Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D05203

Мамандығы:

Гидрология

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1) Жоғары білім берудің негізгі оқу бағдарламалары бойынша педагогикалық қызметті жүргізу, гидрология ғылым саласы, Жер туралы ғылымдар және іргелес ғылым салаларында әртүрлі пәндер бойынша ақпараттық технологияларды пайдаланып, аудиториялық сабақтар, зертханалық зерттеулер түрінде студенттерді оқыту және даярлау және далалық практиканы жүзеге асыру;
2) гидрологиялық деректер базасын және сонымен қатар зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, гидрологиялық өнімдерді шығарудың әдістері мен құралдарын таңдау және негіздеу;
3) гидрология, гидрологиялық үрдістер салаларында ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді орындау бағдарламаларын жоспарлау және дайындау, заманауи компьютерлік мен ГАЖ технологияларын қолданып, далалық зерттеулер, ізденістер және ғылыми жұмыстарды жүргізу тапсырмаларын дайындау;
4) бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстар, ғылыми нәтижелерді жоғары рейтингтік журналдарда жарияланатын; гидрометеорология саласында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалану;
5) табиғи-шаруашылық кәсіпорындар мен су-шаруашылық кешендердің ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерін шешу үшін жобалардың ғылыми және гидрологиялық сараптамаларын жүргізу;
6) гидрологиялық үдерістерді үлгілеуге математикалық және сандық әдістерді пайдалану, Жерді қашықтықтан зерделеу және рельефтің (төселме беттің) сандық моделі мәліметтерін қолданумен геоақпараттық үлгілеудің әдістерін меңгеру;
7) елдің су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану мақсатында гидрологиялық үдерістер, құбылыстар мен нысандарды гидрологиялық, гидравликалық және математикалық модельдерге негізделген зерттеулер нәтижелерін бағалау және ұсыныстар жасау.
8) аймақтарда су басу, су тасу, ең аз ағынды, жер беті ағындысы сияқты сияқты қауіпті гидрологиялық құбылыстардың болашақта алдын-ала хабарлау үшін олардың қазіргі өзгерістеріндегі аймақтық көрініс табу себептерін негіздеу және түсіндіру.
9) экономика салалары мен халықты сумен қамтамасыз ету көзі ретінде су ресурстары режимінің мен табиғи су көздерінің су сапасын қазіргі және болашақтағы (болжамдық) жағдайын есептеу, талдау.
10) табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету сценарийлерін оңтайландыру үшін су ресурстарын басқарудың жаңа әдістерін және құралдарын дайындау және ұсыну, эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу, өзен суларының гидрохимиялық өзгерістері динамикасын талдау.
11) гидрологиялық ақпараттардың шұғыл түсімін бақылау және туындаған қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен жалпы қауіп-қатерлі жағдайларды шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау.
12) топпен жұмыс істеу қабілетін көрсете білу, ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерді шешу бойынша қазақстандық мен халықаралық ғылыми зерттеу топтардың жұмысына қатысуға қажетті тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшелену, су нысандарының гидрологиялық режимінің жай-күйіне сапалы және сандық талдау жүргізу.
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген