Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02209

Мамандығы:

Шығыстану

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттер:
1. Шығыстанудың ғылыми-зерттеу, академиялық, ұйымдастыру және басқа кәсіби салаларында ғылыми, академиялық және шығармашылық өнім түріндегі нақты өлшенетін нәтиже алу үшін іргелі дайындығын қолдануға;
2. Шығыс елдеріндегі ағымдағы және маңызды оқиғаларға ақпараттық, аналитикалық шолулар дайындау үшін қазіргі заманғы Шығыстағы өзекті тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді талдауға қажет ғылыми теорияларды, әдістерді жүйелеуге және интерпретациялауға;
3. Нақты еңбектер - диссертациялар, баяндамалар, мақалалар аясында қазіргі заманғы ғылымның үрдістеріне талдау жасауға, түрлі теориялар, тұжырымдар мен әдістерді сыни тұрғыдан бағалауға, зерттеулердің басым бағыттарын анықтауға;
4. Қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларды анықтауға және шешуге, ана тілінде және шет тілдерінде халықаралық және отандық стандарттар мен талаптарға жауап бере алатын қолданбалы және бағдарламаларды дайындауға;
5. Қарым-қатынас процесін тиімді түрде арттыруға, аударма техникасы мен стратегиясын қолдана отырып әртүрлі жанрда шығыс тілінен және шығыс тіліне ауызша және жазбаша екіжақты аударма жасауға;
6. Нәтижелі ғылыми жоба орындау үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сонымен бірге ғылыми мәліметті алу, өңдеу және сақтау әдістерін, статистикалық талдау әдістерін, есеп беру, мәліметтерді өз ана және шет тілдерде түсіндіру дағдыларын қолдана алуға;
7. Халықаралық ынтымақтастық пен зерттеулерді өз деңгейінде жүзеге асыру үшін қазігі заманғы шығыс тілдері, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс тілдері бойынша білімін тұрақты түрде дамытып отыруға;
8. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат, аннтотация, түйіндеме, дайындау барысында ғылыми мақала жазудың халықаралық стандарттарын жүйелеуге, өзінің қол жеткізген нәтижелерін кәсіби ғылыми деңгейде көрсете алуға;
9. Өз бетінше алған жаңа білімін шығыстану саласы бойынша тиісті әдебиеттерді, оқып-зерттейтін аймақтар бойынша ақпараттарды пайдалана отырып аналитикалық материалдар мен ұсыныстар дайындауға қолдануға және талдауға;
10. Жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламаларын дайындауға және оқу процесін ұйымдастыруға инновациялық әдістерді енгізуге;
11. Шығыстану саласындағы білім аясына және нақты аймақты оқып-зерттеуге дербес зерттеу жұмысы арқылы үлес қосуға, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша монография дайындауға;
12. Түрлі мақала, баяндамаларда мәдени, тарихи, лингвистикалық дискурсты талдап-түсіндіру барысында ойын еркін білдіруге, сонымен қатар басқа, оның ішінде өткен замандардағы және / немесе қазіргі уақыттағы шығыс мәдениеттері мен бірегейліктерін түсінуге қабілетті болады.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген