Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02205

Мамандығы:

Археология және этнология

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Аталған бағдарламаны аяқтаған докторанттардан күтілетін қабілеттер:
ON1 әлем халықтарының этноәлеуметтік және этномәдени дамуына сай оларды әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістермен қабыстыра отырып салыстырмалы талдау жүргізілген этнологияның заманауи жетістіктері негізіндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу
ON2 жұмыс бейіні бойынша ҚР аумағы мен шет елдерде ғылыми-зерттеу экспедициялары мен далалық ізденістерді ұйымдастыру және жүргізу; археология мен этнология мәселелері бойынша заманауи зерттеу ұстанымдарын сипаттау және талдау мақсатында пәнаралық ілімді зерттеу үдерістеріне кіріктіру
ON3 ҚР өңірлері бойынша археологиялық және этнологиялық мониторинг жүргізу, көрме, семинар, конференция ұйымдастыру және өткізу; археологиялық және этнографиялық зерттеулер бойынша ғылыми жобалар мен ғылыми есептерге сараптамалық қорытынды жасау;
ON4 этнографиялық білім беру бағдарламалары, музей жұмысы бойынша білім беру қызметімен айналысу; ғылыми және білім беру ісінде аудио және видеоматериалдарды құрастыру; ғылыми есеп, реферат, мақала тезистері түрінде оқу және ғылыми-зерттеу қызметтері нәтижелерін көрсету;
ON5 тарих, мәдениет, ұлтаралық қатынастар мен археологиялық материалдар мәселелері бойынша ғылыми болжамдар жасау және сараптама жүргізу; археологиялық және этнологиялық зерттеулердегі ғылыми ізденістер нәтижелеріне, заманауи теорияларға, мәселелер мен ұстанымдарға сыни талдаулар жүргізу.
ON6 кешенді археологиялық және этнографиялық зерттеулерді, сонымен қатар біртұтас жүйелі ғылыми таным негізінде пәнаралық ізденістерді жобалау және жүзеге асыру; ғылыми зерттеулердегі қолданылып жатқан әдістемелердің негіздемесін бағалай алу;
ON7 мемлекеттік және шетел тілдерінде заманауи әдістер мен ғылыми қатынастар технологиясын қолдану, ұжымды басқарған кезде ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру, команданың мақсаттарына ықпал ету, керекті мақсаттардың бағыттарына қарай оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал ету, қызмет нәтижелерінің сапасын бағамдау
ON8 далалық археологиялық зерттеулер әдісін жетілдіру, археологиялық ескерткіштерді табу мен зерттеуде заманауи технологияларды енгізу, бұрын зерттелінген ескерткіштерді археологиядағы жаңа ашылулар негізінде сауалдарын қайта өрбіту, ГИС-әдістері сынды зерттеулерді қолдану арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру.
ON9 археологиялық зерттеулердің ақпараттық базасын құрастыру, Интернет желісіне сандық тұрғыдан орналастыру; далалық жұмыстар мен Қазақстан Республикасының ежелгі және ортағасырлық маңызды мәліметтерін интеграциялайтын зерттеу нәтижелеріне ақпараттық жүйелер жасау;
ON10 пәнаралық зерттеулер жүргізу, археологиялық материалдарды жаратылыстану және техникалық бейіндегі ғылыми мамандармен бірлесе отырып кешенді зерттеу жүргізу; өзінің дербес зерттеулері негізінде археологиялық ескерткіштерді зерттеудің түпнұсқалық әдістері мен зерттеулік және аналитикалық болжамдық қызметін жасап шығару;
ON11 ақпараттық-талдау орталықтары, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, БАҚ, тарихи-мәдени туризм мекемелері қызметтеріне қарай тарихи және әлеуметтік-саяси мәселелерді талдап беру;
ON12 ғылыми қауымдастықтарда өзара қатынас нормаларын, ғалым-зерттеуші ғылыми этикасын сақтау, ұжымда көшбасшы болу, бастама көтере білу, өзінің кәсіби құзыреттелігі аясында өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнына алу, кәсіби қызметінде пайда болған түйінді жағдайларды шешу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген