Мультимемлекеттік TARGET жобасының презентациясы өтеді
08.12.201013 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия факультетінің Малахит залында қазақстандық оқу – орындарының студенттері, магистранттары докторанттары, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған Европалық комиссияның “Эрасмус Мундус” бағдарламасы аясындағы мультимемлекеттік TARGET жобасының презентациясы өткізіледі. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты Орталық Азия елдерінің жоғары білімі мен экономикалық дамуына қолдау көрсету және де өмірлік стандарттардың өсуіне жанама ықпал ету болып табылады.






