Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D03105

Мамандығы:

Халықаралық қатынастар

Факультеті:

Халықаралық қатынастар

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы(PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін докторанттар келесідей қасиеттерге ие болады деп күтілуде:
1 Заманауи ақпараттық-аналитикалық технологияларды қолдана отырып, ХҚ-дың өзекті мәселелерін жүйелік талдауы негізінде қазіргі халықаралық-саяси парадигмалардың негізгі идеясын жеткізу; қазіргі әлемдік саясаттың халықаралық ахуалы мен үрдістерінің дамуын болжамдау.
2 Халықаралық қатынастар жайлы заманауи білімін жинақтау, жаһандану, интеграция үдерісімен өзара байланыстағы жаһандық дамудың кешенді үрдістерінің салыстырмалы және пәнаралық талдауын жүзеге асыру және оларды ЖОО-да халықаралық қатынастар бойынша пәндерді оқыту барысында қолдану.
3 Қарулы қақтығыстар мен жаһандық қауіпсіздіктің жаңа факторларының талдауында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі теория мен тұжырымдама әдіснамасын қолдану; халықаралық қауіпсіздіктің жаңа қауіп қатерлерін меңгеру бойынша өздігінен ұсыныстарды тұжырымдау.
4 Танымал ғылыми мектеп өкілдерінің Орталық Азиядағы геоясаси жағдайының қазіргі мәселелеріне деген зерттеу тәсілдерінің ерекшеліктерін айқындау; жетекші акторлардың ішкі саяси позицияларын сын көзбен талдау жасау, және оларды орталық-азиялық аймақтағы мүмкіндіктерді, қатерді, нақты жағдайларды талдауда қолдану.
5 Мемлекеттік қызметте, аналитикалық, сарапшылық саласында, кәсіби қызметте ұсыныстарды өндіру үшін қазіргі халықаралық қақтығыстарды басқару тәжірибесін, халықаралық ұйымдардың ауысуын, қазіргі әлемдік ахуалды қалыптастырудың негізгі үрдістерін талдау, сын көзбен бағалау.
6 Халықаралық-саяси процесстердің жаңа үрдістерін, қазіргі теорияларының, ғылыми зерттеу нәтижелеріне сыни көзбен талдау жасау және ақпараттық-аналитикалық технологияларды, салыстырмалы, болжамдық және т.б. зерттеу әдістерді қолдану негізінде халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелерін талдаудағы жаңа және теориялық тұрғыда дәлелденген тәсілдерді жинақтау.
7 Интеграциялық үрдістер жөнінде ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды сын көзбен бағалау, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардағы кәсіби қызмет шеңберінде практикалық ұсыныстарды өндіру үшін интеграциялық бірлестік тәжірибе қызметін зерттеуінде қолданылатын тәсіл мен түсінік бойынша білімді түрлендіру.
8 ОА-дағы қазіргі геосаяси жағдайлар жайлы білімдер жинағын қолдана отырып, жетекші державалардың мүдделер динамикасының салыстырмалы талдау нәтижелерін жинақтап қорыту, кәсіби қызмет шеңберінде ұсыныстарды өндеу және Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың болжамдық талдауын жүргізу.
9 ХҚ-дың механизмдерін реттеу ретінде халықаралық ұйымдардың рөлін талдау барысында жалпы теориялық тәсілдерді түсіндіру, халықаралық ұйымдардың ауысуы мен даму мәселелерін өздігінен талдау қабілетіне ие болу және оларды тиісті мекемелерге ұсынысты өндіру үшін қолдану.
10 Ғылыми зерттеу бағдарламасын өздігінен дамыту, ғылыми-білім беру және сарапшы-аналитикалық кәсіби қызметте практикалық маңызды мәселелерге бағытталған жаһандық және аймақтық, ұлттық даму, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша зерттеу міндеттерін қалыптастыру.
11 Ғылыми бағдарламамен сәйкесінше ғылыми зерттеуді жүзеге асыру, қазіргі ақпараттық-аналитикалық технологияларды қолдана отырып, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша алынған білімдерді дағдыландыру, және алынған нәтижелерді қорытындыланған диссертациялық жұмыс күйінде ұсыну.
12 Диссертация, ғылыми есеп, мақала, сонымен қатар рейтингтік журналдардағы басылым түрінде халықаралық қатынастар саласындағы аналитикалық және ғылыми-зерттеу қызметіндегі нәтижелерді айғақты және дәлелді көрсету, біртума зерттеулермен халықаралық қатынастар жайында қазақстандық ғылым дамуына үлес қосу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген