Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D07106

Мамандығы:

Жылу энергетикасы

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Энергетикалық проблеманың әлеуметтік-мәдени, философиялық және ғылыми-теориялық негіздеріне талдау жүргізу және қазіргі өркениеттің тұрақты даму векторының бағытын ескеретін жаңа экологиялық қауіпсіз энергетикалық парадигмаларды қалыптастыру.
2. Эксперименталды зерттеу әдістерін қолдану және конвективті жылу алмасу процестері туралы мәліметтерді синтездеу, жаңа техниканы қолданумен байланысты мәселелерді шешу.
3. Жылу қондырғыларында газдардың қозғалысын қамтамасыз ететін жылу процестерін аэродинамикалық есептеу үшін 3D модельдеу әдістерін қолдану.
4. Көмір жылу станцияларының камераларында жылу массатасымалдау процестерінің аэродинамикалық және жылу сипаттамаларын анықтау үшін сандық эксперименттер жүргізу.
5. Газ, материалдар және конструкция элементтері арасындағы қондырғыларда болып жатқан жылу берудің қолданбалы есептерін шешу.
6. Тамшылы сұйықтықтарда конвективті жылумассатасымалдау есептерін шешу үшін теориялық есептеу әдістерін талдау.
7. Шаңкөмір отынының жануы кезінде болатын физика-химиялық процестерді моделдеу бойынша сандық әдістерді қолдану.
8. Энергия тиімділігін арттыру мақсатында ЖЭС және ЖЭО-ның қолданыстағы жылу жүйелерін жаңғырту және қайта жаңарту үшін инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу.
9. Шет елдердің озық тәжірибесі мен үздік тәжірибелерін пайдалана отырып, жоғары сенімділік пен экологиялықты қамтамасыз ететін жылумен жабдықтаудың жоғары тиімді жүйелерін құру.
10. Отынды үнемдеуді ұлғайту және әуе бассейнінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін жылумен жабдықтау жүйелерінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа технологияларды пайдалана отырып іс-шаралар ұйымдастыру.
11. Жану камераларындағы жылуалмасу процестері туралы білім негізінде жану және жылуалмасу процестерін оңтайландыру үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдану
12. Қазіргі ғылыми жетістіктерді бағалау және жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық қондырғылар мен жүйелерді жобалау, зерттеу және пайдалану мәселелерін шешуде инновациялық әдістерді мақсатты қолдану.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген