Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B05204

Мамандығы:

Метеорология

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. жаратылыстану ғылымдарының, физика және математиканың негізгі ережелерін, заңдары мен әдістерін білу негізінде табиғат пен қоғамның дамуы мен қызметінің негізгі заңдылықтарын сипаттау; атмосферада өтетін негізгі физикалық процестердің табиғатын түсіндіру;
ON2. табиғи метеорологиялық өлшеулер мен бақылаулар жүргізу; жаңа техниканы, әдістер мен технологияларды пайдалану; кәсіби терминологияны, кодтар мен нормативтік құжаттарды қолдану; кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
ON3. тиімді метеорологиялық бақылау желісін құру; метеорологиялық станциялар мен бекеттер желісінің жұмыс сапасын тексеру; қажетті гидрометеорологиялық ақпаратты жинау және оған талдау жүргізу; арнайы метеорологиялық бақылауды ұйымдастыру; метеоақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін практикада қолдану;
ON4. бұлттар мен жауын-шашынның пайда болуының физикалық процестерін түсіндіру және сипаттау; оларды морфологиялық және генетикалық белгілері бойынша жүйелеу; атмосферада түрлі оптикалық және электрлік құбылыстардың пайда болу табиғатын түсіндіру;
ON5. атмосфераны зондлаудың заманауи және перспективті әдістерінің теориялық және әдістемелік негіздерін практикада қолдану; қазіргі мәліметтер базасын және ақпаратты алу әдістерін қолдану; ауа райы болжамдарын жасау кезінде метеорологиялық, аэрологиялық, радиометеорологиялық және жерсеріктік ақпаратты талдау және бағалау;
ON6. ауа-райы карталарын, барикалық топография карталарын, аэрологиялық диаграммаларды өңдеу және талдау жүргізу; ауа-райы болжамын жасау үшін атмосфералық процестер мен ауа-райы жағдайларының даму ерекшеліктерін анықтау;
ON7. атмосфераның жалпы және мезо ауқымды айналымы үлгілерімен жұмыс және ауа райы болжамдары үшін олардың нәтижелерін түсіндіру;
ON8. қысқа, орташа және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарын; мамандандырылған метеорологиялық болжамдарды; қауіпті және дүлей метеорологиялық құбылыстардың пайда болуы, ауа райының күрт өзгеруі туралы ескертулерді жасау және оларды мемлекеттік билік және басқару органдарына, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және халыққа жеткізу;
ON9. шаруашылық қызметтің түрлі салалары үшін қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды бағалау, олардың пайда болу себептерін түсіндіру және болжам жасау;
ON10. климаттың негізгі сипаттамаларын есептеу; климаттың өзгеру үрдістерін диагностикалау және талдау; климаттық жағдайларға жыл сайынғы шолу жасау; ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, климаттың мониторингінің ұлттық өнімін ұсыну;
ON11. қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін метеорологиялық факторларды бағалау және әуе бассейнін қорғау мақсатында оларды есепке алу бойынша әзірленген ұсынымдарды практикада қолдану; нақты уақыттағы атмосфераның жай-күйіне мониторингті, оның ішінде радиолокациялық және спутниктік бақылауларды пайдалана отырып ұйымдастыру;
ON12. метеорологияда және аралас ғылымдарда тұлғалық және кәсіби жетілдіру траекториясын анықтау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген