Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D05101

Мамандығы:

Биология

Факультеті:

Биология және биотехнология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Білім беру жүйесі мекемелерінде биология мен жалпы биологиялық пәндерді оқыту әдістемесі саласындағы іргелі, жүйелі білімді көрсету (биологияның теориялық-әдіснамалық принциптері, биология ғылымдары бөлімдерінің түсініктік-терминологиялық аппараты, хронобиологиядағы, медицинадағы, биотехнологиядағы өзекті биологиялық бағыттар, заманауи үрдістер мен тәсілдер);
ON2 Сандық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ғылыми деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістерін кеңінен қолдану арқылы биологиялық пәндерді оқыту деңгейін жетілдіру. Оқу-білім беру міндеттерін шешу барысында биологиялық білімдерді синтездеу және трансформациялау; жоғары оқу орындарында биологиялық пәндер бойынша сабақтар және аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
ON3 Биология саласындағы жаңа идеяларға, проблемаларға, көзқарастар мен үрдістерге сыни талдау, бағалау және синтездеу жүргізу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, қазіргі теорияларды, проблемалар мен тәсілдерді, тірі ағзалардың функцияларын зерттеудегі жаңа үрдістерді сыни бағалау. Халықаралық гранттарға қатысу процесінде қазіргі биология саласында өзіндік тәсілдерді, жаңа идеяларды, гипотезаларды және оларды шешу жолдарын жасау;
ON4 Қазіргі биологияның негізгі принциптерін түсіндіру, оларды практикада қолдану, бастапқы теориялық позицияларды таңдауда осы білімдерді одан әрі қолдану мақсатында қазіргі биологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; инновациялық жетістіктердің алынған нәтижелерін өндіріске енгізу (патент алды куәліктер, патенттер, авторлық куәліктер және енгізу актілері);
ON5 Биологиялық зерттеу объектісінің функционалдық жай-күйін талдау кезінде ғылымдағы жаңа бағыттардың теориялық-әдіснамалық ережелерін қолдану, биологиядағы перспективті жаңа бағыттарға проекциясымен дербес зерттеулер жүргізу; халықаралық деректер базаларының рейтингтік журналдарында ғылыми пікірталастарда және жарияланымдарда талқылау үшін ғылыми нәтижелерді дәлелді және негізді ұсыну;
ON6 Тағам, химия, медицина өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, биотехнология салаларында ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру (наноөңдеуді пайдалану жолымен тамақ өнімдерінің ассортиментін жаңарту; химиялық өнімді жетілдіру; биотехнологиялық процестерді жетілдіру);
ON7 Өнеркәсіп өндірісінің әртүрлі салаларына биологияның жаңа жетістіктерін бірлесіп интеграциялау, өндірістің технологиялық бағдарламаларын жасау үшін және медициналық, агротехнологиялық және биотехнологиялық қолданбалы салаларында әртүрлі өнімдер мен ұсыныстарды алу үшін биохимиялық, микробиологиялық, антропофизиологилық, кибернетикалық білімдерін кешенді қолдану
ON8 Қазіргі қоғамда өзін-өзі тану және кәсіби мансапты қалыптастыру, тұлғаның кәсіби әлеуметтенуі, өзінің кәсіби мансабы бойындағы бәсекеге қабілеттілік көрінісінде шығармашылық даралықты жүзеге асыру; биоэтика қағидаттарын ұстанатын ұжымда жұмыс істеуге, адамның био және ноосфера арасындағы үйлесімділікке нақты бағдарлануға қабілетті болу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген