Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D03203

Мамандығы:

Халықаралық журналистика

Факультеті:

Журналистика

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Философия докторлары (PhD) ББ аяқталғаннан кейін мынандай нәтижелерге жетуі тиіс:
ON1 Медиалогия және коммуникативтік саласында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жоспарлау, сыни бағалау және болжау.
ON2 Медиаформалар мен медиа институттарға, практиктерге, динамикаларға, модельдерге, логикаға, процестерге және халықаралық қатынастар саласында медиада кездесетін коммуникациялық проблемаларға кешенді талдау жүргізу.
ON3 Медиасистеманың мүмкіндіктерін ескере отырып, әлеуметтік-саяси өзгерістер, халықаралық қақтығыстар, көші-қон легі жағдайында коммуникациялық мінез-құлық тактикасын саралау.
ON4 Медиажүйенің жаһандану және интернационалдану жағдайында әлемдік коммуникативистиканың қазіргі заманғы үрдістерін, бағыттары мен даму заңдылықтарын қолдану; БАҚ-тың түрлі өлшемдерінде қоғамдық, саяси, аудиовизуалды және ұйымдастырушылық белсенді зерттеулер мен мониторинг жүргізу.
ON5 Ұжымды басқаруда көшбасшылық танытуға, өз білімі мен іскерлігін әріптестеріне және бағыныштыларға беруге, тұрақты кәсіби өсуге ұмтылуға, білімге негізделген қоғамның дамуына жәрдемдесу.
ON6 Цифрлық БАҚ, әлеуметтік желілер, гаджеттер, жасанды интеллект элементтері, SMM және тағы да басқа заманауи өзгерістерді қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздік, медиаинституттар мен медиа-жобаларды инновациялық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
ON7 Зерттеу жүргізгенде алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығын бақылау, ғылыми этиканы және нәтижелердің негізділік принциптерін ұстану.
ON8 Кәсіби және ғылыми қызметте қазақ, орыс, ағылшын, қажет болған жағдайда басқа тілдерді еркін пайдалану.
ON9 Ғылыми ақпараттың үлкен ауқымымен жұмыс істеу, оның әртүрлі көздерімен өз бетінше шұғылдану, іргелі ғылымда еркін бағдарлану; диссертацияның негізгі бағыттары бойынша нәтижелерді алу және тексеру үшін зерттеу процесін құру, алынған деректерді халықаралық журналистика және медиалогия практикасына енгізу.
ON10 Зерттеулер мен эксперименттер барысында алынған нәтижелерді импакт-фактор жоғары халықаралық ғылыми журналдарда жариялау және халықаралық конференцияларға қатысу.
ON11 Ғылыми пікірталастарға қатысу, коммуникациялық саланың түрлі аспектілері бойынша өз көзқарасын білдіру және қорғау.
ON12 Жоғары білім беру ұйымдарында жаңа оқыту технологияларын, кәсіптік саладағы білімді меңгеру мен бақылау әдістерін пайдалана отырып зияткерлік сабақтар өткізу, білім беру бағдарламаларына жетекшілік жасау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген