Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02207

Мамандығы:

Музей ісі және ескерткіштерді қорғау

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Бағдарламаны игеру нәтижесінде докторанттар келесідей танымдарға қабілетті болады:
1. Музейлік құжаттама мен музейлік коммуникация барысындағы музейлік практикалық қызметке бағытталған өңдеуді қамтамасыз ететін технологиялық әдістемені әзірлеу;музейдің тұжырымдамалық үлгілі міндеттерін келесі ұғымдар арқылы зерттеуді жүзеге асыру: ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері, коммуникативті жүйе, мәдени үлгі.
2. Музейлік экспонациялау ісінде коммуникациялық тәсілдер мен жаңа үрдістер негізінде музей мекемелері мен музейлік қызметтің жекелеген бағыттарын дамытудың тұжырымдамаларын құру үшін музейлік саясаттың басымдықтары мен тұғырнамаларын дайындау;
3. Музейлік мекеменің мақсаттарына, міндеттеріне, профиліне қарай ғылыми жұмыстың бағыттарын ұйымдастыру және жоспарлау;
Зерттеу кезінде ғылыми критерийлер мен тұғырнамаларды қолдану, түрлі конференцияларда ғылыми ізденістердің тұсаукесерін жасау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және таныту тұрғысындағы пәнаралық зерттеу бағдарламаларын іске асыру;
4. Аймақтағы жаратылыстық-тарихи (табиғи), тарихи үдерістерді құжаттау мақсатында қор жинағына материалдар іріктеудің мәдени-білім беру қызметінің үлгілері мен әдістерін, жинақтаудың ғылыми тұжырымдамасының үлгілері мен әдістерін әзірлеу; музейтану, музей ісі және мәдениет саласындағы теориялық және эксперименталдық зерттеулер әдістемесін меңгеру; профильдеуші кадрларды дайындау кезінде музейтану және ескерткіштану зерттеулерінің теориялық негіздері мен әдістерін қолдану;
5. Музей қорларын есепке алу, сақтау, ғылыми өңдеу, консервациялау және қалпына келтіру бойынша музей қызметі туралы жүйелі түсінік беретін қор жұмысыың ғылыми тұжырымдамасын жасау;
6. Мәдени құндылықтардың түпнұсқалығы, атрибуциясы, сәйкестілігі, бірегейлігі жөнінде дәйекті сараптамалық қорытындылар (түсініктемелер) беру;
7. Келушілермен жұмыс істеуден қалыптасқан тәжірибені пайдалана отырып,ықтимал аудиторияның қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын нақты анықтауға мүмкіндік беретін музейлердің маркетингтік үлгілерін құру және оларды қанағаттандыру жолдарын негіздеу;
8. Макро және мирросегментация стратегиясы негізінде музейлік менеджмент тұжырымдамасын әзірлеу. Музейлік және мәдени мекемелердің болашағы бар даму жоспарларын, фандрейзинг жүйесін дайындау, қаржы ресурстарын бағалау және PR технологияларды қолдану;
9. Музейлік бұйымдарды, тарихи-мәдени ескерткіштерді сандандыру және оларды виртуалды алаңқайларда презентациялау тәсілдерініңтұжырымдамаларын ұтқыр қосымшаларда, 3D сервистердік үлгілердеәзірлеу: музейлік және мәдени мекемелерде сандық маркетингті қолдану;
10. Тарихи нақты кезеңдерде, оның ішінде қазіргі кезде мәдени және табиғи мұраны сақтау мен игеру ерекшеліктерін талдау; мәдени және табиғи мұраны сақтау мәселелері жөніндегі жобалардың тұсаукесерін жасау;
11. Музейтанудың арнаулы пәндері бойынша студенттік-орталықтандырылған тәсілдеме негізінде және сандық технологияны пайдалана отырып дәрістер өткізу; оқытушылық қызметтің оқыту курстарын, пәндерін (үлгілерін) әзірлеу, сандық және интерактивтік үлгілерді пайдалана отырып, жоғары білім беру және қосымша бағдарламалар бойынша оқыту дәрістерінің жекелеген түрлерін өткізу;
12. Өзара ынтымақтастықты және бірлескен қызметті ұйымдастыру, командада жұмыс істеу; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласында біліктілікті қалыптастыру және дамыту; шығармашылық міндеттерді шешу; өз қызметінің түрлі үлгілердегі нәтижелерін көрсету (хабарлама, эссе, тұсаукесер, реферат және т.б.); мәдениет институттарының әлеуметтік-мәдени даму беталыстарын ұғындыру және қауымдастыққа өз зерттеулерінің нәтижелерін таныту; өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін музейлік мекемелер мен ескерткіштерді сақтау жөніндегі ұйымдардың нақты мұқтаждықтары саласына ықпалдастыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген