Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D07502

Мамандығы:

Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 мақсаттарды қалыптастыру, міндеттерді анықтау, өнімдер мен қызметтер сапасын бақылау саласында әдеби, патенттік, ғылыми-техникалық және басқа да ақпарат көздерін тереңдетіп зерттеу және іріктеу негізінде зерттеу құралдарын қолдану;
ON2 ғылыми диссертациялық жұмыс тақырыбына сәйкес зерттеу объектілерін бақылау және жетілдіру үшін математикалық үлгілерді әзірлеу, сандық модельдеу әдістерін қолдана білу немесе ғылыми және эмпирикалық мәліметтерге негізделген мәселелерді шешудің жаңа алгоритмін құру;
ON3 эксперименттік зерттеулер мен бақылау бағдарламаларын әзірлеу және қолдану, тәжірибелік жабдықтарды қолдану арқылы қазіргі заманғы техникалық бақылау құралдарына негізделген өлшемдерді жоғары сапада жүргізу;
ON4 қолданбалы ғылыми зерттеулердің міндеттерін шешуге арналған жүйелі амалдар мен математикалық әдістерді таңдау, ғылыми және кәсіби қызметтің ғылыми әдебиеті мен электронды ақпараттық-білім беру ресурстарының үлгілерін дайындау; кəсіпорындарда энергетикалық менеджменттің басқару шешімдерін қабылдау үшін интеллектуалды қолдау алгоритмдерін және əдістерін əзірлеу;
ON5 объектілерді және экологиялық құбылыстарды модельдеудің математикалық әдістерін қолдану; қондырғылар мен аспаптардың сипаттамаларын және оңтайлы жұмыс режимдерін зерттеудің жоғары сапалы және шамалас аналитикалық әдістерін әзірлеу; цифрлы технологияларды қолданумен тиімді есептеу әдістерін негіздеу және тексеру;
ON6 эксперименталды деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолданып, индустрия объектілерін физико-техникалық бағалау әдістерін әзірлеу, бірыңғай технологиялық құжаттама жүйесі (БТҚЖ) және Бірыңғай құрастырымдық құжаттама жүйесі (БҚҚЖ) сәйкес күрделі дифференциалдық деңгейдің ғылыми-техникалық құжаттамаларын қолдану, эксперименталды және теориялық зерттеу нәтижелерін құжаттауды жүзеге асыру;
ON7 өнеркәсіптік өндірістегі қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жүйесіндегі қоршаған ортадағы зиянды (ластаушы) заттардың қалдықтарын отандық және халықаралық деңгейдегі экологиялық заңнамаға сәйкес қатаң түрде айқындау, олардың кәсіби қызметінде энергияны үнемдеу және энергия тиімді технологиялардың сапасын бақылауды жүргізу үшін әдістер әзірлеу;
ON8 ҚР БжҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстарын мақсатты қаржыландыру және гранттық бағдарламалардың іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларына қатысу және пәнаралық білімдерді біріктіру;
ON9 диссертациялық зерттеудің ғылыми-техникалық нәтижелерін KKСOН ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына қажетті тілде ұсынылған мерзімді басылымдар түрінде жариялау арқылы мақала ретінде ұсыну, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын пайдалану;
ON10 қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қолданбалы міндеттерді жобалау және шешу, мәліметтерді және білім құрылымдарын модельдеу және жобалау, олардың қолданылуының экологиялық және экономикалық аспектілерін ескере отырып, құрылғылар мен қондырғыларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін тұжырымдамалық, логикалық, тиісті салаларда математикалық және алгоритмдік деңгейде қолданбалы талдамалық талдау әдістерін қолдану;
ON11 ИСО 9000, 14000, 22000 сериялы және т.б. халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес оқу пәнінің қазіргі жағдайының мәселелерін кәсіби және кешенді талдауды жүзеге асыру, теориялық және қолданбалы міндеттерді тұжырымдауды және шешуді баға беру;
ON12 қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістеріне негізделген академиялық тұтастықпен сипатталатын тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін таңдауға және тиімді пайдалану; әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру дағдыларын меңгеру, зерттеу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жүзеге асыру, оқу саласын жүйелі түрде түсіну; тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі қарым-қатынас жасауға; өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, толық әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген