеріне және психологиядағы эксперименттік жұмыс негіздеріне жүйелі көзқарасты көрсету.
2. Дизонтогенез тұжырымдамасын, типологиясын және себептерін қолдана отырып, психикалық дамудың бұзылуының себептері мен сипаттамаларын талдау, жетіспейтін және бұрмаланған психикалық дамуды диагностикалау, патопсихологиялық зерттеу жүргізү.
3. Балалардағы жоғары психикалық функциялардың даму ерекшеліктері, сенсорлық және гностикалық бұзылулар боинша, балалар мен жасөспірімдердің психосоматикалық бұзылыстары саласындағы балалар нейропсихологиясы мен психосоматикасы ұғымдарымен жұмыс жасау.
4. Аномалияны, дарындылықты, талантты, данышпандықты анықтайтын ғылыми категориялар мен ұғымдар жүйесін; осы құбылыстардың табиғаты мен құрылымын, олардың жас ерекшеліктерін, анықтау принциптері мен әдістерін; оларды психологиялық түзету мен қолдауды меңгеру.
5. Психодиагностикалық, түзету - дамытушылық, консультациялық және психотерапевтік қызметтің әдістерін, рәсімдерін, әдістемелері мен әдістерін отбасылық және жеке практикада (оның ішінде балалар-ата-аналар қатынастары саласында) қолдану.
6. Балалармен және жасөспірімдермен психологиялық қызметте диагностикалық деректерді пайдалану бойынша психодиагностикалық, медициналық-психологиялық қорытындылар мен ұсынымдар жасау.
7. Психотренинг, ойын, арт-терапиялық, денеге бағытталған және басқа психотехнологияларды қолдану негізінде психологиялық көмек, сүйемелдеу, психокоррекция және психотерапияны жүзеге асыру.
8. Балалық және жасөспірімдік кезеңнің теориялық және қолданбалы әлеуметтік-психологиялық проблемаларын шешу үшін модельдеу әдіснамасы негізінде диагностикалық, түзету, психотерапиялық, тренингтік және профилактикалық іс-шаралардың, әдістері мен бағдарламаларының нысандарың проблемаларына барабар таңдау және жүзеге асыру.
9. Балалар психологиясы саласында психологиялық зерттеулер мен эксперименттердің дизайны мен бағдарламасын, зерттелетін объектілердің қасиеттерін болжауға мүмкіндік беретін теориялық модельдерді құру, психологиялық деректерді өңдеуде статистикалық әдістерді қолдану.
10. Оқыту мен дамытудың негізгі жалпы педагогикалық әдістерін, психологиялық-педагогикалық технологияларын қолдану, оқу және тренингтік сабақтарды жобалау, педагогикалық әсерлерді болжау және бағалау.
11. Шет тіліндегі ақпараттан алынған тәжірибені сыни тұрғыдан бағалау және қайта қарау; заманауи аппаратураны, жабдықты, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану негізінде дайындық бейіні бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
12. Өзінің кәсіби қызметін және әртүрлі ұжымдардың жұмысын басқару әдістерін меңгеру; басқарушылық шешімдерді құру мен іске асырудың практикалық жағдайларына, оның ішінде стандартты емес жағдайларда теориялық тәсілдер мен әдістерді қолдану.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген