Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D04102

Мамандығы:

Экономика

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Оқытудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру және ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие процесін құру.
ON2 Ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу, өзінің жаңа ғылыми идеяларын қалыптастыра отырып, аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу мақсатында өз білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізіп отыру.
ON3 Макроэкономикалық талдау негізінде әлемдік және ұлттық экономиканың даму тенденцияларын түсіну және болжау, экономиканы дамытудың ықтимал тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтау үшін макроэкономика модельдері бойынша есептеулер жүргізу.
ON4 Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін динамикалық тепе-теңдік модельдерін қолдана отырып, экономикадағы экономикалық ауытқулар мен дағдарыстық құбылыстардың себептерін анықтау негізінде макроэкономикалық саясатты бағалау.
ON5 Кәсіпорындардың, ұйымдардың басқару әдістерін жетілдіру және стратегиясын әзірлеу үшін экономикада зерттеулер жүргізудің статистикалық және эконометрикалық әдістері саласындағы жүйелі түсінікті көрсету.
ON6 Компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, оның бизнес-процестерін оңтайландыру әдістемесін негіздеу және әзірлеу.
ON7 Турбуленттілік жағдайында тұрақты экономикалық дамудың өзекті мәселелерін терең түсініп, көпсалалы контексте елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуына әсер ететін факторларды бағалауды көрсету.
ON8 Тұрақты инновациялық дамуға қол жеткізу үшін экономикалық өсудің озық үлгілері арқылы мемлекеттік саясаттың факторлары мен рөлін талдау негізінде елдің экономикалық өсу мүмкіндіктерін бағалау.
ON9 Қабылданатын шешімдердің жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін бизнес пен басқарудың барлық салаларында, ғылым және жоғары білім саласында сараптамалық қызметті жүзеге асыру.
ON10 Команданың тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін жүйелі ойлауды, креативтілікті, бастамашылықты, оқуға қабілеттілікті, өзін-өзі дамытуды, басқарушылық және коммуникативті мінсіздікті, қабылданған шешімдер мен нәтижелер үшін жауапкершілікті көрсету.
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген