Жаңалықтар

ҚазҰУ-да мәжіліс депутаты Камал Бұрханов қонақта

29.11.2010

1 желтоқсанда сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің Бекмаханов оқу залында ҚР Парламенті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мәжіліс депутаты, с.ғ.д., профессор Камал Назымұлы Бұрханов студенттер қауымына «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астанада өтетін саммиттің қорытындысы» тақырыбында дәріс оқитын болады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша байқау өтеді

29.11.2010

1 желтоқсан күні ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдық мерейтойы аясында студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша байқау өтеді. Байқауды жалпы және этникалық педагогика кафедрасының аясында құрылған «ЛОГОС» студенттік ғылыми қоғамы ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ММУ-да қонақта болып қайтты

26.11.2010

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-да Халықаралық студенттік ұйымдар бірлестігінің V съезі және Гаудеамус жастар фестивалі өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар комитетінің жетекшісі Назира Болдурукова осы съездің басқарушы орталығына мүше болып сайланды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде жаңа аудитория ашылды

26.11.2010

15 жылдық мерейтойын атап жатқан халықаралық қатынастар факультеті бірқатар табыстарға қол жеткізді. Солардың қатарында факультет студенттері мен ұстаздары үшін аса маңызды сәттердің бірі «Қазақстан Республикасының дипломатиясы және сыртқы саясаты» аудиториясының ашылуы болды.

Ары қарай оқу >>

Жаңа бастамада жастардың үлесі зор

25.11.2010

Бүгінәл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов студент белсенділерімен кездесіп жастарды мазалап жүрген бірқатар мәселелерді талқылап алды. Кездесуге университет басшылары, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы мен факультет клубтарының мүшелері, оқу озаттары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ректор биология факультетінде болды

25.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы университет қызметкерлерімен етене танысу үшін әр факультетті тиянақты түрде аралап жүргенін хабарлаған болатынбыз. Ондағы мақсат – барлық факультет ұжымымен жан-жақты танысу ғана емес, факультеттердегі қордаланған мәселелерді тыңғылықты шешу және қасиетті қара шаңырақты ірі ғылыми зерттеу университетіне айналдыру барысындағы жұмыстарды түсіндіру. Осы орайда, 25 қарашада ректор биология факультетінде болып, факультет жұмысының қыр-сырына қанықты.

Биология факультеті - 1934 жылы негізі қаланған университеттің екі факультетінің бірі. Алғашқы жылдары факультетте ботаника және зоология деп аталатын 2 кафедра жұмыс істеп, онда барлығы 22 студент ғана білім алды. Келесі жылдары олардың саны артып, өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясы, дарвинизм және генетика, топырақтану, гидробиология және ихтиология, гистология және цитология, микробиология, биофизика, биохимия, табиғатты қорғау кафедралары ашылып, соған сәйкес білім алушылардың саны да артты. Әртүрлі кезеңдерде кафедралар қайта құрылып және осы уақытта 6 кафедра қызмет атқарады.

Факультет табалдырығын аттаған ректор Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы ғимаратта орналасқан мұражайда болып, факультеттің кафедралары және зертханалары жұмыстарымен мұқият танысты. Зертханаларда жүзеге асырылып жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарына ризашылығын білдірген ректор «Мұндай жасалып жатқан зерттеулер біздің білім орданы ірі ғылыми зерттеу университетіне айналдыру мақсатымызбен астасып жатыр. Енді осы жұмыстарға біз нарықтық көзқараспен қарап, оны өндіріске енгізу жағын ойластыруымыз керек» деді. Бұл мәселе факультет ұжымы қызметкерлерімен болған басқосуда да кеңінен талқыланды. Өз кезегінде биология факультетінің деканы Тамара Минажқызы факультетте атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жүзеге асырылатын жоспарлары туралы ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Әріптесіміз білім ордасына басшылыққа кетті

24.11.2010

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы осы оқу ордасында Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметін абыройлы атқарған Темірбеков Нұрлан Мұханұлын Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры қызметіне сәттілік тілеп, марапатпен шығарып салды. ҚазҰУ ректоры, университеттің проректорлары мен әкімшілік тарапы Нұрлан Мұханұлын университет ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.

ҚазҰУ-да Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарған Нұрлан Темірбеков университеттің, сондай-ақ, еліміздің ғылым кеңістігінің дамуына зор үлес қосты. Оның бастамасымен «Болашақтың ғылымы» атты халықаралық-тәжірибелік конгресс, республикалық, университетаралық бірнеше ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды.

Ғылым саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген Нұрлан Мұханұлы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін басқара отырып, еліміздің ғылым болашағын одан әрі ілгерілетіп, дамыта түсетіндігіне ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы сенім білдіреді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Темірбеков Нұрлан Мұханұлына әріптестік қолдау білдіріп, жаңа қызметіңізге табысты еңбек тілейді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры мен ICREMER делегациясының кездесуі өтті

24.11.2010

24 қарашада ҚазҰУ-дың Отырыс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов Акита университетінің (Жапония) профессоры Тошио Мизута бастаған Минералды және Энергетикалық Ресурстарды Зерттеу бойынша Халықаралық орталықтың (ICREMER) делегациясымен кездесті. Сонымен қатар, жапон делегациясының құрамын доктор Тсиуоши Адачи (ICREMER) мен доктор Нобуики Масуда (ICREMER) толықтырды. Меймандарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев, профессор Зұлқайыр Мансұров және биология, физика факультеттерінің декандары қарсы алды.

2009 жылдың 1 қазанында құрылған, сондай-ақ Акита университетінің жанында жұмыс істейтін Орталық Жапонияның ең үлкен архипелагы – Хонсю аралындағы Акита профинциясының астанасы Акита қаласында орналасқан. ICREMER ғылыми-зерттеу орталығы инженерия және энергетика салаларында жапондық, шетелдік студенттер мен магистранттарды оқытып, кәсіби мамандарды дайындаумен айналысады.

Орталықтың құрылу мақсаты Жапонияның шикізатпен қамтамасыз етуші Африка және Азия елдерімен достастық қатынастарын орнатуға бағытталған. Қазіргі уақытта орталық әлемнің 15-тен астам елдеріндегі ғылыми-зерттеу орталықтармен ынтымақтасуда.

Кездесуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның білім және ғылым орталықтары арасындағы, атап айтқанда ICREMER орталығымен әріптестік байланысты нығайту жұмыстары қаралды. Мәселен екіжақты маман алмасу, студенттер мен магистранттарды оқу тәжірибесіне жіберуге жол ашу сияқты өзекті мәселелер ескерілді.

- Біздің университет бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайын. Осы уақытқа дейін де Жапонияның бірнеше университеттерімен әріптестік қарым-қатынастамыз. Сіз арқылы ректорларыңызды бізге қонаққа шақырамын. Бүгінгі күні біздің университеттен алты маман Жапония университеттерінде біліктілігін арттыруда. Патент қорғалуы, интеллектуалды жекеменшік, лицензиялау жұмыстары бізді қызықтырады, осы жөнінде тәжірибе алмасуды қарастырсақ», - деді Ғалымқайыр Мұтанұлы.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

24.11.2010

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіндегі қылмыстық құқық және криминология кафедрасы мен қылмыстылықпен күресу проблемаларын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған «Қылмыстық саясат: XXI ғасырда қылмыстылықпен күресудің стратегиясы және тактикасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – ғалымдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлестірілген қылмыстық саясатты қалыптастыру мәселелеріне келесі бағыттар бойынша назарын аудару:

- криминологиялық саясат;

- қылмыстық-құқықтық саясат;

- қылмыстық-процессуалдық саясат;

- қылмыстық-атқару саясаты;

- жедел-іздестіру қызметі саласындағы саясат;

- әкімшілік-құқықтық саясат.

Ғылыми форум кезінде қолданыстағы заңнаманы және қылмыстық саясатты ізгілендіру немесе оның мақсаттарын тиімді жүзеге асыру тенденцияларын ескере отырып, қылмыстылыққа қарсы іс-әрекет аясында құқық қолданушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру жоспарланады:

- стратегиялық - қоғамның нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тактикалық - қылмыстылықты тежеу және оны әлеуметтік қолайлы деңгейде ұстап тұру.

Конференцияның жұмысына ҚР және шет мемлекеттердің маман-сарапшылары, белгілі ғалым-заңгерлер, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен өкілдері: ҚР Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің Төрағасы Б.М. Имашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Р.Ж. Мұқашев, ҚР Әділет министрі Р.Т. Түсіпбеков, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов, ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә. Мәми, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.Ә. Әбіқаев, ҚР Ішкі істер министрі С.Н. Баймағанбетов, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы М.Т. Әлімбеков, ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов және т.б. қатысады деп күтілуде.

Ары қарай оқу >>