№ 14 жатақханада өткен дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика кафедрасының күні

Өткен уақыты: 2010 жылдың ақпан айының 9 жұлдызы,сағат 19.00, № 14 жатақхананың оқу залында

Ұйымдастырушы: дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика кафедрасы

Қатысқандар: механика-математика факультетінің студенттері

1. Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика кафедрасының меңгерушісі, проф. М.Қ. Дауылбаев сөз сөйледі. Ол студенттерді кафедра тарихымен, ұжымымен және кафедраның ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттарымен, халықаралық байланыстарымен таныстырды. Баяндама бейнепроектордың көмегімен презентация түрінде көрсетілді.

2. Кафедра профессоры Ж.Сулейменов пен доценттер Қ.Секеев пен Т.Ж. Елдесбай студенттерге өз өмірлерінің қызықты студенттік шақтары, факультетте әр түрлі кезеңдерде қызмет жасаған математиктердің өмірбаяны, олардың университет ғылымының дамуына қосқан үлестері туралы әңгімелеп берді.

3. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.

4. «FANMATH CLUB» математикалық клубының жетекшісі, 3 курс студенті Абенов Нұрбол клубтың мақсаты, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Студенттердің бұл бастамасы кафедра оқытушыларының ойынан шығып, олар студенттерге бұл жұмыстарында көмек беретіндерін жеткізді. Кафедра докторанты Е. Алимжанов өзінің ғылыми-зерттеулері туралы студенттер алдында баяндама жасап беретін болды.

5. Кездесуге жиналғандар кафедра доценті Қ. Секеев пен 3 курс студенті М. Өмірбековтың орындауларындағы күйлерді тамашалады.