Студенттік өмір

 

 

   

Әл–Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қайырымды қала тұрғындары» тақырыбында қазақ филологиясы мамандығы 1–курс магистранттарының ұйымдастыруымен онлайн форматта ашық тәрбие сағаты өткізілді  (23.11.2020). Магистранттарымыз Әбу Насыр әл–Фарабидің қайырымды қоғам құрудың қолайлы жолдарын іздейтін алты бөлімді «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактаттар» кітабының әр бөлімінде не қарастырылатыны туралы тоқталып, талдап өтті. Әл–Фараби мемлекет саясатының басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу, игілікпен жеткізу деп санайды. Ол «бақыт дегеніміз — игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені, ең жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы бар дейді. Ал ондай құқыққа ие болып, бақытқа жетуге қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана жете алатындығын айтады. Сонымен қатар магистранттарымыз сұрақ қоя отырып,  әл–Фараби туралы қызықты деректермен де ой бөлісті. Бүгінгі сабақтан тағы бір түйгеніміз магистранттарымыздың ойлары ұшқыр, талдаулары терең, мықты, нағыз ғылымға керек жастар екеніне көз жеткізгендей болдық!

 

Куратор-эдвайзер ф.ғ.к., доцент Рамазанова Ш.А.

         

08.04.2020 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да онлайн студенттік бизнес-инкубаторбайқауы өтті. Байқауда кез келген курста оқитын студенттер түрлі мамандығынына қатысы бар тұрлі бизнес идеяларымен бөлісті. Байқау нәтижесінде Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тіл білімі кафедрасы студеттерінің ұсынған «Qazaq Grammarly» жобасы 3 орынды иемденді. Жобаны құрастырғандар «5В020500-Қазақ филологиясы»мамандығында білім алып жатқан 3 курс студенттері Жанғанаева Фариза мен Бөлек Сұлу. Жобаға кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD доктор Әнесова Үміт жетекшілік етті. жетекшілігіменұсынған жобасы 3 орынды иемденді. Жобаның негізгі – мақсаты еліміздегі сауаттылық деңгейін арттыру, халықтың тілдік құралдарын дұрыс пайдалануға жағдай жасау, сондай-ақ лингвистиканың арнайы салалары бойынша сауатсыздықты азайту.  

Фариза мен Сұлу «Qazaq Grammarly» қосымшасын құрастыруда мынандай пікір айтады: «Технологияның дамуы адам өркениетіне артықшылықтармен қоса кемшіліктер де әкеліп отыр. Дегенмен, заман талабынан қалмау мақсатында, қазағымыз үшін «Сауатты қоғам» қалыптастыруүшін осы жобаны ұсындық. Сауатты жазу әрбір адам үшін маңызды!Қосымша қазақтілінде сауатты жазғысы келетін немесе қазақ тілін үйренгісі келетін адамдарға арналады. Нақтылыққа, сауаттылыққа ұмтылатындар үшін!»

Алдағы уақытта Фариза мен Сұлуға бұл жобаны жетілдіріп, «Qazaq Grammarly» қосымшасын қосып, бизнес идеяларын жүзеге асыруларына тілектеспіз!

   

2020 жылдың 8 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жатқан шетелдік білім алушылармен «Тіл және мәдениет» атты онлайн ой бөлісу дәрісі өтті. Атап айтқанда, Қытай мемлекеті Орталық ұлттар (МинЗУ) және Венгрияның Сегед университетінен келген жастар ойларын ортаға салды.

Тақырыпқа орай әлем­нің мәдени бейнесі, тіл мен мәдениеттің арақатынасы, мәдениеттер тоғысы, тіл және ұлттық мінез туралы пікірлесіп, халықтың мәдени құндылығын тіл арқылы танытуға негіз болатын басты факторларларды атап көрсетіп, аялық білімдерін толықтыру мақсатында қазақтың бай тілдік қорынан (реалиялар, логоэпистемалар, лакундар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, т.б.) мысалдар келтірдік.

Кез келген халық өзге тілдің ықпалынан өз тілі мен мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Бұл әсіресе тілден бұрын мәдениетке ықпалын көбірек тигізеді. Сондықтан әлемде қазіргі таңда жүріп жатқан «тілдік ғаламдану, мәдени шиеленіс, мәде­ни есең­гіреу, мәдениеттер тартысы» туралы да қызықты пікірталас өрбіді.

Ой бөлісу алаңында МинЗУ-дан келген қандас студенттеріміз академиялық білімдерін тереңдетіп, тіл білімі салалары бойынша білімдерін жетілдіргендерін, мажарстандық магистранттар қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып келгендіктен, қазақ елінің тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтындықтарын үлкен ризашылықпен жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Тымболова А.О.

 

 

 

 

 
   

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының бакалавр, магистрант және докторанттары тәжірибе өту үшін орта мектепте, ғылыми-зерттеу және қазақ тілін дамыту орталықтарына барады.

Бакалавр студенттері тәжірибе өту үшін, бірлесіп білім және ғылым саласында серіктестікті дамыту мен тығыз байланыс орнату, бірлесе отырып мамандар даярлау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумды келесі ұйымдармен орнатқан: Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандагндырылған физика-математика орта мектеп-интернаты, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, №53 мектеп-гимназия, №81 мектеп-гимназия, №146 мектеп-лицей, №148 мектеп, Дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы лицей-мектеп, №149 қазақ орта мектебі.

Магистранттар мен докторанттар педагогикалық практикаларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.

Магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу тәжірибесін келесі ұйымдарда өтеді: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Мемлекеттік тілді дамыту институты.

Соған қоса Қазақ тіл білімі кафедрасының түлектері мамандықтарына сәйкес өздері қалаған оқу орындары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, қазақ тілі орталықтары, баспа мен редакциялар, БАҚ құралдары және т.б. ұйымдарда қызмет ете алады.

Біздің түлектер жұмыс істейтін ұйымдар: Miras ınternational school, Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, №175 "Жаңа ғасыр" гимназиясы, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі, «BAYMAN GROUP QAZAQSTAN” компаниясы, , Massaget.kz және т.б.

   

2020 жылдың 12 ақпанында Филология және әлем тілдері факультеті әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында «білім беру үдерісіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау моделі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

Дөңгелек үстел мақсаты: Жұмыс берушілермен бірлесіп сандық білім беру жүйесіндегі филолог-маманның жаңа моделін дайындау.

Дөңгелек үстел барысында сандық білім беру жүйесіндегі филолог-маманның жаңаша моделін қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Дөңгелек үстелге жұмыс беруші ретінде Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Б. Қапалбек, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Г.Ж.Орда, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері А. Жанабекова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры орынбамары А.К.Калиева, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аналитика және сырқы әдеби байланыстар меңгерушісі С.В.Ананьева, Ұлттық аударма бюро редакторы Д.Б. Мұхамадиев қатысты. Дөңгелек үстел барысында филолог-мамандардың түрлі кәсіби қызмет атқаруда қалыптасыру қажет құзыреттіліктері мен ұсынған пәндері талқыланып, бандамалар жасалды.  

 

 

Әл-Фараби университетінде әл-Фараби идеялары кеңінен насихатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12-13 ақпан аралығында «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

Конференцияға шетелдік, отандық спикерлерден Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталықтарының директорлары, ҚР ЖОО қауымдастықтарының, халықаралық білім беру орталықтарының, білім беру мекемелерінің басшылары, жұмыс беруші компаниялардың өкілдері, ЖОО ұстаздары мен білім алушылары қатысты.

Ғылыми шарада адaмзaт қоғамының бaсты мaқсaты – aбсолюттік жоғары деңгей – кемелдікке жету болса, бүгінгідей заманауи білім берудің сандық контексіндегі әл-Фарабидің педагогикалық идеялары кеңінен насихатталды.

Конференцияның пленарлық мәжілісінен кейін барлық факультеттерде дөңгелек үстелдер өткізіліп, ондағы пікірталас алаңдарында білім беруді цифрландыру жағдайындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының құзіреттілік профилін анықтау, оқытушылардың педагогикалық қызметін ынталандыру тетіктерін табу, кадрларды даярлаудағы орта және жоғары білім берудің өзара әрекеттестігінің жаңа формаларын іздеу, білім беру үдерісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды игеру, бітіруші түлектердің құзіреттілік моделін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Университеттің осы шарасының аясында Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы 10-28 ақпан аралығында біліктілікті арттыру мақсатында «Цифрландыру жағдайындағы гуманитарлық білім беру жүйесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – цифрландыру жағдайындағы гуманитарлық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін зерттеп, оқу үдерісінде қолдана білудің тиімді жолдарын қарастыруды көздейді.

Семинар жұмысы оқыту үдерісіндегі филологиялық, гуманитарлық және басқа мамандықтардың пәндері бойынша білім мазмұны: теориясы және әдістемесі; латыннегізді қазақ жазуының емлесіндегі жаңартпалар; тиімді оқытудың деңгейлі бағдарламасы; білім берудің жаңа парадигмасында оқулықтар әзірлеу мен сапасын бағалау тетіктерін қарастыру бағыттары бойынша жүргізіледі. Семинарға гуманитарлық бағыттағы барлық білім берушілер қатыса алады. Қатысушыларға семинар соңында (72 сағаттық) сертификат беріледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі

Тымболова Алтынай Оразбекқызы

 

5B020500 - филология мамандығының 3-курс студенті Әнафияева Жарқынай Іниятқызы Нұр-Сұлтан қаласында өткен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты халықаралық үздік студенттер байқауынан 1-орын алды. 

   

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізілген – 5В020500 – «Филология:қазақ филологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасына университет атынан қатысып, жүлделі ІІ орын алды.

   

Жардемова Аяжан Маратқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог -Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қазақстанның үздік магистранты-2019" атты республикалық байқаудың жеңімпазы I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог -Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қазақстанның үздік магистранты-2019" атты республикалық байқаудың жеңімпазы I дәрежелі дипломмен қазақ филологиясының 1-курс магистранты Шенгелбай Мәдина Қайратбекқызы марапатталды.
   
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог -Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қазақстанның үздік магистранты-2019" атты республикалық байқаудың жеңімпазы I дәрежелі дипломмен қазақ филологиясының 1-курс магистранты Өтеулинова Аңсаған Бақыткелдіқызы марапатталды
   

 


 

2018 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында филология және әлем тілдері факультетінің, 5В020500-қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенті Жардемова Аяжан III annual International Scientific Conference «Тіл – рухани байлықтың қайнар көзі» конференциясынан I орын алды.

   

 

 

2018 жылдың сәуір айында Турция елінде өткен филология және әлем тілдері факультетінің, 5В020500 - Қазақ филологиясы мамандығының 2-курс студенті Әбілда Қызжібек Батыржанқызы «Тоғызқұмалақтан» I орын алды.

   

 


«TANYM» КЛУБЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢАРУЫ

28.01.2020 жылы ҚазҰУ-да үлкен мереке болды.

Бұл кездесуіміз басқасынан өзгеше болды! Біраз уақыт бұрын ф.ғ.д., профессор Г. Смағұлова ұстазымыздың бастамасымен іргесін көтеріп, факультетімізде артқыға үлгі болар талай дүлдүлдермен басқосулар өткізіп, жастардың таным көкжиегін кеңіткен «Tanym» клубы өз жұмысын қайта жандандырды.

Клубтың алғашқы басқосуының қонақтары жазушы Алмас НҮСІП, журналист-сыншы Бағашар ТҰРСЫНБАЙ, ақын Қайсар ҚАУЫМБЕК болды.

Кеш басында тек біздің ғана емес, бізге қонақ болып келіп отырған ақын, жазушы, журналсит ағаларымыздың да ұстазы Гүлдархан апайымызға осынау тамаша кештің шымылдығын түріп, жылы лебізін білдіру үшін сөз кезегі берілді.

Бұл кездесудің ерекшелігі: ешқандай ресми шаблондағы кездесу емес, емін-еркін, емен-жарқын отырып сұхбат түрінде өтті. Сөз тізгінін қысқаша таныстықтан бастаған қонақтар қазіргі әдебиет, журналистика саласының өзекті мәселелерімен аяқтады. Әрмен қарай тыңдармандардың қаламгерлердің шығармашылығы туралы сұрақтарымен жалғасты.

Кездесуде факультеттің талантты жастары өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жастарды жаңашылдыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа баулуды мақсат еткен басқосудың соңы ескірмес естеліктер үшін суретке түсумен аяқталды.

«Tanym» клубының жетекшісі Е.Н. Сағатбек

   

Қазан айының 18 жұлдызында, студенттер үйінің акт залында студенттік деканат ұйымының ұйымдастыруымен «Movie Night» (Кинотүн) өткен болатын. Студенттерді патриотизмге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақ хандығы: Алтын тақ» пен «Алмас қылыш» атты тарихи отандық фильмдер көрсетілді.

 

№17 студенттер үйінде қазан айының 14 жұлдызында Ләйлә Жұматайқызының жетекшілігімен «Көкжиек» клубы ұйымдастырған «Оқырман конференциясы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Конференцияда Төлен Әбдіковтың «Әке» повесі талданды. Студенттер шығарманы оқығандағы алған әсерлерін, көркемдігі және автордың өзге де шығармаларымен бөлісті.

   

Қазан айында  Қазақ филологиясы мамандығының студенттері Жалпы университеттік сенбілікке қатысты. Жатақхана мен университет аумағына тазалық жүргізді.

 

Эдвайзер Ж. Абдрахманова 1 курс студенттеріне «Салауатты өмір салты» әлеуметтік жобасы аясында «Жатақханадағы тазалықты сақтау шаралары», 2 курс эдвайзері Ж. Саткенова КФ 202 топ студенттерімен «Жатақхана – өз үйім», 3 курс студенттеріне профессор А. Тымболова «Жатақхана тәртібі» тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізілді.

Кураторлық сағат барысында студенттерге жатақхананың ішкі тәртібі, жатақханадағы қауіпсіздікті сақтаудың ережелері туралы мәліметтер берілді. «Жатақхана – өз үйім» айдары барысында тұрмыстық тазалықта сақтау, жатақхана тазалығына көңіл бөлу, жатақхана ережелерін сақтаудың маңыздылы туралы мәселелер жан-жақты талқыланды.

   

ҰЛТ БІРЛІГІ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

Бүгін 04.11.2019 ж. филология және әлем тілдері факультетінің, Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 303 топ эдвайзері А. Тымболованың ұйымдастыруымен 3-10 аудиториясында шетелдік 19 сдуденттің және 303 топ студенттерінің қатысуымен «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты әдеби кеш өтті. Кеш әр халықтың өнерін, оның рухани байлығының негізін, ынтымағы мен бірлігін дәріптеуге, тілі мен дінін сыйлауға, құрметтеуге бағытталған.

Кешке кафедра оқытушылары Қ. Мұхамади, Н. Егізбаева, Ү. Анесова қатысты. Шетелдік студенттер мен «Қазақ филологиясының» 3 курс студенттерінің бір-бірімен танысуы, қазақ халық әндерін айтуы, қызықты қойылымдар қоюы, «Қытай биі» мен «Қара жорға» биін бірігіп билеуі әдемі көрініс алды. Бұл кештің ұтымдылығы аз уақыттың ішінде тамаша ұымдастырылуында. Достық пен бірлігі, ынтымақтастық пен ауызбіршілігі бар екі топтың қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайтынына куә болдық. Кеш соңы университет мұражайымен танысуға ұласты.

Кафедра оқытушысы Ж. Жақыпова

 

ДОСТЫҚҚА ЖҮРМІН ҚҰМАРТЫП

Бүгін 19.11.19 жылда  ҚФ 102-топ кураторы  Е. Сағатбек және оқытушы Ж. Сәрсенбайдың ұйымдастыруымен 17-жатақхананың мәжіліс залында «Достыққа жүрмін құмартып» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш студенттік жылдарда жаңа табысып жатқан достарды ізгілікке шақырып, адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге бағытталған.

Көңілді кеште топ студенттері ән айтып, аспапта ойнап, қызықты қойылымдар қойып қана қоймай, тамаша ойындар да ұйымдастыра білді. Бұл кештен «достық» деген ұғымның қандай қадірлі екенін тереңірек түсініп қайттық. Осындай игілікті іс-шаралар көп болғай!

 
 

 

 

                                           

 БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың
2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елімізді жасампаздық пен ілгерілеуге жетелеуде білім беру сапасын жақсарту күн тәртібінен ешқашан түспейтіні қадап айтылды. Жолдауда «Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз»,-делінді. Бұған дейінгі жолдауларда да «өркендеудің негізгі драйверлері – инновациялар мен білім ошақтары – университеттер» болып табылады деп атап көрсетіліп, білім мен ғылымның дамуына үнемі баса мән беріліп отырды.
Қарап отырсаңыз, жер бетіндегі адамдарды асырайтын жер байлығы шексіз емес, ол бірте-бірте азайып барады. Таусылмайтын қазына – ол адам ресурсы, адам потенциалы, жалпы алғанда адам капиталы (АК) екендігі әлдеқашан дәлелденген. «Адам капиталы» деген тұлға бойында кездесетін іскерлік күш-қуаты мен ізденімпаздық қайрат-жігерін, ойындағы ерекше креативті алғырлығы мен шығармашылық тапқырлығын көрсететін қарым-қабілеті екендігі белгілі. Қазіргідей зымыран заманда тұлғаның оны іске асыра білуі бәсекеге қабілеттілігінде болып отыр.
Бұл межеге ғылымын дамытып жатқан елдердегідей мемлекет, университет және бизнес ынтымақтастығы атты экономиканың тиімді моделі қолданылғанда ғана қол жеткізу мүмкін екендігін уақыт көрсетіп отыр. Осыған орай еліміздегі оқу орындарында ұлттық инновациялық жүйе мен экономиканы дамытудың білімге негізделген зияткерлік қуатын қалыптастыру керек. Көптеген дамыған елдерде бәсекеге қабілеттілік (БҚ) ұлттық идеяға айналған. Сондықтан қазіргідей жаһандану заманында жастардың бәсеке көшінен қалмауы үшін жоғары оқу орындарында бүгінде «Кәсіпкерлік» атты пән міндетті оқудың қатарына енгізілді.
Мектеп бағдарламаларынан бастап кәсіпкерлік тұлға тәрбиелеу мақсатында «Нарықтық психология», «Нарықтық педагогика» сияқты элективті курстар жүргізілсе, адамның қабілеттілігіне байланысты қоғам алдындағы теңдік, өзіне өзі сын көзбен қарау, шығармашылық ойлау, инновациялық қарекет, тапқырлық, өзіндік шеберліктері шыңдалып, нәтижесінде жастардың кәсіпке деген ынта-ықыласы артып, мүдделігі күшейіп, жұмысты ұқыпты ұйымдастырып, кәсіпкерлікке белсенділігі көтерілер еді. Демек, бәсекеге қабілеттілік күшті әрі тиімді кәсіпкерлік орта қалыптастыруға ықпал етеді. Жолдауда айтылған оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатын іске асыруда осындай жұмыстар қамтылуы тиіс.
Қорыта келгенде, білім алушыларға бүгінгі заманның талабына сай ең керекті білім беру, ең керекті кәсіпті үйрету қажет болып отыр. Ендеше, жастар, ХХІ ғасырға тән бәсекеге қабілеттілік – білімнен, оның ішінде компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін үйрену және сананың ашықтығынан тұратынын бағамдап, өз бетінше өмір сүруге бейімделіп, «өмір – күрес» деген мәңгілік қағиданың қыр-сырын ерте жастан білуге бейімделулері қажет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Тымболова А.О.
   

 

2019 жылдың 5 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасының  (7М01701) 1 курс магистранттарының куратор-эдвайзері Иманалиева Ғазиза Қынуарбекқызының шәкірттерімен кездесуі өтті. Кездесіп, танысу барысында университет қабырғасының ережелері айтылды. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы тамыз кеңесіндегі және 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын баяндап, өзара талқылады.

Жалпы Педагог мәртебесін жоғарылатып, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасы мен заман ағымына сай инфрақұрылым мен материалдық қор жасақтау қажет деп атап өткен Мемлекет басшысына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

 
  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері» факультетінде 06.09.19 ж. 16:00-де 324 ауд. ҚФ-101 топ студенттері арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы талқыланды. Талқылау барысында студенттер жолдаудағы белсенді өмір жағдайы; зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату; этносаралық татулық; қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналуы жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Айтылған ой-пікірлерді түйіндей келе, топ мүшелері жастар атынан еліміздің өркендеуіне үлес қосуға және қоғамдағы игі өзгерістер үшін ат салысуды жөн деп тапты.

 "100 кітап" жобасын жүзеге асыру аясында Химия және химиялық технология факультетінің «Химия -5В060600» мамандығының 1-курс студенттерімен бірге «Кітапты қалай дұрыс оқу керек?» атты шығармашылық тәрбие сағаты өтті. Студенттер кітап оқуда нені басшылыққа алу керектігін айтып, түрлі кеңестерімен бөлісті. Кітаптағы ұнаған абзацты не сөйлемді маркермен белгілеу қажет пе? Өзіңізге ұнаған мәтінді не қанатты сөздерді конспекті ретінде жазасыз ба? Осы сұрақтарды талқылау өте қызық болды. Нәтижесінде келесіде әр студент оқыған кітабында өзіне ұнаған жерін маркермен белгілеп, оның әсерімен бөліседі деп шештік. Шығармашылық сабақтағы келесі әдіс – «Кітап аукционы» да өте тартымды өтті.  

Оқытушы: Нұрмұхан А.

   

Шығыстану факультетінің 1 курс студенттерімен "ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап" жобасы аясында, студенттерді әдебиетке, мәдениетке баулу мақсатында, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы "Отыз ұлың болғанша болғанша..." қойылымын тамашалап қайттық...Қоюшы - режиссері – Ә. Рахимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 

Оқытушы: Игиликова С. 

   
Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының мұражай-үйіне саяхатқа барып қайттық. «Филология:қазақ филологиясы-5В020500», «Химия -5В060600», «Ақпараттық жүйелер-5В070300» мамандығының 1-курс студенттері пайдалы ақпарат, тың деректер алып, білімін толықтырып қайтты. 
   
ҚазҰУ-да "латын қарпінде жалпыxалықтық диктант" жазылды. Оған 8000 аса студент пен 500 аса оқытушы қатысты. Ақпараттық жүйелер мамандығының 1-курс студенттері қазақ тілі пәнінде диктант жазды. 
   
  ҚазҰУ-дың төрінде ұлағатты ұстазымыз, қазақ әдебиетінің зерттелуіне зор үлесін қосып келе жатқан ғалым Жаңғара ағайдың 70 жас мерейтойы болды...Қазақстанның түкпір түкпірінен құттықтаулар мен ағайдың шәкірттері келді...Қазақ университеті баспасынан жарық көретін "Өнегелі өмір" сериясымен жарық көрген тағы бір құнды кітаптың және "Абайтану" көптомдығының 36 томының тұсауы кесілді.
   

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенттерімен бірге Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" қойылымын тамашалап қайттық. Өткені мен бүгініне шолу жасаған студенттер ""Мәңгүрт" деген кім?" деген сұрақ аясында ой өрбітті. 

Оқытушы: Ақжігітова А.

   
 Қырғызстан республикасындағы И.Арабаев атындағы КМУ-де өткен Ұлы манасшы Сағымбай Орозбақовтың 150 жылдығына арналған «Манас әлемінің генийі» атты халықаралық конференцияға барып қатысып, баяндама жасап қайттық. Университет аясында жұмыс істейтін Манастану институтының айтулы дастанды халық есінде сақтау үшін атқарып жатқан еңбектері шаш етектен екен. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген манасшылар ғана «Ұлы Манасшы» атағына ие бола алады. Сағымбай Оразбақов сондай жампоздардың бірі. Халықаралық жиында осынау ұлы манасшының өмір жолы, еңбектері, ол жырлаған варианттардың поэтикалык көркемдігі, манасшының құрметіне байланысты өткізіліп жатқан еларалық, республикалық шаралар атап өтілді. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып келе жатқан дастанды жас манасшылардың орындауында тыңдап, құлақ құрышын қандырдық. Көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиадасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есе асып түсетін мұндай құндылығы бар елді бақытты деуге болады. Манас дастаны тұрғанда қырғыз халқының рухы мәңгі өлмейді.
   
 2018жылдың 5желтоқсанында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ" атты брейн-ринг өтті. 1-курс студенттері арасында өткен бұл іс-шара өте қызық әрі танымды болды. "Қазақ филологиясы" мамандығының 1-курс студенттері "Ең белсенді топ" номинациясымен марапатталды. Студенттеріміздің өмір бәйгесіндегі бас жүлдеге жетер жолындағы тәжірибелері деп білеміз.
   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы негізінде "Тәуелсіздік күніне" орай ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген "Жүректегі отты жыр" атты "I Алматы қалалық студенттер арасында көркемсөз оқу шеберлері" байқауы өз дәрежесінде өтті.

Жастардың бойындағы рухани қасиеттерді байыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жүректеріне жыр ұялату мақсатында өткізілген байқауға қаламыздың түрлі Жоғарғы оқу орындарынан 17 студент қатысып, бақ сынады.

Дүбірлі дода жеңімпаздары әділ қазы алқасының шешімімен анықталды. Жүлделі III орынды Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Сағмалиева Назерке, II орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студені Нұркен Құрманбек иеленсе, I орынды Тұран университетінің студенті Тұртай Аяулым еншіледі. Байқау жеңімпаздарына арнайы Ыстықкөл мен Көлсайға жолдама берілді. Сайысқа қатысып өз өнерлерін көрсеткен қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Аталмыш шараны ұйымдастырып, ат салысқан Факультет басшылығы Ө.Әбдиманұлы, Н.Сағындықов, Ш.Шортанбаевқа,Университеттің Тәрбие департамент директоры Ж.Есімоваға, Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі А.Тымболоваға, қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Г.Ахметалиева, А.Аширова, Ж.Саткенова, А.Ахмет, Ә.Нұрмұхан ұстаздарымызға және демеушілерге алғыс айтамыз! Қара шаңырағымызда алғаш рет өткізіліп отырған байқау өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

 
   
 Қазақ қара сөзінің құдіретін терең сезінген Мұқағали Мақатаевтың сөз байлығын жинақтап, мағынасын саралау мақсатында 66 баспа табақтан тұратын, академиялық стильде жазылған «Мұқағали тілі сөздігі» дүниеге келді.
Сөздікке ақынның 5 томдық шығармалар жинағындағы 13348 жеке сөз бен 5035 тұрақты тіркес жинақталып, олардың 282 мың рет қайталанып қолданылатын статистикалық жиілігі көрсетілген. Сонымен қатар бұл сөздікті Мұқағали тіліне жасалған бірден-бір алғашқы текстологиялық зерттеу ретінде де бағалауға болады. 
Бұл сөздіктің жарыққа шығуына қазақ лексикографиясының хас шебері, кәсіби сөздікші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байынқол Қалиев және елімізге танымал тілші-ғалымдар Ж.Түймебаев, Ш.Құрманбайұлы, С.Исакова ұйтқы болды. 
 
   

«ТҮРКІ ЖАЗУЫ: РУНАДАН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ДЕЙІН»

Кеше әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін» атты дөңгелек үстел барысында «Бакудегі 1926 жылғы алғашқы Түркологиялық съезі. Стенографиялық есеб» атты қайта жаңартылып шығарылған кітаптың тұсаукесері өтті.

ҚазҰУ делегациясы 2018 жылдың желтоқсан айындағы Әзірбайжанға сапары барысында ұмыт қалған сирек кездесетін раритетті кітапты қайта басып шығару туралы келісімге қол жеткізген болатын.
Басылым 1926 жылы Бакуде өткен тарихи Түркология съезіне қатысушылардың баяндамаларының стенограммалары жинағы. Оның жұмысына Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақстандық делегация да қатысқан. Съезд делегаттары тарапынан айтылған ұсыныстар, әсіресе биыл Астанада дүниежүзілік түркітанушылар конгресін өткізу қарсаңында да өзекті болып отыр.

 
   
 2019 жылы қаңтарда өткізілген «Webometrics» халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 28 мың ЖОО арасында 2503 орынды иеленді.
ҚазҰУ рейтингте алға жылжудың оң динамикасын көрсетіп, Қазақстан университеттері арасында екінші орынға тұрақтады. Мәселен, «Openness» («ашықтық») индикаторы 164 пунктке өсіп, «Рresence» («қатысу») және «Impact» («ықпал») сияқты көрсеткіштер бойынша университет басқа қазақстандық ЖОО-дан озық шықты.
2004 жылы құрылған беделді «Webometrics» халықаралық рейтингі әр жарты жыл сайын жаһандық интернет-кеңістікте жоғары оқу орындарының қатысуын талдап бағуда. Ол университеттердің web-сайттарын домен көлемі, студенттер мен оқытушыларға және басқа оқырмандар қатысушыларға пайдалы әрі қажетті ғылыми және білім беру ақпаратының болуы, сыртқы ресурстардағы сілтемелер саны, ғалымдардың ғылыми жұмыстарының дәйексөзділігі, ғылыми жарияланымдардың саны сияқты т.б. индикаторлар бойынша бағалайды.
Бүгінде АҚШ және Ұлыбритания университеттері рейтинг көшбасшысы болып отыр. Алғашқы жүздікте американдық және ағылшындық жоғары оқу орындарынан басқа Қытай, Алмания, Жапония, Дания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Гонконг және басқа да елдердің жетекші жоғары оқу орындары да көрсетілген.
   
әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің "Қазақ университеті" газетіне кафедремыздың үздік оқытушысы, ф.ғ.д.,профессор А.Салқынбайдың "Ғалым биігі" атты мақаласы жарияланды.Мақала кафедрамыздың оқытушысы, ф.ғ.д.,профессор бүгінде 80 жасқа толып отырған Берікбай Сағындықұлының шығармашылығы мен өмір жолындағы естеліктерге толы.  
   
 әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Esentai Mall» сауда орталығында «Жетім көрсең, же бей жүр» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл шара жылдағы дәстүр бойынша «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен өткізілді. Алдын ала дайындалған дастархан мәзірі мен сыйлықтарымызды балаларға тарту еттік. Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиешісі Қапиза ханым қайырымдылық шараны ұйымдастырған А.Аширова, Б.Досанов, Ж.Абдрахманова, Ш.Рамазановаға шексіз ризашылығын білдірді.
   
 Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында филология, география, биология факультеттерінің студенттерімен М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған «Ғасырдан да ұзақ күн» атты тарихи драмалық қойылымын тамашалады. Қойылым соңында студенттеріміз қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырған: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова 
   

Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында филология, география факультеттерінің студенттерімен М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған Дулат Исабековтың «Жаужүрек» атты драмалық қойылымын тамашалады. Қойылым соңында студенттеріміз қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырған: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова

 
   
Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында филология, география факультеттерінің студенттерімен М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған «Бейбарыс сұлтан» атты тарихи драмалық қойылымын тамашалады. Қойылым соңында студенттеріміз қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырған: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова 
   

 

Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында филология, география факультеттерінің студенттерімен М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған Б.Беделханның «Ұлым, саған айтам...» атты қойылымын тамашалады. Қойылым соңында студенттеріміз қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырған: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова 
   

Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың филология және әлем тілдері факультеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Дінсіз тәрбие — тамырсыз көшет» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін келешекте бүгінгі өскелең ұрпақ жастарымыз ұстайтыны белгілі. Кеште студенттеріміз алдын ала берілген сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, еліміздің болашағы жарқын болу үшін ұрпағымыздың бойында жастайынан имандылықты, сауаттылықты сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі деген ой қорытты.

 
   
 Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың филология және әлем тілдері факультеті 3 курс (қф) студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұтқасы — жастарға аманат» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қонақ ретінде желтоқсаншы Р. Өмірбекова қатысты. Р.Өмірбекова студенттердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, желтоқсандағы ызғар жайында басынан өткізген оқиға туралы баяндап берді. Сабақ соңында өлең, жырлар оқылып, ән шырқалды. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздік мәңгі болғай деп сабағымызды аяқтадық. Тәрбие сағатын өткізген: Ш.Рамазанова 
   
Қалалық 14 кітапханада жазушы-дəрігер Совет-Хан Ғаббасовпен кездесу болып өтті. Жазушымен арнайы кездесуге əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ филологиясы мамандығының 1-курс, 4-курс студенттері, Кураторлары Ж.Абдраxманова, Ә.Нұрмұxан және "Ақ сөйле" оқырмандар клубының мүшелері келіп,көкейкесті сұрақтарымен бөлісіп,жазушының өмірлік жолымен танысты. Өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, күмбірлеген домбыраның əуезді əнімен қосылып əн шырқады. Кездесу соңында естелікке суретке түсіп,керемет көңіл күймен тарқасты. 
   
Қазақ филологиясы - 201 тобы және Заң факультетінің студенттері М.Əуезов атындағы театрға барып " Ақтастағы Ахико" қойлымының куəгерлері болып қайтты. Зұлмат заманның құрбандарыны елі үшін қалай жан бергені. Туған жерден азаппен қоштасып,жат жұртқа айдалып кете барғанынын өз көзімізбен көргендей болдық. Аласапыран аяқталып өз еліне оралған ер азамат туралы қойылым өмірден алынғандығын білгенде көзге еріксіз жас келді. Алған əсер аса жоғары. Жоғары сапалы дайындық пен жас актерлердің ойындары халық ықыласына бөленді. Осындай тарихтан сыр шертетін қойлымдар жиі болса жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. 
   
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс орыс бөлімі студенттрінің қатысуымен Наурыз мерекесіне орай ашық сабақ болды. 
"Ұлттық рухтын тайқазаны" тақырыбын арқау етіп, салт дəстүрлер, ұлттық құндылықтар сөз болды. Өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен болып,өздері білетін салт-дəстүрлерді ортаға салды. Орыс,ұйғыр ұлтының студенттері домбыра, баян сияқты қазақы аспаптардың құлағында ойнады. Біршама дəстүрдің шығу тарихын біліп, бүгінгі күнмен салыстыра сипаттап келген. Ертеректе болып, бүгінде өз құндылығы жойған бірнеше салт дəстүрдің тарихына көз жүгірттік. Мысалы"көрісу айт" меркесі. Қазіргі таңда тек батыс өңір өз дəрежесінде тойлайды. Ал бұрындары барлық қазақ еліне ортақ ұлттық мейрам болған. Дəл осы сияқты мерекелерді бірте-бірте қайтадан дəстүрлі түрде тойлау ұсынылды.
Ашық сабақты жүргізген: 
Қазақ тіл білімі кафедрасының үздік оқытушысы Аширова А.
 
   
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ да 8 наурыз халықаралық əйелдер күніне орай қазақ филологиясы 201,202,203,204 тобының жігіттерінің ұйымдастыруымен "Аналар асыл жандар" атты мерекелік іс шара болып өтті. Мерекеге арнайы ұйымдастырылып,ұжымымыздың ерлер қауымы əнмен жырмен əрледі. Аналарға арналған əндер,өлең шумақтары өз кезегімен өріліп отырды. Əдемі гүл шоқтары, сыйлықтар барлық қыздар мен ұстаздарға сыйланды. 

   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығында оқитын 4-курс студенттері 14.01.2019-09.03.2019 жыл аралығында Алматы қаласындағы және Қазақстанның басқа да шеткі аймақтарындағы мектептерінде педагогикалық тәжірибеден өтіп келді. Педагогикалық тәжірибенің қорытынды конференциясы факультеттегі №302 дәрісханада өткізілді. Конференцияға факультетіміздің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары Н.Сағындықұлы, қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі А.О.Тымболова, қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ә.Ж.Әміров, Г.Ш.Ақымбекова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы К.А.Есенова, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Е.Т.Адилова және төртінші курс студенттері қатысты. Конференцияда студенттердің педагогикалық тәжірибеден өту барысы жоғары деңгейде өткендегі, көптеген студенттердің мектеп басшылығы тарапынан алғыс хатқа ие болғаны және осы негізде олардың мектепке жұмысқа қалуына сұраныс хат берілгені айтылды. Сондай-ақ студенттердің педагогикалық тәжірибеден өту есебі тыңдалды. 
   
"COOLimde" (КҮЛІМДЕ) атты қайырымдылық жәрменкесі өткізілді.
Филология факультетінің 1-курс магистранттары мен "COОLimde” қайырымдылық қоры бірлесе отырып 26.03.2019 қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрменке ҚазҰУ қалашығының 17-жатақxанасында өтті. нәтижесінде 15000₸ жуық қаражат жиналды. Жәрменке мақсаты: жағдайы нашар отбасыларына жылу жинау".
"Жылу жинау" деген не?
"Табиғат апатынан немесе өзге де бақытсыздық салдарынан баспанасынан, мал-мүлкінен айырылған отбасыға ауыл болып көмектесуді қазақта “жылы жинау” деп айтады. Басына іс түскен адамға ауыл тұрғындары, көрші-қолаңы, туған-туыстары мал, дүние береді немесе ақшалай көмек көрсетеді. Тым құрығанда, жылы сөз айтып көңілін серпілтеді".
Міне, жылу жинаудың анықтамасы осылай беріледі. Ақыл көзімен қарасаңыздар басына іс түскен адамға не керек болады? Қолдау.
​ Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру – Тәңірі алдындағы іс.
 
   
26.03.2019 ж. әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 3–курс (қф) студенттерінің ұйымдастыруымен «Ел мен елбасы — егіз ұғым» тақырыбында кураторлық сабақ өткізілді. Студенттеріміз ғасырлар бойы халқымыздың арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата–бабаларымыздың тарихи аманаты орындалғанын, бүгінгі қазақ елінің бейбіт тіршілігімен салыстыра отырып талдады. Мемлекетімізді 30 жыл басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын саралай келе, Елбасына арналған жыр–шумақтар оқылды. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің іргесі мықты болсын! Көгімізде көк туымыз мәңгі желбірей берсін деген оймен «Көк тудың желбірегені» әнімен сабағымызды аяқтадық. Студенттеріміз осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендерін сезінгендей. 
   
 Жақында "Қазына" кітап үйінде профессор Берікбай Сағындықпен "Алла тағала ғаламды не үшін жаратты?..." тақырыбы төңірегінде дәріс-сұхбат өтті. Негізгі мақсат студент жастарға "нұрлы ақыл" мен тағылымды тәрбие беру болғандықтан, дәріс барысында қоғамда белең алған діни ағымдар, отбасы құндылықтары, ата-анаға қарым-қатынас, перзент парызы сынды мәселелер қозғалды. Пайғамбарлардың өмірімен сабақтастыра отырып, жастарға ойлаудың ең жоғарғы деңгейі ғылыми ойлау екендігін түсіндірді. Дәстүрлі дінімізден ажырап, қоғам көзқарасының жат арнаға бұрылуын логикасыз жасалған іс-әрекеттің кесірі екендігі баса айтылды. Ең қызығы, қазіргі таңда ХХІ ғасыр псиxологтарының жаңалық ретінде айтып, жазып жүрген "ойдың заттануы", "аффирмация", "ойдың күші" деген ұғымдарын, филолог әрі теолог ғалым Адам атаның басынан өткен бір ғана оқиғасы арқылы қалың жұртшылыққа қарапайым түрде жеткізді. Жастар ғана емес, оқытушылар қауымы да негативті ойлаудың зияны мен позитивті ойлаудың дұрыстығының астарын түсінді.
   

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Фараби әлемі" халықаралық конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобаларының көрмесі өтті.
   

 

 17 жатақханада Наурыз тойы тойланды. Қазақ филология мамандығының 1 курс студенттері Ұлыстың ұлы күні орындалатын салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіп, мерекелік концерт ұйымдастырды. Кешке факультеміздің оқытушылары А.Таусоғарова, Н.Досан,Т.Рамазанов қатысты.
   
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының салтанатты жабылу шарасы өтіп жатыр. Ғылыми жиынның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жобаларын дамыту үшін дипломдар және бағалы сертификаттар тапсырылды. Салтанатты шараға көрнекті шетелдік және отандық ғалымдар, сонымен қатар оқытушылар мен студенттер қатысып жатыр. 
ҚазҰУ-да 2 сәуірден бастап VI халықаралық Фараби оқулары өтуде.Оған әлемнің 20 елінен 50-ден аса ғалым келді. Бағдарлама аясында 100-ден аса ғылыми-тәжірибелік іс-шара ұйымдастырылып, оларға 6 мыңнан астам адам қатысты.  
   
 «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ РУХАНИ КЕҢІСТІГІ» СЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША
СЕКЦИЯ ТӨРАҒАЛАРЫ:
Салқынбай А.Б. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д..
Мамаева М. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к
«Ұлы даланың тілдік және рухани кеңістігі» секциясына 74 үміткер қатысуға өтінім берді.
56 қатысушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан;
10 қатысушы – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен;
2 қатысушы – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан;
3 қатысушы – Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университетінен;
1 қатысушы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен;
1 қатысушы – Erzincan Binali Yıldırım Üniversitesi-нен;
1 қатысушы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінен қатысты.
   
 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасына академиялық ұтқырлықпен келген шетелдік студенттермен М.Әуезов атындағы қазақ драма театрына бардық. "Ромео-Джульетта" трагедиясын қазақ тілінде көрген студенттер әртістердің шеберліктеріне, саxнаның безендірілуіне, тіл кедергілеріне қарамастан, ерекше атмосферада болғандарын, бәрі де өте шебер және терең ойластырылғанын айтып, ерекше көңіл-күймен көріп қайттық.
   
  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайының алдындағы әл-Фараби алаңында "Қош келдің, әз-Наурыз" мерекесі болды. «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласының желісі бойынша университеттің көркем ұжымы дайындаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты музыкалық-театрландырылған қойылым өткізілді. Бағдарламада қазақ даласының ұлы жетістіктері: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан Түркі әлемінің бесігі ретінде – ұлы ойшылдар мен ғалымдардың, алма мен қызғалдақтың отаны екені және қазақ мәдениетінің дәстүрлері көрсетілді.
Кампус аумағында 25 киіз үйден тұратын этноауыл болды.
   
 Кеше ҚазҰУ-да Наурыз мерекесінде Дипломаттық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік ғалымдар, студенттердің қатысуымен "ҚазҰУ алма бағы "ашылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлы даланың жеті қырын айқындап, елдік пен ұлттықтың мәртебесін көтерді. Ұлы даланың жеті қыры қатарында Қазақстанның алма мен қызғалдақ отаны екендігіне айрықша назар аударып, туған өлке жемісі мен гүлінің қадір қасиетін әлемге паш етті. 
   
15.04.2019 ж. әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем әдебиеті факультетінің 3–курс (қф) студенттерінің ұйымдастыруымен «Махаббат, қызық мол жылдар» тақырыбында кураторлық сабақ өткізілді. Сабағымызда XX ғасыр студенттерінің өміріне шолу жасалып, қызық жайттарды еске түсіре отырып, терең сезімге толы сырлар шертілді. Сабағымызға қонақ ретінде ф.ғ.к., доцент Р. Өмірбекова қатысып, өзінің студент кезіндегі басынан өткізген қызықты уақиғаларымен бөлісті. Осы бір атаулы мерекені жастарға дәріптеу мақсатында қандай жұмыстар қолға алынуы керек екендігі туралы ойлар айтылды. 
   
02.04.2019 ж. әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем әдебиеті факультетінің 3–курс (қф) студенттерінің ұйымдастыруымен «Бәсекеге қабілетті жастар – ел болашағы» тақырыбында пікірсайыс сабағы өткізілді.Елбасы жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Көз алдымызда цифрлы қоғам мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өркениет туып келеді. Бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне күмән жоқ. Бүгінгі жастардың бойынан қандай қасиеттерді көргіміз келеді? Біз іздеген қасиеттер жастардың бойында бар ма? Міне, осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп, пікірталас туындады. Қазақ жастарының бойындағы ұлттық болмысымызға дақ түсіретін кері жақтарымыз туралы да сөз етілді.
   
 "Шаңдоз" жарысына қатысып, өз білімдері мен бақтарын сынаған қазақ филологиясы 201-ші топ студенттері 3-ші орынды қанжығаға байлап қайтты.Сайлау Шарапат, Əдбіллə Бақтыгүл, Шайзах Бибісара қатысушы ретінде бақ сынады. Сайыс тартысты əрі қызық өтті. Ерекше көзге түскен студенттерге ғылыми кітаптар табыс етілді.
   
 2019 жылдың 16 сәуірінде ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері факультеті «Қазақ тіл білімі» кафедрасында Түркия мемлекеті Анталия қаласы Акдениз университетінің (AKDENIZ ÜNIVERSITESI) профессоры АБДУЛЛАХ КӨК мырза «PIR-I TÜRKISTANʹIN TÜRKÇE ÜLKÜSÜ» тақырыбында дәріс оқыды. «Диуани хикмет», «Құдатғу біліг» шығармалары, «Таһа» сүресі, «Қиямет» жайындағы ойларымен бөлісті. «Жәннәт» пен «жаһаннам» түсініктеріне шығармадан үзінділер келтіре отырып салыстырмалы талдау жасады. Қафедраның профессоры Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызы, Салқынбай Анар Бекмырзақызы, доцент Күркебаев Кенже Құрманбайұлы бұл шығармалар әлі де лингвистикалық зерттеулерді талап ететіндігі жайында пікірлерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.
   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы 2019 жылдың 15-28 сәуір аралығында біліктілікті арттыру мақсатында «Жаңартылған білім беру бағдарламалары: тәуекелдер, мүмкіндіктер, теориясы мен практикасы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн-оффлайн семинар өткізеді. 
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктерін зерттеп, оқу үдерісінде қолдана білудің тиімді жолдарын қарастыру. 
   
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық"жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықтың тұсаукесеріне арналған конференция өтті. Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Балаева Аида Ғалымқызы, ҚР білім және ғылым вице-министрі Бигари Рустем Айдарбекулы, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан ЖОО ректорлары, проректорлары, әлеуметтік-гуманитарлық факультеттер мен кафедралардың декандары мен меңгерушілері, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың аудармашылары мен редакторлары қатысты. 
   
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық"жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықтың тұсаукесері өтіп жатыр. Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Балаева Аида Ғалымқызы, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан ЖОО ректорлары, проректорлары, әлеуметтік-гуманитарлық факультеттер мен кафедралардың декандары мен меңгерушілері, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың аудармашылары мен редакторлары қатысуда. 
   
 ОКСФОРДТАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары әлемнің жетекші жоғары оқу орны - Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Былтыр ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың Оксфорд университетіне сапары барысында университеттер арасындағы әріптестікті дамыту туралы келісім жасалған болатын.
Биыл магистранттар арнайы әзірленген «Ғылымға кіріспе» курсы бойынша география және қоршаған орта мектебіне (School of Geography and the Environment) тәжірибеден өту үшін аттанды. Оның теория мен тәжірибенің синергиясындағы ерекшелігі – жетекші профессорлардың дәрістері зерттеулердің презентацияларымен сүйемелденеді, нақты мысалдарда ғылыми жобалардың әдіснамасы мен жоспарлануы зерттеледі. ҚазҰУ магистранттары өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынды, Сахара шөліндегі құмның көшуін, Моңғолияның табиғатын, Омандағы бедуиндердің өмірін және Гималай тау жыныстарын зерттеу жұмыстарымен танысты.
   
 ҚАЗҰУ баспасы, яғни "Қазақ университеті" баспаханасы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геолог, профессор Қ.И.Сәтбаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай және Ғылым күні қарсаңында оқырмандар арасынан байқау ұйымдастырған болатын. Байқау жеңімпазы: Филология және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенті Тілеулес Фариза атанды.
   
 5В060600-Химия және 5В072100Бейорганикалық xимия мамандығының 1-курс студенттерімен Қазақ тілі пәнінде "Еліміздегі маңызды экологиялық мәселе" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның басты ерекшелігі студенттер берілген тақырыпты постер арқылы талқылауы керек. Республикамыздағы күрделі экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары айтылды.
   
20.04.2019 күні əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология жəне заң факултеттерінің студенттер балалар үйіне барып қайрымдылық шараларын жасап қайтты. Балалардың көңіл күйін көтеріп, концерттік бағдарламалар мен сыйлықтар үлестірілді.Ұйымдастырушылар қазақ тіл білімі кафедрасының доцентері Абдрахманов Ж. жəне Аширова Анар.
Жақсылық жасап жарысайық. 
   
 "ШАНДОЗ" ҒЫЛЫМИ-ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
Ғылыми-зияткерлік сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа кафедраның профессорлары Д.А. Әлкебаева мен А.Б. Салқынбай төрелік етті. Нәтижесінде сайысқа қатысқан 4 студенттің ішінен мықтылары суырылып алға шықты. Барлық сайысқа қатысушыларға кітап пен диплом табыс етілді. Сайысты ұйымдастырушылар, кафедра оқытушылары, ф.ғ.к., доцент Б.Р.Құлжанова, ф.ғ.к., доцент Ж.Б.Саткенова, ф.ғ.к., доцент Л.Т.Әлімтаева, ф.ғ.к., доцент Ә.Ж.Әміров және кафедраның 1 курс докторанты А.С. Жүзбаева. 
   

Жыр байқауы өтті
2019 жылдың 27 ақпан күні білімнің қарашаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен – қазақпын» атты жыр байқауы өтті.
Аталмыш байқау Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл және «Мен қазақпын» поэмасының жарық көргеніне 55 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ақынға деген құрметтің орасан болғандығы сонша, 5-11 сынып арасында ұйымдастырылған шараға жүзден астам мектеп оқушылары қатысып, бақ сынасты.
Биыл ҚазҰУ-дың құрылғанына 85 жыл толуына байланысты байқауда үздік өнер көрсеткен талапкерлерге мерейтойлық осы санмен астастырыла 85 жүлделі орын (І, ІІ, ІІІ орындар және алғыс хаттар) тағайындалды. Кафедра аясында құрылған «Лингвоарна» ғылыми-зерттеу орталығының атынан ақшалай, заттай сыйлықтар берілді. Биыл мектеп бітіретін түлектерге еліміздегі маңдайалды оқу орны ҚазҰУ-ге оқуға түсулеріне игі тілектер айтылды.
Арнау айтылып, қонақкәде ретінде оқушылардың өз өнерлерін тарту еткен, әнмен, күймен астасқан поэзия кеші оқушылардың ойында ұзақ сақталары сөзсіз.


   

05.12.2018. № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Ұйымдастырғандар: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, А.Аширова, Р. Өмірбекова.

 
   
01.12.2018. сағат 18.30. Қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушылары,  география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттерімен   «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған «Бейбарыс сұлтан» атты тарихи драмалық қойылымын тамашалады. Ұйымдастырған: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова 
   
 

Қазақта жаңадан көрші көшіп келсе, олардың ауыл арасына тез бейімделіп кетуі үшін жергілікті адамдар тамаққа шақырып, танысады. Ол дәстүр "Ерлік" деп аталады. Бұл дәстүр қазақ ұлтының қонақжайлық қасиетін тағы да дәлелдей түсетін дәстүрлердің бірі. 7 желтоқсан күні "Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бойынша келген шетелдік студенттерге «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты іс- шара барысында осы "Ерулік", "Бастаңғы" дәстүрін көрсеттік.Қыркүйек айынан бастап оқып жүрген Қытай Халық Республикасынан келген шетелдік студенттеріміз көрсеткен құрметімізге риза боп, ұлттық тағамдар қойылған дастарқанымыздан дәм татып, көңілді отырды. Тіпті өз тараптарынан ән де шырқап берді. Көңілді өткен кеш естелік сыйлықтар берумен аяқталды.Ұйымдастырушылар: Г.Акимбекова, А.Аxмет.

   

 

16.12.2018. сағат 18.30. Қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушылары география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттерімен   «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында қойылған Д. Исабековтың «Жаужүрек» атты драмалық қойылымын тамашалады. Ұйымдастырған: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова 
   

 

 

2018жылдың 5желтоқсанында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ" атты брейн-ринг өтті. 1-курс студенттері арасында өткен бұл іс-шара өте қызық әрі танымды болды. "Қазақ филологиясы" мамандығының 1-курс студенттері "Ең белсенді топ" номинациясымен марапатталды. 

   

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік дәуірі» атты поэзиялық кеш өтті. Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, студенттердің бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік, татулық ұғымдарын терең сіңіру мақсатында ұйымдастырылған кеште студенттер тәуелсіздікке арналған жырларын оқыды. Жүрекжарды жыр астарынан студенттердің патриоттық сезімін, отансүйгіштік қасиетін аңғаруға болады. Ынтымағы, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемлекеттің ұланы екендіктерін мақтаныш сезімдерімен жеткізді.Мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыруға бағытталған мерекені қазақ тіл білімінің оқытушылары проф. А. Тымболова, доценттер Ж. Саткенова, Л. Әлімтаева, Б. Құлжанова, Ә. Әміров ұйымдастырды.

 

 
   
 

2018 жылы 18 қазан күні Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы базасында академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан қытайлық студенттер кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Тымболова Алтынай апаймен бірге Атакент орталығындағы «Бақшасарай» арт-галереясында өткен көрмеге барды. "Тандем" атты тақырыпта өткен көрмеге қазақстандық суретші Сергей Анарбековтың жұмыстары қойылған. Сурет өнерінің сирек таралған түрінің бірі – эмаль теxникасымен сурет салу. Сергей Анарбеков – еліміздегі ең мықты эмальердің бірі. Шетелдік студенттер көрмеден суретшінің "Кешір", "Қыркүйек", "Түн тыныштығы", "Әйел мен бұқа" және т.б. белгілі эмальді картиналарын көріп, қызығушылықтарын білдірді. Сондай-ақ, олар Сергей Анарбековтің суреттерінен бөлек, оның жұбайы Галина Скобелеваның жұмыстарын да тамашалады. Қолөнершінің негізгі бағыты – кілемшелерге сурет салу, тігу және батик. Кілемге түрлі түсті реңк беріп, оларды соған сәйкес "Қызыл", "Көк", "Қоңыр" деп атаған.
Қос суретшінің туындылары Ресей, Қырғызстан, Италия, Франция елдерінде xалықаралық көрмелерге қойылған. Шетелдік студенттер көрмеден үлкен әсермен қайтты.


   30.11.2018. сағат 18.30. Қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушылары, 3-курс филология және әлем тілдері, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің студенттерімен   «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында көрсетілетін «Ғасырдан да ұзақ күн» атты тарихи драмалық қойылымын тамашалады. Ұйымдастырған Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова
30 қараша күні кафедрамыздың оқытушысы Игиликова Сымбат Шығыстану факультетінің 1-курс студенттерімен бірге  «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасындағы Сирек кітаптар, қолжазбалар бөліміндегі «Араб,шағатай, қытай тілдеріндегі сирек кітаптар» көрмесін тамашалап қайтты.
   

 

 

24.11.2018.сағат 12.00.-де Алматы облыстық № 1 балалар үйінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында «Жетім көрсең, жебей жүр» атты қайырымдылық шарасы өткізілді (суреттер, анықтама қағазы тіркелген). Ұйымдастырғандар: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, А. Аширова, Б.Досанов.

   

 

22.11.2018 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 3-курс студенттерінің (қазақ филологиясы) ұйымдастыруымен "Salsabil" мейрамханасында "Дінмұхамедпен кездесу" атты қайырымдылық шарасы өткізілді.

   

 

 

16.11.2018.Филология және әлем тілдері факультеті факультетінің студенттерімен   «Мәскеу бекеті» атты тәрбие сағаты өткізілді. 3-курс студенті Алуақас Ботагөздің Ресейдің Мәскеу қаласында орналасқан "Халықтар достығы" университетіне барып, білім алып келген есебі тыңдалды.Ұйымдастырған: Рамазанова Ш.А.

   

 

 13 қараша күні 17 жатақхананың акт залында "Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында, Қазақ тіл білімі кафедрасының ұстазы, ф.ғ.д., профессор Берікбай Сағындықұлының "Пайғамбарлар ғибраты" атты дәстүрлі дәрісі өтті. 1 курс студенттеріне теология, теолингвистика, діни ұғым жайында дәріс оқыды...Адам атаның пайда болған кезеңінен бастап, пайғамбарлар өмірі туралы қызықты деректер айтылды...Студенттер көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды деп ойлаймыз...
   
 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Алматы қалалық № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында КММ «Қарттарым – асыл қазынам!» атты қайырымдылық концерті өткізілді (суреттер, анықтама қағазы тіркелген). Ұйымдастырғандар: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, А.Аширова, Р. Өмірбекова, Б.Досанов, А.Бисенбаев.
   02.11.2018. сағат 18.30. Қазақ тіл білімі кафедрасы оқытушылары, 3-курс филология және әлем тілдері және география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттерімен   «Студент оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында көрсетілетін М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» атты қойылымын тамашалады. Ұйымдастырған Ш.Рамазанова, Н. Егізбаева

06.10.2018."Гринкампус" жобасы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке Қазақ тіл білімі кафедрасы ұжымы 3-курс қазақ филологиясы студенттерімен қатысты.

 

 

 
   

 

10.11.2018. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдеріфакультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Алматы қаласы «№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» КММ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» атты қайырымдылық шарасы өткізілді (суреттер, анықтама қағазы тіркелген). Ұйымдастырғандар: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, А.Аширова,Р. Өмірбекова.



   

 

21.09.18. Филология және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенттерімен Тілдер мерекесіне арналған «Қанекей, тілім сөйлеші!» атты поэзиялық кеш өткізілді. Өткізген: Рамазанова Ш.Ә., Егізбаева Н.Ж. Кеш қонақтары: география және табиғатты пайдалану факультетінің судентері және аға оқытушы А.Бисенбаев.

   

 

 

 

 

2017-1018 оқу жылы

                                                                                                                                                                                                      26.05.2018 Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ректор Ғ.М. Мұтановтың қатысуымен "ҚазҰУ түлектері күніне" арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараның бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ қалашығындағы "Мәңгілік ел" архитектуралық кешеніндегі субұрқақтарының ашылуы, Әл-Фараби ескерткіші мен Ө.А. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚазҰУ түлектерінің қатысуымен жиналыс өтті және соңы мерекелік концертке ұласты.

 

 

                                        

24.05.2018  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» Жолдауында көрсетілген ұлттық сананы бірегейлендіру, прагматизм, білімнің салтанат құруы бағыты бойынша «Филологиялық білім беру мен зияткерлік өнім жасаудағы бәсекелестікті дамыту» тақырыбында ғылыми-әдістемелік көшпелі семинардың 4-ші отырысы өтті. Семинардың мақсаты - ЖОО-ның қазақ филологиясы мен педагогикасының білікті мамандары білім берудегі жаңартпалар мен ғылыми өзекті тақырыптарымен бөлісетін және теориялық мәселелердің практикада қолдану үлгілерін көрсететін шеберлік сыныптарын көрсету. Ф.ғ.д., профессор Анар Салқынбай Бекмырзақызы "Уақыт және қоғам: қазақ тіл білімінің даму бағыттары", ф.ғ.д., профессор Әлкебаева Дина Ақбергенқызы "Интернет коммуникацияның көп функционалдылығы" тақырыптарында ғылыми баяндамаларын оқыды. Ф.ғ.к., доцент Умбетаев Муварак Бейсембекович "Әдеби шығармаларды оқытудың тәсілдері", ф.ғ.к., доцент Иманалиева Ғазиза Қынуарбекқызы "Оқу үдерісіне ЖОАК (МООК) қолдану", ф.ғ.к., доцент Ақымбек Съезд Шардарбекұлы "Өлең сөз бен қара сөздің орфоэпиясы" тақырыптарында шеберлік сағаттарын өтті. Семинарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының және Сулейман Демирел атындағы университет, , Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. 
                                                                                                                                                                                                          04.04.2018       "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында кафедра оқытушылары А.Т.Аширова мен А.С.Жүзбаева "5В020500 Филология" мамандығының 1-курс студенттері арасында "Рухани жаңғыруды өзіңнен баста" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Əлеуметтік жұмыстар департаментінің бас маманы Г.Ахметалиева, факультеттің оқу-әдістемелік жəне тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С.Дəрібайұлы, кафедра меңгерушісі С.Ақымбек қатысып жоғары баға берді.                                                          
                                                                                                                                                                                                          20.03.2018  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы және 1-2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Алматы облыстық № 1 балалар үйінде қайырымдылық шарасы өткізілді. Ұйымдастырғандар: Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, А. Аширова, С.Иманқұлова, А.Жүзбаева                                                               
                                                                                                                                                                                                           20.03.2018 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен "Айналаңды нұрландыр!" жобасы аясында №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында "Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?" атты қайырымдылық шарасы өткізілді.                                                               
                          20.03.2018 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенттері "Студент оқуға тиіс 100 кітап" жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында көрсетілген "Үміт үзгім келмейді" атты қойылымды тамашалады. Ұйымдастырушы: Рамазанова Ш., Егізбаева Н.        

 

                                                                        

2018 жылдың 19-28 ақпан аралығында «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі және  «Ұлт болмысы» РПӘТЖ журналының бірлесуімен «Рухани жаңғыру және ұлттық сана» атты ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік онлайн-семинардың мақсаты білім беру бағдарламаларының жаңа өзгерістерге бейім болуы мен заманауи білімді меңгеруге қабілеттілікті дамытатын қазақ және басқа да тілдердің озық жүйесінің бағыт-бағдарын айқындау, оқыту сапасын арттыруды көздеді. 

Ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар жұмысының  бағыттары мынадай бағыттарды құрады:

1. Латын әліпбиі – қазақ тілінің даму кеңістігі;

2. Білім берудегі рухани сананың жаңғыруы – ұлттық код;

3. Тарих, тіл мен әдебиет байланысы – рухани дәстүрлер құндылығы;

4. Қазақ тілін оқытудың жаңа сапалық деңгейі;

5. Үш тілді меңгеруге бейім азаматтық қоғам;

6. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинарға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, СҚО Ақжар ауданы, №2 Ленинград орта мектебінің ұжымы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Алматы қаласы №160 орта мектептің ұжымы, Еуразия Гуманитарлық институты, Оңтүстік Қазақстандық гуманитарлық институты және т.б. қатысты.


               

 

                                                                                                                                                                                                                                             

 

 

09.01.2018 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақ тіл білімі кафедрасы "Қазақ тілі: теориясы мен практикасы" атты семинар өтті. Семинарда Р. Әмір, Б. Сағындықұлы, А. Салқынбай сынды профессорлар презентация жасады.

                          

 

 

 

 

 

2017 жылдың 13–19 желтоқсан аралығында Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі С.Ш.Ақымбек Қытай халық республикасы Шанхай шетел тілдер университетінеіссапарға барып қайтты. Іссапар барысында «Еуразия елдері мен Ресей институтының» ресми ашылу салтанатына қатысып, «Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу: пәнаралық байланыс» атты Алғашқы семинарда баяндама жасады және ҚазҰУ ректоры, академик Р.Мұтановтың құттықтау сөзін жеткізді. С.Ш.Ақымбек семинар жұмысынан кейін «Қазақ тілі мамандығы мен Қазақстан мәдениеті апталығы» барысында «қазақ тілі» мамандығының 1-курс студентермен арнайы кездесу өткізді.

            Кездесу барысында С.Ш.Ақымбек студенттерге қазақ тілінде шыққан еңбектерді сыйға тартып, оларға ҚазҰУ-да атқарылып жатқан әлеуметтік жобалардың маңызы туралы және Университеттегі студенттердің өмірі туралы пікірталасқа негізделген толыққанды шара өткізді.  

                                     
                                                                                                                                             

15.12.2017 жылы 

Шанхай халықаралық

зерттеулер университетінде

қазақ мәдениеті апталығының

ашылу салтанаты өтті.

                                                 
                                                                                                                                                                                                                                 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗДЕРІ»  атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция 

03.11.2017 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Томановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗДЕРІ»  атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция мақсаты  қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу, қоғамның рухани жаңғыруы үшін, тілдегі рухани кодтарды саралап,  тілдік білім берудің әлемдік үздік тәжірибелерін жинақтау болды. Сонымен қатар бұл шара ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын, академиялық және кәсіби негізде оқытылу мазмұнын айқындау, озық инновациялық технологияларды қолдану және түркітанудың өзекті мәселелерін талқылау міндеттерін шешуді көздеді.

Конференция мынадай бағыттарды қамтыды:

  1. Профессор М. Томанов және қазақ тілінің тарихи грамматикасы;
  2. Профессор М. Томанов және түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының қазіргі даму бағыттары; 
  3.  Үштілділік жағдайында қазақ тілін оқытудың инновациялық бағыттары;
  4. Тіл және мәдениет: рухани құндылықтардың жаңғыруы;
  5.  Қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелері.

         Конференцияға ҚХР Орталық Ұлттар университеті Қазақ тіл-әдебиеті факультетінің деканы, профессор Жан Диң Жиң, ҚХР Орталық Ұлттар университеті Қазақ тіл-әдебиеті факультетінің профессоры Еркін Ауғали,  Түркия қаласы Анадолы университетінен Р.Е. Есиркенов,  Түркия Республикасы, Анадолы университеті, түрік тілі және әдебиеті бөлімінен Б.Б. Әділбаева, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінен Л.Қ.  Тұрабаева,   Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен К.Қ.Садирова, Н.М.Алдашев,  А. Айтпенбетова,  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен  А.С. Елеуова, Н.А.  Атаханова, Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебінен И.Р. Власянц,  Оңтүстік Қазақстан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінен Б. Утебеков, Б. Бекетов сынды тұлғалар онлайн режімде қатысып, құттықтау сөздерін айтты. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен профессор  Б. Сағындықұлы «М.Томанов – ерен еңбек иесі еді», профессор А.Б. Салқынбай «М.Томанов зерттеулері және қазіргі рухани жаңғыру»,  ҚР Мемлекеттік орталық музейінің аға ғылыми қызметкері  Г.С. Құлназарова «Профессор М. Томанов еңбектерінің қазіргі кездегі өзектілігі», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Н. Томанова «Мархабат Томанов – Человек в науке» атты баяндамаларында ғалым М.Томановтың Қазақ тіл біліміне қосқан үлесі және ғылымдағы орны туралы сөз қозғады. Мұнымен қатар пленарлық баяндамалар қатарында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Ш. Бекмағамбетовтың «Ежелгі түбір сөздер табиғатын тіл генетикасы тұрғысынан тілдік негіздер арқылы зерттеудің маңыздылығы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Т.О. Есембековтің «Мәтін терминінің қалыптасу тарихы», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, профессоры ОЖұбаеваның «Қазақ морфологиясының идиоэтникалық сипаты»,  ҚазМемҚызПУ профессоры А.О. Тымболованың «Үштілділік жағдайында қазақ тілін оқыту тәжірибелерінен», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті С.Ш. Ақымбектің «Дауыссыз дыбыстар сәйкестігі мен алмасуының артикуляциялық сипаты» атты ғылыми баяндамалары бар. 

                                          

 

 

 «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференция

  2017 жылы 25 қазан мен 3 қараша аралығында  «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі, «Ұлт болмысы» РПӘТЖ журналы бірлескен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Алашорда автономиясына 100 жыл және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай, «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференция  ұйымдастырды. Шараға жалпы орта, арнайы мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскер-тілшілер, ЖОО оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар қатысты. «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференцияның ашылуы филология және әлем тілдер факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы құттықтау сөзімен басталды. Бұдан әрі қарай Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ақымбек Съезд Шардарбекұлының «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш әліпбиі»,  ф.ғ.д. Имаханбет Райхан Сахыбекқызының «Ахмет Байтұрсынұлы-тіл, әдеби мұрасының зерттелуі», Тіл білімі институның грамматика бөлім меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Жұбаева Орынай Сағынғалиқызының «Ахмет Байтұрсынұлы-когнитивті лингвистиканың негізін салушы», «Ұлт болмысы» журналы - республикалық, патриоттық, әдеби-танымдық журналының бас редакторы және құрылтайшысы Гүлжанар Амантайқызының «Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын насихаттаудағы БАҚ-ролі», ф.ғ.к. Иманқұлова Салтанат Меркібайқызының «Ахмет Байтұрсынұлы және тілді меңгертудегі берік ұстаным», ф.ғ.к., доцент Құлжанова Бақытгүл Райханқызының «Құтадғу билиг-мәңгілік ел идеясын уағыздайтын дастан» атты баяндамалары тыңдалды. Конферецияның семинар жұмыстарының негізгі  бағыттары мынадай мәселелерді қамтыды:

- Алаш мұрасының оқу, ағарту саласындағы орны мен қызметі;

- Алашордашылардың ұлттық идеясының көркем туындылар мен оқу құралдарында насихатталуы;

- Алаш идеяларының тәуелсіздікпен тарихи сабақтастығы: тіл мен әдебиет және т.б.

 

 

 

 

 

 

Ғ. Мүсірепов атындағы

Қазақ мемлекеттік академиялық

балалар мен жасөспірімдер театры

23.11.2017                                        

  

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

22-28.09.2017 аралығында Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі С.Ш.Ақымбек делегация құрамында Қытай халық республикасына іссапарға барып қайтты. Іссапар барысында Шанхай шетел тілдер университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорлары білім және ғылым саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімге қол қойылды Университеттегі «Қазақстан орталығынан»  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы құрылып, қазақ тілі мамандығының 1-курсына қабылданған 13 студентермен кездесу өткізілді.

            Кездесу барысында С.Ш.Ақымбек студенттерге университет баспасынан шыққан еңбектерді сыйға тартып, оларға ҚазҰУ-да атқарылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы және Қазақстандағы жоғары білімнің адамды тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін рөлі туралы әңгімелесу өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2016-2017 оқу жылы 


Түлектер күні!

Жалпы қалалық сенбілік

15.04.2017

   Ф.ғ.к.,профессор Т.Сайрамбаевтың 80 жылдығына арналған онлайн конференция
 

 

Онлайн семинар

 

Студенттерге шәкіртақы тағайындау 

 

 

 

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 дәріс 

Балалар үйі

09.12.2016

 

«ШАНДОЗ» зияткерлік сайысы

22.11.2016

 

Қарттар үйі

10.11.2016

 

Қалалық сенбілік

04.10.2016

 

Д.Қонаев ат. мұражай-үйі

22.09.2016

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы

04.09.2016

 

 

Дөңгелек үстел

2016 жылдың 22-24 қыркүйегі аралығында «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне»  орай    «Үштілділік жағдайындағы қазақ тілінің оқыту әдістемесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

 

 

 

Кафедраның 2014-2015 оқу жылына арналғанәлеуметтік-тәрбие жұмысы 

2015жылы24сәуір күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жасқа толу мерейтойына орай«Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы»атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болды.

«Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда Рақыш Сәтұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Өнегелі өмір» сериясының 49-шы шығарылымының тұсаукесері болды.



2014 жылдың 4 желтоқсан күні № 17 - студенттер үйінің акт залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған«Тәуелсіздік, тұр тапжылмай тағыңда»атты география және табиғатты пайдалану факультеті студенттерінің қатысуымен мерекелік шара өткізілді.

27.11.2014 жылы «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында химия және химиялық технология факультетінің 1 курс студенттерімен «Жер-Ананы аяла!» атты іс-шара өткізілді.



28.11.2014 жылы «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында химия және химиялық технология, экономика, физика факультеттері 1 курс студенттерінің қатысуымен«Дін мен дәстүр»деген тақырыпта Нұр-Мүбарак университетінің магистрі, исламтанушы Қуат Қабдолдамен кездесу өтті. 

18.11.2014 ж.«Мамандығым мақтанышым!» атты бірінші курс магистранттарының бірінші курс студенттерімен №17 жатақханада кездесу кеші өтті. Кездесу кеші эдвайзер С.Жусанбаеваның 1 курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтау сөзімен ашылды. Эдвайзер студенттерді 1 курс магистранттарымен таныстырып, өткізілгелі отырған ашық кураторлық сағаттың мақсат-міндеттерін айтып өтті


28.10. 2014 ж. "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында сағат 16.00-де 312 аудиторияда Бостандық ауданы Ішкі саясат басқармасы басшысы Әділет Нысанбаевпен"Жастар саясаты – болашақ кепілі"атты кездесу ұйымдастырылды.

   

 

 

 

Іс-шаралар атауы

Уақыты

Жауаптылар

1

«Тәуелсіздік, тұр тапжылмай тағыңда» атты мерекелік шара.  

2014 жыл 4 желтоқсан 

Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, Т.Меркібаев 

2

«Абайдың даналық сөздері – өнеге көздері» атты дөңгелек үстел. 

2014 жыл 4 желтоқсан 

Т.Сейдімханова 

3

«Дін мен дәстүр» деген тақырыпта Нұр-Мүбарак университетінің магистрі, исламтанушы Қ.Қабдолдамен кездесу. 

2014 жыл 28 қараша 

Л.Ермағамбетова, Б.Омарова, Г.Есжанова 

4

«Жер-Ананы аяла!» атты іс-шара.

 

2014 жыл 27 қараша 

Н.Егізбаева, Л.Ермағамбетова, Б.Омарова 

5

«Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби-сазды кеш. 

2014 жыл 25 қараша 

А.Салқынбай , Н.Егізбаева 

6

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты Ардагерлер үйінде болған қайырымдылық іс-шара. 

2014 жыл 24 қараша 

Ж.Сәткенова, Л.Әлімтаева, Б.Құлжанова, Д.Шакирова 

7

«Хан тәңірі мұзбалағы» атты әдеби-сазды кеш. 

2014 жыл 19 қараша 

Ғ.Иманалиева, А.Салқынбай, Л.Ермағамбетова, Г.Есжанова 

8

«Мамандығым мақтанышым!» атты бірінші курс магистранттарының бірінші курс студенттерімен кездесу кеші. 

2014 жыл 18 қараша 

С.Жусанбаева 

9

ГинекологА. Аубакированың «Жатыр мойын ауруларын алдын алу» атты семинары. 

2014 жы 18 қараша 

Т.Сейдімханова 

10

«Тоқта балам, атаң келед артыңнан» атты мерекелік кеш. 

2014 жыл 18 қараша 

Ғ.Иманалиева, С.Иманқұлова, Ш.Рамазанова 

11

"Жастар саясаты – болашақ кепілі" атты тақырыпта Бостандық ауданы Ішкі саясат басқармасы басшысы Әділет Нысанбаевпен кездесу. 

2014 жыл 28 қазан 

С.Иманқұлова, Ш.Рамазанова, Ж.Абдрахманова, Н.Егізбаева