Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D04110

Мамандығы:

Қаржы

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Аталған білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болады деп күтіледі:
1. қаржылық салымдардың тиімділігін, қаржы ресурстарын мақсатты пайдалану мүмкіндіктерін талдау және бағалауға; жобаларды қаржыландарыу сызбасын жасауға; орындалатын операциялар ауқымында басқару шешімдерін қабылдау үшін есептілікті және дәлелді негіздеулерді дайындауға;
2. қаржылық талдау, қаржылық жоспарлау және болжаудың негізгі әдістерін пайдалана отырып, оқу экспериментін, сауалнама, сұхбат, мониторинг жүргізу үшін нарықта болжамды жағдайды жасау;
3. қаржы саласы бойынша іргелі концепцияларды сыни талдау және салыстыру, қаржы саласына қатысты үдерістер, құбылыстар және объектілер бойынша ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу барысында талдаудың әдістері мен құралдарын қолдану;
4. қойылған міндетке сәйкес қаржылық және экономикалық деректерді өңдеу үшін қолданыстағы құралдарды таңдау және пайдалану; заманау техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есептеулердің нәтижелерін талдау; алынған нәтижелерді аналитикалық және зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдану;
5. қаржылық шешімдерді қабылдаудың модельдері мен стратегиясын жасау үшін әр түрлі көздерден қаржы және экономикалық көрсеткіштерді өңдеу, талдау және жүйелеу; қаржы тәуекелдерін барынша азайту үшін ұйымның қаржылық стратегиясының міндеттерін қалыптастыру; нақты жағдайларда қаржылық шешімдердің балама нұсқаларын ұсынуы
6. қаржы саласында дербес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу қабілеті; зерттеудің теориялық, әдістемелік және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын негіздеу; қойылған міндеттерді шешу мақсатында таңдап алынған зерттеу әдістері мен құралдарының нәтижелілігін көрсету;
7. қаржы саласына қатысты зерттелген үрдістер, құбылыстар және және объектілердің қолданбалы модельдерін жасау; зерттелген мәселе бойынша ұсыныстарды жасау және жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін ғылыми және практикалық қызметте сынақтау мақсатында ұйымда қабылданған стандарттарға сәйкес ұсыну;
8. қаржылық ұтымды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интелллект және нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану арқылы қаржы өнімдері, қаржылық үдерістер, технологиялар және институттар түріндегі қаржылық инновацияларды жасау; қаржылық аналитика бойынша консалтингтік қызметтерді ұсынуды жүзеге асыру;
9. білім беру бағдарламаларын, оқу курстарын, модульдерді, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру үдерісіне қосу; құзыреттілік ұстаным негізінде авторлық курсты жасау және білім беру үдерісіне енгізу;
10. жиынтық тиімділікті барынша арттыру үшін ұйымның корпоративті стратегиясын жасау, қаржылық шаруашылық қызметін жоспарлау, үйлестіру және басқару қабілеттілігіі; нәтижелерді талдау, ұсыныстар әзірлеу және мүдделі тараптарды шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
11. қаржылық инвестициялардың тиімділігін бағалау, бизнес-үдерістер, бизнес-модельдерді оңтайландыру, компанияны дамытудың тиімді шешімдерін таңдау, қаржылық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында коммерциялық жобаға, лицензиялау, сертификаттау талаптары мен нормативтік құжаттардың орындалуына тәуелсіз қаржылық сараптама жүргізу қабілеттілігі;
12. ұйымдастырушылық дағдылар мен бастамашылықты көрсету; іскерлік қарым-қатынастарды қалыптастыру, компанияның ішкі және сыртқы ортасымен тиімді қарым-қатынас жасау; әртүрлі әлеуметтік жағдайларда парапар әрекет ету; ғылыми қарым-қатынас және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында шет тілін еркін меңгеру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген