Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B05306

Мамандығы:

Физика және астрономия

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Физика және астрономияның негізгі бөлімдері мен бағыттарының іргелі заңдары мен теорияларын түсіндіру;
2. Ғарыштық объектілер мен құбылыстардың табиғаты мен бақыланатын ерекшеліктеріне жауап беретін негізгі физикалық процестерді жаратылыстану-ғылыми әлемінің бейнесі ретінде түсіндіру;
3. Объектілерді, құбылыстарды және процестерді зерттеудің физика-математикалық әдістерін жіктеу;
4. Макро- және микроәлемдегі процестерді, құбылыстарды және объектілерді физика және астрономияның іргелі теориясы мен заңдары негізінде түсіндіру;
5. Макро- және микроәлем құрылымын, құрылысын және қасиеттерінің өзара байланысын анықтаумен байланысты есептерді шешу;
6. Ғарыштық объектілерде және жұлдызаралық ортада жүретін физикалық процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін физика мен астрономияның іргелі заңдары мен теорияларын қолдану;
7. Зерттелетін аспан денелері мен олардың жүйелерінің сипаттамаларын, физикалық және химиялық қасиеттерін, түзілу, даму, құрылу және қозғалыс заңдылықтарын талдау;
8. Физикалық процестердің жүру заңдылықтарын ашу мақсатында ғарыштық объектілердің құрылуын, құрылымын және қасиеттерін сипаттау үшін теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерді қолдану;
9. Қойылған кәсіби есептерге сәйкес физикалық эксперименттер жүргізіп, зерттелетін ғылым салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу алгоритмдерін әзірлеу;
10. Қазіргі заманғы жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында оқу үдерісін педагогикалық тұрғыдан тиімді нысандарын, әдістерін және құралдарын таңдау;
11. Дәстүрлі, инновациялық, интерактивті, студенттік технологияларды және оқыту әдістерін қолдана отырып, жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында жоғары сапалы сабақтарды жоспарлау және өткізу.
12. Ғылыми зерттеулердің барысында туындайтын жаңа тапсырмаларды қалыптастыру, зерттеу әдістерін таңдауды негіздеу, өз көзқарасын дәлелді түрде келтіре алу; жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында оқу үдерісін жүргізу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген