Докторантура PhD
Бiлiктiлiгі:
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
- Түлектер моделі
-
Міндетті
пәндер
-
Элективті
пәндер
- Кәсіби
ОН1 Түркітану ғылымында кәсіби міндеттерді кеңейту мақсатында педагогикалық және ғылыми бағыттар жүйесіндегі білімді талдау.
ОН2 Текстологиялық мамандандырылған пәндер бойынша қолжазбалармен жұмыс істеуге бағытталған практикалық сабақтар өткізу.
ОН3 Оқу бағдарламаларын, авторлық курстарды, оқулықтарды, ғылыми жобаларды, қолжазбалармен жұмыс істеуге арналған әдістемелік ұсыныстарды және өзіндік жұмысты құрастыру.
ОН4 Білім алушылардың тексттермен жұмыс жасау, ғылыми-зерттеу, жобалау және оқу-кәсіптік қызметін ұйымдастыру.
ОН5 Тіл философиясын және тіл, қоғам түсінігін салыстырмалы талдауға арналған жобалар мен мобильді қосымшалар әзірлеу.
ОН6 Оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін әртүрлі жанрдағы ғылыми жарияланымдарда таныстыру.
ОН7 Түркітану саласындағы интернет – ресурстармен, ғылыми басылымдармен жұмыс істеуге бағыттау.
ОН8 Ғылымды бақылау ұйымдары мақұлдаған журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларды талдау.
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: кәсіби саладағы зерттеу міндеттерін алдыға қою мен шешу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімді қолдануды қамтамасыз ететін құзіреттерді қалыптастыру.
Қарастырылады: дербес және ұжымдық жоспарлау әдістері; зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды және өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; нәтижелерді апробациялау және ғылыми рәсімдеу; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуді және коммерциализациялау.
-
Тіл философиясы және түркітану методологиясы
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: тіл философиясы, тілдің пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, стильдік тармақталуы, жалпы тіл және қоғам түсінігін салыстырмалы талдап, зерделеу. Сондай-ақ, түркітану методологиясын, алғашқы адамдар, түркі халықтары этногенезі, алғашқы ұлттық мемлекет, өркениеттік өрлеу және қалыптасу жайлы кешенді білім беруге бағытталған.
-
Академиялық жазу
- Кредит саны: 2
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: өз идеяларын, ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын құрылымдау. Ғылыми жұмысты жазудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін қарау, идеяларды жазбаша түрде дәлелдеу, академиялық жұмыстарды құрылымдау тәсілдерін пайдалану, сілтемелерді, библиографияны шет тілінде ресімдеу, ғылыми мақалаларды Q1-Q4 көрсеткіштері бар журналдарда және импакт-факторы жоғары немесе JCR-дәйексөзді басылымдарда жариялау құралдары көрсетіледі.
-
Түркітану зерттеулерінің тарихы, теориясы және әдістемесі
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: түркітану ғылымының іргелі және қолданбалы бөлімдерінде ғылыми жұмыстарды сыни түрде түсіну, талдау, зерттеудің эмпирикалық сатысына негіз ретінде бастапқы теориялық ұстанымдарды таңдау. Әлемдік түркі институттарының ғылыми қызметінің тарихы, жұмыс істеу мәселелері және осы институттардың мұрағаттарынан жаңа материалдарды тарту қарастырылады.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Мәдени мұралардың деректанымдық негіздері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: докторанттарды мәдени мұралардың деректанымдық қайнар көздерімен, әлемдік, отандық мәдени ескерткіштерге қатысты деректер мен ғылыми базаны қолдану ұстанымдарымен сыни талдауға бейімдеу. Сондай-ақ, жалпытүркілік кеңістіктегі мәдени мұраларды деректану тұрғысынан цифрландыру, саладағы әлемдік деректаным нәтижелерін үйрену, дерекнама базасының қалыптасуы жайлы кешенді білім беруге, ғалымдардың дерекнамалық ізденістеріне қатысты сараптамалық блокты игертуге бағыттау.
-
Көне түркілік ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: көне түркілік ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі түркі тілдерінің дамуына әсер ететін факторларды анықтауға, тіларалық байланыстарға ғылыми талдау жасауға, ортақ лексика-фразеологиялық қорды жүйелеуге, түркі ата тілінің негізін анықтауға бағытталған. Түркі тілдеріндегі фразеологизмдердің шығу тарихы, семантикасы, тілдегі қолданылуы, ұйытқы фразеологизмдер алғышарттары салыстырмалы-тарихи, синхрондық-сипаттамалы аспектіде талданады.
-
Түркі жазба ескерткіштерінің теориясы және методологиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: жалпытүркілік жазба ескерткіштер тілінің ерекшеліктерін айқындау, VI-IX ғасыр түркі жазба ескерткіштері тіліндегі дифференциациялық және интеграциялық лингвоиндикаторлар негізінде көнетүркілік мәтіндердің фонетикалық, морфологиялық құрылымның қазіргі түркі тілдерінде сақталу деңгейін талдау және мәтіндерді аудару методологиясын саралау.
-
Түркітанудың деректануы мен тарихнамасының ілгері мәселелері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: түркі халықтарының жазбаша ескерткіштері мен дереккөздерін, тарих, дипломатия, түркітілдес мемлекеттер мен халықтардың халықаралық қарым-қатынасын, жазбаша ескерткіштерді зерттеу әдістері мен тәсілдерін, зерттеушінің кәсіби лабораториясында докторанттарды бастапқы дереккөздерді және тарихнамалық материалдарды пайдалану арқылы талдау жасауға бағыттау.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Педагогикалық
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
-
Зерттеу
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген