ҚазҰУ басшысы ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевпен жүздесті

04.11.2010

Көрулер: 2916

3 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақтелеком» АҚ, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевпен кездесу өтті. Кездесуге ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, факультет декандары қатысты.

«Қазақтелеком» АҚ қазіргі таңда қарқынды дамып келеді, мемлекеттік бағдарламалар жасалып, жақсарту шаралары да көзделіп отыр. ҚазҰУ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында әріптестік байланысты жүйелеу, ортақ бағдарлама жасап, байланыс түрлерінің студенттерге оқу барысында тиімді, ыңғайлы келетін тұстарын қарастыру керектігіне ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов баса назар аударуды ұсынды. Сондай-ақ, кездесу барысында қойылған сұрақтарға Қуанышбек Есекеев нақты әрі жан-жақты жауап берді.

- Мен ҚазҰУ түлегімін. Сондықтан, оқу орнына қолымнан келген көмекті көрсетуге дайынмын. Біздің компания болашақта телекоммуникация нарығында үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Мысалы, Ксеll, Altel байланыс желілерін айтсақ болады. Студенттер біздің компанияда байланыс пен экономика салалары бойынша өндірістік тәжірибелерден өтуге мүмкіндіктері бар. ТМД елдерімен салыстырсақ, біз халықаралық компаниялармен серіктес ретінде қызмет атқарамыз», - деді ол өз сөзінде.

«Қазақтелеком» АҚ бүгінде ақпарат алмасу саласында планшеттік модем орнатылған компьютер қолдануды ұсынып отыр. ҚазҰУ басшылығы өз тарапынан қажет бағдарлама жасап, студенттерге оңтайлы әдіспен іске қосуды қарастыратындығын айтты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі