Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B04103

Мамандығы:

Экономика

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
  • екiншi жоғары бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ОН1: іс жүзінде экономикалық санаттармен кәсіби түрде жұмыс істейді; экономикалық циклдің кезеңдерін ажырата біледі және экономика субъектілерінің мінез-құлқын түсіндіреді; экономикалық модельдер мен теориялардағы нарық заңдарының іс-әрекетін графикалық түрде көрсетеді.
ОН2: экономиканың қызмет істеуінің негізгі көрсеткіштерін есептеп, елдің ұлттық шоттар жүйесінде олардың рөлін түсіндіреді; макро, мезо және микродеңгейлерде экономикалық процестерді талдау үшін деректер базаларын және модельдерді топтастырады; Қазақстан үшін экономикалық өсудің алдыңғы қатарлы модельдерін қолдану мүмкіндігін негіздейді.
ОН3: әртүрлі нарықтардағы экономикалық агенттердің мінез-құлқының алгоритмін тұжырымдайды; тәуекелдерді және олардың қызметіндегі өзгерістерді жіктейді және оларды бағалау әдістемесін негіздейді; ң өнеркәсіптегі және Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорынны негізгі көрсеткіштерін түсіндіреді; экономикалық өсу модельдеріндегі экономикалық саясат құралдарын негіздейді.
ОН4: күрделі экономикалық мәселелерді шешудің сандық және сапалық әдістерін пайдалануды негіздейді; кәсіби қызметінде математикалық және эконометриялық модельдерді қолданады; нарық субъектілерінің қызметіне тиімді бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіру; кәсіпорынның бизнес-процестерінің тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалануды негіздейді.
ОН5: кәсіпорындардағы экономикалық процестерді талдау үшін статистикалық деректер базасын қалыптастырады; деректерді талдау үшін EViews, Stata, MS Excel қолданады және алынған қорытындылар мен нәтижелерге сүйене отырып, салаларды, өңірлерді және экономиканы дамытудағы негізгі үрдістерді бағалайды.
кəсіпорындардың экономикалық жоспарларына арналған бастапқы деректерді қалыптастырады; кәсiпорындардың экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ақпарат алудың, сақтаудың және өңдеудiң негiзгi әдiстерiн ұсынады; әр түрлі жобаларды басқару әдістеріне (PMI, IPMA және PRINCE2) негізделген кәсіпорын үшін ұтымды шешімдер модельдерін әзірлейдi.
ОН7: әлемдік экономикалық циклдардың себептері мен салдарын талдайды; экономикалық күйзелістерді бағалау үшін тұрақтандыру саясатының құралдарының тиімділігін салыстырады; елдің макроэкономикалық үдерістерін талдау үшін AD-AS және IS-LM үлгілерін пайдаланады; макроэкономикалық мәселелерді шешуде Ұлттық банктің және республика үкіметінің саясатын негіздейді.
ОН8: компанияның тіркелген және ағымдағы активтерінің құрылымын талдайды; материалдардың тұтыну мөлшерін есептейдi, олардағы кәсіпорынның қажеттіліктерін бағалайды; еңбек өнімділігі мен өндірістік активтердің көрсеткіштерін ажырата біледі; кәсіпорын үшін баға белгілеу және инвестиция жасау стратегиясын таңдап, олардың жұмысын бағалайды.
ОН9: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасайды, оның сметасын есептейді; есеп беру компаниясында ақпаратты талдайды, Excel арқылы қаржылық-экономикалық есептеулердің дағдыларын қолданады; тиімді шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау кезінде алынған нәтижелерді пайдалану; тұтастай алғанда кәсіпорынның және экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің факторларын бағалау
ОН10: қолданыстағы бизнес-процестерді бағалайды, кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында олардың жаңа түрлерге көшу модельдерін ұсынады; кәсіпорында ресурстарды, процестер мен тәуекелдерді бөлу туралы жаңа шешімдерді болжайды; EViews және Stata бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын қолданып іскерлік және экономикалық саясаттың нақты мәселелерін талдайды.
ОН11: экономика субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны негіздейді; олардың қызметін талдау барысында стандартты әдістемелер, стандарттар мен заңнама нормаларын қолданады; өз бизнесін құрудың құқықтық және экономикалық аспектілерін талдайды; кәсіпорынның бизнес-тәуекелдерін және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалайды
ОН12: өз іс-әрекетін кәсіби түрде жүзеге асырады, өз білімін, ақпараттық және коммуникативтік дағдыларын қолданудың тиімді бағыттарын бағалайды; әр түрлі көздерден ақпарат жинайды; командалық жұмысты ұйымдастырады, кәсіби қызметінде адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескереді; стандартты емес жұмыс жағдайында жылдам бейімделеді.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген