Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B02301

Мамандығы:

Шетел филологиясы (шығыс тілдері)

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - тіл білімі бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
ON1)тіл және сөйлеу, тілдің әлеуметтік сипаты және оның заманауи мультимәдениетті әлемдегі рөлін ғылыми зерттеуде шетел (шығыс) филологиясы саласындағы соңғы жетістіктерді сыни түрде талдау және пайдалану;
ON2)кәсіби және жалпы мәдени өарым-өатынас үдерісінде үдерісінде шығыс және батыс тілдерінде коммуникативтік сөйлеудің әртүрлі формаларын (ауызша, жазбаша және экстра-лингвистикалық) интеграциялау; іскери хат алмасу; хаттамалық іс-шараны ұйымдастыру;
ON3) фонетикалық, морфемалық, морфологиялық және синтаксистік талдауды пайдалана отырып, тіл жүйесінің иерархиясын, сондай-ақ тілді жүйелік функционалды білім берудің ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін ажырату;
ON4)әртүрлі жанр мен стилистикалық бағыттағы шығыс және батыс тілдеріндегі мәтіндерді құрастыру, аудару, талдау, реферат жазу және қорытындылау;
ON5)әлемдік әдебиеттің теориясы мен тарихы, сондай-ақ заманауи әдістер мен тәсілдерге негізделген оқылатын тіл елі әдебиеті саласындағы негізгі тұжырымдарды топтастыру;
ON6)шығыс тілдеріндегі әдебиетте көрсетілген әлемнің ғылыми, философиялық, діни картинасын және осы картиналардың негізінде сипатталған іргелі тұжырымдарды сипаттау;
ON7)оқылатын тіл еліндегі әдеби үдерістің кезеңдерін ажырату; әлеуметтік жағдай мен дәуірдің мәдениетіне байланысты әдеби шығармалардың көркемдік маңызы мен ерекшелігін дәлелдермен талдау;
ON8) идеялық-тақырыптық мазмұны, жанры мен сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, стилі мен поэтикасы тұрғысынан оқылатын тіл елінің әдеби шығармаларын жан-жақты талдау;
ON9) оқылатын тіл елінің тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси дамуын, оның діни-рухани және философиялық тәжірибесін сипаттау, материалдық және рухани мәдениеті жетістіктерінің жалпы адамзаттық өркениетке қосқан үлесін дәлелдермен сипаттау;
ON10)тіл, әдебиет және мәдениет деректеріне қатысты өз ұстанымдарын анықтай отырып ғылыми талқылау жүргізу; ғылыми эсселер, баяндамалар, рефераттар, шолулар жасау;
ON11)инновациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіби қызметтің әр түрлі мәселелерін шешу; компьютерлік аударма бағдарламалары, электрондық сөздіктермен жұмыс істеу;
ON12) кәсіби қарым-қатынас жағдайында әрекет етудің әр түрлі әдістерін жүзеге асыра, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты түрде қабылдай отырып топта бірлескен іс-қимыл жасау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген