Республикалық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өз мәресіне жетті
14.03.20112011жылдың 12 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ХІІІ Республикалық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті.
Бұл сайыстың ұйымдастырушылары - Қазақстандағы Жапония елшілігі, Қазақстандағы жапон тілі оқытушыларының ассоциациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жапонтану кафедрасы. Жапонияда болған жойқын жерсілкінісіне қарамастан, Жапония елшілігі сайыстың өткізу күнін өзгертпестен, солбелгіленген күні өткізуді жөн санады. Өйткені бұл сайыстың жапон тілін меңгеру үшін, біздің мемлекетіміздегі жапон тілінің дамуына, екі ел арасындағы байланыстың нығаюына қосатын үлесі зор.